Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет67/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   118
Назар аударыңыз! Инъекция орнына 70% спиртке малынған 3-ші мақта шаригі пайдаланылады.

  1. Мақта шаригін марлімен байлап бекітіп, науқастан шынтағын 5-6 мин бүгіп ұстауын сұраңыз. Бұл жағдай тері асты гематомасының алдын алу үшін жасалады.

  2. Иненің қақпағын кигізіңіз, жүйені штативке іліңіз.

  3. Жүйені инесімен ҚКЖҚ салыңыз.

  4. 5-6 минуттан кейін науқастан инъекция орнын басқан мақта шаригін алыңыз.

Назар аударыңыз! Қанмен ластанған мақта шаригін науқастың қасына қалдыруға болмайды. Тез арада пайдаланылған мақта шариктері ҚКЖҚ салу керек!

  1. Қолғапты шешіңіз.

  2. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  3. Науқастың жағдайын бақылаңыз. 2 сағатқа дейін төсекте болуына кеңес беріңіз.

  4. Емшараның өткізілгендігі және науқастың емшараға әсері жөнінде тіркеп жазыңыз.



Егулерден кейін болатын асқынулар
I . Асқыну: инфильтрат (қатаю)
Асқынудың белгілері: егу жасаған жерінің қатаюы, ауырсынуы.
Асқынудың себептері:

  1. егу жасау техникасын сақтамағанда, (бұлшық етке қысқа инемен егуді жасағанда, өткір емес инелерді қолданғанда);

  2. май ерітінділерді жылытпай енгізгенде;

  3. бір жерге инъекцияларды көп жасағанда.

Асқынудың алдын-алу: асқынуды туғызатын себептерді жою.
Асқынуды емдеу: қыздыру компресі, инфильтрат болған жеріне жылытқышты қою.
ЕСКЕРТУ: инфекция қосылған жағдайда (асептика ережелерін бұзғанда) инфильтрат іріңдеп, абсцесс болуы мүмкін.
II. Асқыну: абсцесс (жұмсақ ұлпалардың іріңді қабынуы, қуыс пайда болып, оның ішіне ірің жиналады)
Асқынудың белгілері: сол жері қызарады, тығызданады,ауырсынады. Денесінің және қабынған жерінің қызуы көтеріледі.
Асқынудың себептері: инфильтрат туғызатын себептеріне ережелерді бұзған жағдайда жұмсақ ұлпаларына инфекция қосылу.
Асқынудың алдын-алу: инфильтратты және абсцессті туғызатын себептерді жою.
Асқынуды емдеу: хирургиялың жолмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет