Қалымбек Аян Советұлы



бет6/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#12216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
мөлдір бұлақ 2018

Данагүл Исағұлқызы -

1997 жылы 18 - қазанда Моңғолияның Баян - Өлгей аймағы, Өлгей қаласында дүниеге келген. Топтама өлеңдері «Өтүкен», «Тұмар», «Шұғыла» журналдары мен түрлі мерзімді басылымдарда жарық көрген. Өскемен қаласындағы «Шабыт» ақындар мектебінің мүшесі. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті.


Кешір мені
Күз маған кеткен күннен суыт қарап,

Өзекке өксік алды жұмыртқалап.

Сарғайып, желге ұшқан жапырақтай,

Менің де әл-дәрменім құрып барад.


Сол бір Күз неге келді өміріме,

Жүрегіме үзілмес үміт қадап.

Көктем қайта келе ме? Шаршап кеттім,

Өтірік біреулерге күліп қарап.


Көктем қайта келеді көңілденіп,

Қулығына қаламын жеңіл көніп.

Көктем, Көктем, мен сені ұнатпаймын!

Бақытты болу үшін өмірде нық.


Жабыққан көңілімді елеп келіп

Жатырсың, мұның бірақ желөкпелік.

Мен сені қаламаймын шыныменен,

Жатпасам да сол Күзбен теңеп көріп.


Үңіліп өткеніме, жазаламай,

Кім менің жан дертімді жазады оңай?!

Отырғанда бақытты Күзімді аңсап,

Көктем, сен қоя тұршы мазаламай!..


Уақыттың Күз-керуен көшіндегі,

Еледің екен тағы несін мені?!

Мен сені қаламаймын! Өтінемін!

Көктем-ау, кешір мені!


* * *
Күз Көктемнен жеріді, жуытпады.

Алма кезек айлары туып тағы.

Күз кеткелі, Көктемге өң кірмеді,

Суық бәрі.


Күз Көктемнен біршама жырақтады,

Жапырағы үздіксіз құлап тағы.

Ол кеткенде, қалды тек жетімсіреп,

Жылап бағы.


Тәңір Күз бен Көктемді жолықтырып,

Сарғайған сары бақта солыпты үміт.

Көктем бүгін Күзге бақ тіледі тек,

Тоңып тұрып.


Әлденеден күткенмен тосын жайды.

Сосын бақыт, сосын мұң, сосын қайғы...

Бір-бірін сағынса да жеріп-қашып,

Күз бен Көктем ешқашан қосылмайды!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет