Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет71/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Қарсы көрсетімдер: қансырау, тері аурулары, (пиодермия, теміреткі), кеуде жасушаларының күйігі, жіті жүрек жетіспеушілігі
Жабдықтау: залалсыздандырылған: мақта шариктері, марлі салфеткалары, сыйымдылығы 5,10,20 мл шприцтер, 0,5 % новокаин ерітіндісі, 5% спирттегі йод ерітіндісі, 70% спирт, қысқыш, клеол, лейкопластырь, кеуде клеткасының 2 рентгенограммасы, плевралды сұйықтыққа залалсыздандырылған ыдыс, зертханаға жолдама, анафилактикалық шок кезінде көмекке арналған жиынтық, қолғаптар, ҚКЖҚ.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
1) емделушіге пункция жасаудың алдында өткізу керектігін түсіндіріп және оның қауіпсіздігін айтып психологиялық дайындық жүргізіледі.
2) Манипуляцияға 20-30 минут қалғанда,тері астына 1мл-2 % промедол ерітіндісін енгізуге болады.
Пункция жасау кезіндегі емделушінің жағдайы:
Науқасты беліне дейін шешіндеріп орындыққа отырғызады,бетін орындықтың арқасына қарату керек және қолдарын кеудесінің алдына айқастырып орындықтың арқасына қояды. Емделушіге жайлы болу үшін орындықтың арқасына жастықшы қоюға болады. Кейбір жағдайда пункция жасайтын жақтағы қолын емделуші басына немесе қарсыдағы иығына қою керек. Егер жағдайы отыруға жарамаса, пункцияны науқасты жатқызып жасауға болады.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Пункция орнын (жиі VII-VIII қабырға аралығы 96% спиртпен немесе құрамында йоды бар препарпттармен және спиртпен) екі рет және залалсызданған таңу заттарымен (жайма немесе салфеткалармен) шектейді.
2. Пункция орнына 0,25%-0,5% новокаинмен анестезия жасайды.
3. 7-10 см шетіндегі канюлясы бар резеңке түтікпен жалғанған және қысқышпен қысылған инемен қабырғаның жоғарғы шетімен тесік жасайды.Иненің плевралдық қуысқа кіргені қуысқа кірген боп сезіледі 4.Резеңке түтіктегі канюланы 20мл шприцпен жалғап және қысқышты түтіктен алып,тез арада плевра қуысынан сұйықтықты алады.
5.Шприцті толтырған кезде,шприцті айырар алдында резеңке түтікке қысқыш қояды.
6.Шприцтің ішіндегі зерттеуін алып затты залалсызданған пробиркаға немесе лотокқа құяды.
7.Шприцті резеңке түтікпен жалғап, және қышқышты алып сұйықтықты соруды жалғастырады.
8.Пункция жасаудың соңында және алған соң пункция орнын құрамына йоды бар препаратпен өңдейді. Залалсызданған дәке шарикпен немесе салфеткамен жауып пластырь жабыстырады.

  1. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  2. Қолданылған бір реттік шприцтер, қолғаптар, мақта шариктері, салфеткаларды ҚКЖҚ салыңыз, пункцияға арналған инені дез.ерітіндіге салыңыз.

  3. Науқасты жалпы жағдайын, таңғышын бақылап, пульсін есептеп, АҚ өлшеңіз.

  4. Науқасты каталкаға екпетінен жатқызып палатаға тасымалдаңыз.

  5. Науқасты манипуляциядан кейін 2 сағат міндетті түрде төсек тәртібін сақтауын қадағалаңыз.

  6. Алынған биологиялық материалды тексеру үшін жолдамамен зертханаға жеткізіңіз.

Ескерту:

  • Плевралды қуыстан бір уақытта 1 л көп сұйықтық алған жағдайда науқаста коллапс даму қауіпі бар;

  • Алынған биологиялық материал сол мезетте зертханаға жеткізілуі тиіс, себебі құрамындағы ферменттер мен жасушалық элементтер өзгеріп кетуі мүмкін;

  • Ине плевралды қуысқа түскенде ине бір бос кеңістікте орналасқандай сезіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет