Назар аударыңыз! Майлы ерітінділерді енгізген кезде иненің қан тамырларға түспегендігіне көз жеткізу үшін, поршеньді тартып қарау керек. Егер қан көрінсе, инені суырып алып, басқа залалсыздандырылған инемен ауыстырып, 4-ші әрекеттен бастап жалғастыру қажет.
Дәрілік затты жіберу үшін сол қолыңыздың бас бармағымен поршеньді енгізіңіз.
Назар аударыңыз!Тіндерді жарақаттамас үшін қолыңызды ауыстырмағаныңыз жөн.
Залалсыздандырылған мақтаны егу жасаған жерге қойып тұрып, инені канюлясынан ұстап тұрып, тез қимылмен суырып алыңыз.
Көк тамырға инъекция жасау Мақсаты: қан жүретін арнаға дәрілік ерітінділерді енгізу
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы бойынша
Жабдықтау:
Сыйымдылығы 10 немесе 20 мл бір реттік шприц, иненің ұзындығы 40 мм, кесіндісі 0,8 мм (0840);
4 қабатты бөз матадан жасалған салфеткамен жабылған лоток, пинцет (залалсыздандырылған салфеткалар бірінші қабатында, пинцетті екінші қабатына орналастырыңыз);
Дәрілік зат, 70% спирт, мақта шариктері, бұрау, клеенкалы жастықша, қолғаптар;
Дез.ерітінділері бар сыйымдылықтар.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Дәрілік зат туралы науқасқа қажетті ақпаратты беріңіз.
Қолыңызды ағынды сумен сабындап жуыңыз, залалсыздандырылған сүлгімен сүртіп құрғатыңыз, спиртке батырылған екі мақта шаригімен өңдеңіз, біреуімен саусақтар мен алақанды, екіншімен қолыңыздың сыртқы жағын.
Екі ине дайындаңыз (біреуі дәріні сорып алу үшін, екіншісі тамырды тесуі үшін);
Дәрілік заттағы жазуды, мөлшерін оқыңыз, дәріні сорып алыңыз. Аз мөлшердегі дәрілік заттарды қолданғанда (мысалы жүрек гликозидтері – 0,1-0,5 мл дейінгі), оларға еріткіш ерітінділерді 20-40% глюкоза ертіндісі, изотоникалық ерітінді, инъекцияға арналған су пайдаланады. Жақсы араласуы үшін, алдымен жүрек гликозидтерін сорып алыңыз содан кейін сұйылтқыш ерітінділерді.
Науқастың шынтағының астына клеенкалы жастықшаны қою қажет. Науқастың иығына резеңке бұрауды байлаңыз (шынтақ иінінен 5 см жоғары, салфетканың үстіне). Бұл кезде білек артериясының соғуы өзгермеуі керек. Байлаған резеңке бұраудан төменгі жеріндегі терісі қызарып, көк тамыр іседі. Егер де білек артериясында пульстің толуы азайса, резеңке бұрауды кішкене босатып байлау керек, егер де көк тамыр саусақтарға шамалы сезілсе, қолы қызармаса, резеңке бұрауды қаттырақ қысып байлау қажет.
Қолғапты спиртпен өңдеңіз.
Науқастың жұдырығын бірнеше рет ашып-жұмуын сұрап, сонымен бірге егу жасайтын жерін спиртке малынған бірінші мақта шаригімен сүртіңіз.
Шприцті оң қолыңызға ұстап, иненің өткізгіштігін және шприцтің ішінде ауа жоғын тексеріңіз.
Егу жасайтын жерді екінші мақта шаригімен өңдеңіз.
Көк тамыр қозғалмау үшін сол қолмен шынтақ иінінің терісін тартып ұстаңыз. Емделушіні жұдырығын жұмуын сұраңыз.
Қолдаағы шприцтің қалпын өзгертпей, иненің кесіндісін үстіне қаратып, шприцті теріге қатар ұстап,инені 1/3 ұзындығына дейін енгіземіз, сосын "қуысқа түскенін" сезгенше абайлап көк тамырды тесеміз.
Поршеньді өзіңізге қарай тартып, ине көк тамырға түскенін тексеріңіз, түскен кезде шприцтің ішіне қан барады.
Бос жағын өзіңізге қарай тартып, резеңке бұрауды босатыңыз, науқастан жұдырығын ашуын сұраңыз.
Шприцтің күйін өзгертпей, шприцтің ішінде 1 мл дәрі қалғанша, сол қолмен поршеньді басып, ақырын дәріні жіберіңіз.
Егу жасаған жеріне залалсыздандырылған, спиртке малынған үшінші мақта шаригін басып, инені шығарып алыңыз. Науқастан шынтағын бүгуін сұраңыз (спирттелген мақтаны 5 минутқа қалдырып, содан кейін ҚКЖҚ-на салу керек.