Вакутайнерге (BD Vacutainer) қан жинау жүйесінің қауіпсіздігі медқызметкердің қорғаныштығын және жиналған материалдың сапалылығын қамтамасыз етеді
Пробиркалардың әр түсті кодтармен әртүрлілігі және реактивтердің санының анықтылығы әртүлі қорытындыларда қолдануға ыңғайлы.
Вакутайнер (BD Vacutainer) қан жинауға арналған пробиркаларда арнайы этикеткалары бар, оған тек реттік номерін жазып қана қоймай, науқастың А.Ж.Т. мен ЕАМ атауы жазылады.
Серологиялық зерттеу үшін бөлінгіш гелі бар пробиркалар қолданады, жасалатын сынама мен центрифугадан кейінгі қоймалжыңның арасында барьер пайда болады.
Жалпы клиникалық анализге қақырық алу Мақсаты: қақырықты зерттеуге алу
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: Таза,құрғақ шыны ыдыс,жолдама
Науқасқа нұсқау: " Сізден, зерттеу үшін таңертеңгі қақырық алу қажет, сағат 8.00 – де тісіңізді жуыңыз және аузыңызды жылы сумен шайыңыз, содан бірнеше рет терең тыныс алып, қақырықты мына шыны ыдысқа түкіріңіз, барлығы 3 – 5 мл қақырығы бар ыдысты жауып, санитарлық бөлмеге әдейі арналған жәшікке қойыңыз".
ЕСКЕРТУ: Егер науқас тісін жуғанда қызыл еті қанаса, тісті жумау керек. Аузын фурациллинмен , сода, таза сумен шаю керек.