Қалымбек Аян Советұлы



бет8/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#12216
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69
Байланысты:
мөлдір бұлақ 2018

Соңғы қар
Қар жауып тұр...
Соңғы қар.
Мені ғана жылытып, өзгелерді тоңдырар.
Сен кеткенсің маңымнан көрінуді жат көріп,
Мен де кетем. Көзіңе көрінбеймін болды ма?
Бұл қалаға келгелі жатбауырмын әркімге.
Тасбауырмын, сондағы ұстанатын салтым не?
Сенсіз келген Көктемге, Сені әкеткен Күзге де,
Көз ілмеген сені ойлап, қарғыс айттым бар түнге.
Мен жыласам, өзімді мүсіркеймін, жек көріп.
Қаламаймын алдыңда жанның азап шеккенін.
Сұрай берме сондықтан көз жасымның себебін,
Түсірмеші алдымда беделіңді көп-көрім!
Жоламастай болып ең маған қолды сілтеп мың.
Содан бері ұяңмын, әр нәрседен үркекпін.
Сен бар жерде қысылып, өзегімді мұң тіліп,
Сезімімді ең адал құлқыныма күлкі еттім.
Қоштасу да бұл күні әппақ мұңмен қиын, е!..
Сенсіз келген Көктемнің берер енді сыйы не?!
...Біреу кетіп барады, бір бақытқа асығып,
Қу тізесін құшақтап, біреу отыр күйіне...

Сенің дағы үмітің желе-желе болдырар.


Бұл тағдырдың түрі жоқ екеумізді оңдырар.
Өзгелерді жылытып, меніменен қоштасып,
Қар жауып тұр. Соңғы қар...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет