Қуықты жуу Мақсаты: қуықтың қабыну ауруларына ем жүргізуде, ірің мен ұсақ тастарды механикалық әдіспен алу, зәр шығару жүйесін эндоскопиялық тексеру алдынан.
Дайындаңыз: науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал жабдықтар, қуықты жуу үшін 37 0 С дейін жылытылған антисептикалық ерітінділер (фурациллин ерітіндісі немесе калий перманганаттың әлсіз ерітіндісі), Жане шприці, дез.ерітінді бар ыдыс, ҚКЖҚ.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты шалқасынан жатқызып, тізесін бүгіп, шат аралығын кеңірек ашып жатқызыңыз.
Астына клеенка, оның үстінен жаялық төсеңіз, дәретсауытын қойыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, қолыңызды 70% спиртке малынған мақта шариктерімен, тырнақтарыңызды 1% йодтың спирттегі ертіндісімен өңдеңіз де қолғапты киіңіз.
Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (стандартқа қараңыз).
Катетерлерді залалсыздандыру Катетерлерді қолданғаннан кейін залалсыздандыру алдындағы өңдеудің бірінші үш кезеңінен өткізеді, содан соң ОЗБ тапсырады. Залалсыздандыру тәртібі: 1,1 атм(автоклавта), 120°С, 45 минут ұстайды.