Алимбаев аслан есемканович


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТІР ТІЗІМІ



бет3/23
Дата02.03.2022
өлшемі263,17 Kb.
#26879
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
alimbaeva-a-e-phd-povtorno

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТІР ТІЗІМІ...............................................

98


АНЫҚТАМАЛАР
Диссертацияда төмендегідей анықтамаларға сәйкес терминдер пайдаланылған:

Аңыз – бір мекеннің, жергілікті жердің, я болмаса бір елдің, тайпаның, рудың ауызекі шежіресі (устная хроника), бір аймақта болған оқиғаның әңгімесі.

Әбілхаят – мәңгі өмір дарытатын қасиетті су. Мұндағы әб – су, хаят – өмір деген мағынаны білдіреді.

Әпсана – кейде ертеде болған, немесе ойдан шығарылған бір оқиғаны көркемдей баяндайтын шығарма.

Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ.

Классификация (лат. classis – санат, класс, facio – жасау) – нысандардың ұқсастық белгілеріне қарай элементтерге, яғни топтарға, кластарға, позицияларға, түрлерге бөлінуі.

Магия (лат. magia, грек. μαγεία – сиқыршылық) – алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке дара немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды.

Мәңгілік Ел – көне түркілердің монифесі, ұлттық идеология.

Миф (грек. мythos – аңыз, logos – ілім) – әлемдік мифология ауқымынан шықпайтын, тіпті типологиялық сипаты мен оған сәйкес келетін дүниенің, жаратылыстың әр түрлі құбылыстары мен нысандарының пайда болуын, аспан мен жердің жаратылуын, адамзаттың алғаш қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп баяндайтын прозалық шығармалар.

Мифология – адамдардың жаратылыс туралы түсінігіне негізделген мифтердің жиынтығы; мифтердің шығуын, мазмұнын, таралуын зерттейтін ғылым.

Мотив (фр. мotif, нем. мotiv, лат. moveo – қозғаймын) – сюжет формуласын құрайтын, оның дамуына қозғаушы күш болатын баяндау бірлігі.

Образ – шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған әдеби қаһарман бейнесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет