Диастазаға зәр жинау Мақсаты : Ұйқы безінің қызметін анықтау
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: : таза құрғақ 250 мл банка,жолдама
Бөлімшенің № бөлменің №
Жолдама Клиникалық зертханаға
Диастазға зәр анализі
А.Ж.Т. Асанов А.А.
Күні қолы м/б
Науқасқа нұсқау: « Сіз, зәр анализін беруіңіз керек. Ертең,таңертеңгі сағат 8.00 – де мұқият дәретке барыңыз,содан соң банкаға 50 – 80 мл ортаңғы зәрдің бөлігін алыңыз. Банканы тығынмен жауып постағы мейірбикеге беріңіз».
ЕСКЕРТУ:Есіңізде болсын: зертханаға зәр жылы және жаңа шыққан күйде жеткізілуі тиіс.
Зимницкий бойынша зәр жинау Мақсаты: бүйректің концентрациялы қабілетін анықтау
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: Этикеткасы бар 250 мм 8 таза, құрғақ банка
Есіңізде болсын! Міндетті түрде зәрдің мөлшері, жинау уақыты нөмірмен белгіленеді:
N1. 6.00- 9.00сағ.
N2. 9.00-12.00сағ.
N3, 12.00-15.00сағ.
N4, 15.00-18.00сағ.
N5 18.00-21.00сағ.
N6. 21.00-24.00сағ.
N7. 24.00- 3.00сағ.
N8. 3.00- 6.00сағ.
Мысалы: N бөлімше N бөлме
Жолдама Клиникалық зертханаға
Зимницкий бойынша зәр анализі
N 1 - 6.00-9.00
А.Ж.Т. Асанов А.А.
Күні қолы м/б
Науқасқа нұсқау:"Сіз зерттеу үшін зәріңізді жинаңыз.Зәр тәулік бойы күнделікті тамақтану тәртібі бойынша жиналады,таңертеңгі сағат 6.00 –де унитазға дәретке отырасыз. Содан кейін зәрді кезекпен 8 банкаға әрбір 3 сағат сайын ауыстырып отырасыз.Түнде зәрді алу үшін сізді оятамын. Этикетканы дұрыс оқыңыз. Егер 3 сағат ішінде зәр болмаса банканы бос қалдырасыз. Егер банка жетпей қалса тағы бір банканы алып, оған сол банканың нөмірін жазасыз. Банкалар санитарлық бөлмеде тұрады"
ЕСКЕРТУ: Дәрігер зәр препараттарын бір күн бұрын тексеруге дейін тоқтатады.