Қалымбек Аян Советұлы



бет14/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#12216
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69
Тасқын Болатұлы -

1998 жылы 16-ақпанда, Тарбағатай ауданы Шолақорда ауылында туған. Облыстық «Дидар» газетінің тілшісі. Өлеңдері «Суырлының сұлу саздары», «Арғанатым – ар қанатым» жыр жинақтарына енген. Баспасөз беттерінде жарық көрген.

Журналистика мамандығының 4-курс студенті.
Мөлдір
Сабау кірпік, тостаған көз күн шығып,

Бөленеді шұғылаға тіршілік.

Нұр-шуағын ортақ төгіп тұрғанмен

Жетер жерге жетпей қалар қырсығып.


Күннің нұры түскен емес жүрекке,

Түскен емес!

Оның орны түнекте.

Оның күні, оның жарық сәулесі

Мейірімде, махаббат пен тілекте.
Сол бір сәуле кеткен екен сенімен,

Айларменен керуен де керуен.

Ай-хой, Мөлдір, тыңдар болсаң жырымды,

Оңашада емірен де тебірен.


...Ай-хой, Мөлдір, жұмыр етте қалдың-ақ...

Мөлдірейді екі көзің жаудырап.

Тоғыспайды-ау тарамдалған жолымыз,

Тарамыстай бір тылсым күш бар бірақ.


Жанымды ұқса, бір ұғатын өзің деп,

Саған қарай жүрдім сыңарезулеп.

Тағдырға да қарсы жүр деп сен айттың,

Сен айттың ғой тыныштықтан безін деп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет