Қалымбек Аян Советұлы



бет9/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#12216
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69
Байланысты:
мөлдір бұлақ 2018

Наз
І

Жарымас ек, махаббатқа күндіз түк,


Мына әлемді жаратса егер Түнсіз ғып.
Сенің осал жерің еді - өкпелеу,
Менің осал жерім еді - үнсіздік.
Үнсіз қалу - өзіңді өзің мүсіркеу.
Сенің өкпең - қара қазан іші үлкен.
Менің жиі сұрайтыным - кешірім,
Бұдан сенің болып па еді, күшің кем?!
Үйлеспейтін мінезді едік, мүлде бір.
Алданушы ем, сен ұсынған гүлге құр.
Маған серік деуші едім ғой таңды алтын,
Бұл күндері мұңаяды бірге іңір.
Менің сенен қалайтыным - өкіну -
Бірі қолдан жасай алмас екінің.
Сенің менен қалайтының - қашықтық -
Көзден таса бола тұру жеті күн.
Не болса да, бұл сәттердің өтеуі.
Саған деген өкпе-назым жетеді,
Көрінбесең екен енді маңымнан,
Көзден кеткен көңілден де кетеді!..
ІІ

Маған тек өкпелеген сәт ұнайды.


Ілескен көлеңкемнің аты - қайғы,
Соншама ұнай тұра, бірге өткізген,
Ол сәттер бір минутқа татымайды!
Саған да керегі сол - кері кету.
Ашуға өкпе-мұңды серік ету.
Маған ең ұнайтыны - іштей тыну,
Өз өкпемнің өзіме желігі өту.
Көп болды, тартпай кеттік аттың басын,
Мазасыз ауыр ойға баттың ба, шын?
Мен болсам өз айламды асырамын,
Білгендей, дәл осындай сәт тумасын!
Сен,
Сен болсаң, мұң шағасың достарыңа,
Әр нәрсенің үңілмей астарына.
Мен болсам, жалғыз қалам, жабығамын,
Өзімді айналдырып қас жауыма!
Мен,
Мен осы неғып жүрмін өміріңде?
Онсыз да Арым күнде жеңілуде...
Мен сенен өтінемін, бұдан былай,
Ойламай кетсең екен мені мүлде!..

* * *
Сені ойлауды көңіл қалай оңғарсын?


Мені сен де еш көрместей болғансың.
Сенен үміт күткен күнді жек көрем,
Сен туралы армандар да алдамшы!
Сені ойламау - мұңлы сәтті шақыру,
Сезім менен қуаныштан мақұрым.
Мені өзің бастап алып бақытқа,
Сорға әкеліп таңып кеттің ақыры...
Қала бердім, бұғауында сор-күннің,
Ол да талай үмітімді қор қылды.
Саған айтар өкпем ауыр болған соң,
Жылай-жылай жанарым да болдырды.
Түк қалмады ми мекендер әлемде,
Батып кеттім түнек-түнге тереңдеу.
Жүрегімнің сөйлеуге әлі келсе егер,
Ендігі оның ең соңғы ойы - өлем деу.
* * *
Сен тағдырға бетпе-бет жолыққасын,

Мен де ешқашан көрмедім шалыс басып.

Кеше мені қыдыртқан көшелерде,

Өзге жандар барады қол ұстасып.

Билеттің де қойдың ғой көз алдыма,

Сәттерімді тек сені кінәлаған.

Менің мұңды құшуым өз алдына,

Әйтпесе бір өкініп жыламағам.


Бір демеу болар күнін қимай жүрген,

Дүние - құр пейілдей салдыр-гүлдір.

Өзіне өзі кейде симай жүрген,

Сен қалай түсінесің тағдырды бұл?


Бұл тағдыр - сенің аппақ пейілдерің.

Қалайтын бұлт-ойлардың сейілгенін.

Мен сені әлдеқашан ұмытқанмын,

Мазамды алып жүрме кейін менің!


* * *
Кеттік мүлде біз енді қол алыспай,

Күндерім де көңілді нала құшпай.

Бір әңгіме шеңберін көп айналдық,

Жалғыздыққа апарар жол алыстай.


Жасаған соң бірінші ақыл адым,

Мен өзімді сыртымнан бақыладым.

Жолымызды біз жүрген жасырмақ боп,

Күз төгеді моншақтап жапырағын.


Қалмады ғой жасырар енді ештеңем.

Мұңлы күй де қалмады мен кешпеген.


Сорым баққа айналып, күзбен бірге,

Биыл бұлай өзгеріп келмес деп ем.


Биыл күз де қарайды өңін беріп,

Биыл біз де сезімнен жеңілмедік.

Өмір келіп алмасын мазамызды,

Жанымызды алғанша өлім келіп.


* * *
Әлдеқашан кешірген Көктем мені,

Жанымнан жылы қарап өткенде өңі.

Мен оны жолатпадым, алыс кетіп.

Ол маған кектенбеді.


Жиылып жанарына кілең мұңы.

Жылайды кейде жассыз, білем мұны.

Көрініп жат ортаға бақытты боп,

Ол мүмкін ренжіді.


Ол Күзді құрметтейді, сосын мені.

Көңлімде биыл бақтың көші ілгері.

Жаныма жаққаны шын, сезімдердің,

Мерейін өсіргені.


Күз келген күннен бері уақытқа еріп,

Жүзімнен жақсылар жүр бақыт көріп.

Орнағандай жүректің мұңнан ада,

Төріне бақыт келіп.


Нендей күйді кешпедім, біразы – мұң.

Кейде қатты қуанып, құлазыдым.

Күзді жақсы көремін. Көктем, саған

Разымын!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет