Қалымбек Аян Советұлы



бет28/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69
Байланысты:
olender

Мойылдың гүлі ақшақар

(Сергей Есениннен аударма)
Мойылдың ақ гүлі шашылды,

Көк шөпте тұнып тұр таңғы шық.

Егінде көк ұзақ қарғалар

Ұшады бір-бірін аңдысып.


Көк майса – самалмен тербеліп,

Қарағай сағызы аңқиды.

Көкжелек шалғынға қарасам –

Көктемнен жан-денем балқиды.


«Кемпірдің қосағы» кеудеме

Бір жұмбақ енгізді жасырын.

Тек қана жарымды ойлаумен

Ыңылдап ән айтам ақырын.


Мойыл, сен гүліңді төге бер,

Орманда құстар да сайрасын.

Масаты кілемдей құлпырып

Сай-сала түгелдей жайнасын.


Жан күйі...
Жанымның жараларын жамап келем,

Достарым аз ба, көп пе – санап көрем.

Шер тарқатар бір жолдас таппағанда

Дос болып кеткім келед арақпенен.


Бұл күнде маған бәрі алабөтен,

Көңілім жатырқағыш балаға тең,

Құлазыған сәттерде сырыңды ашар

Жан досыңның жоқтығы жаман екен.


Көңілсіздік тұрса да қабағымда,

Бір жалын ұшқындайды жанарымда.

Ойымның тереңіне батып кетем

Қолыма домбырамды аламын да...


Мен – Ұлтшылмын!
Мен – Ұлтшылмын! Ұлтшыл болған бабам да,

Тулақ болып қалмау үшін табанда.

Сырын беріп алдырмаған наданға,

Өр намысты ұлдары мен қыздары

Құл, күң болып өтпеу үшін жаманға.
Ал бүгінде қазақ кетсе өзгеріп,

Қалай ғана өкпелеймін заманға?!

Ұлтшылдықты ұқтыра алмай келемін

Әлі құлдық санадағы қоғамға,

Тарихымды, өткенімді ойласам –

Ата кегі жарқ етеді санамда.

Уәде берем: дәл өзімдей күні ертең

Ұлтшыл болар бауырым да, балам да.


Мендегінің бәрі жалған деседі,

Десе десін. Ол күншілдің өсегі,

Арғымақтар қалып қойған тасада

Озбырлардың озып жүр ғой есегі.

Ғұмырымның қандай түсте боларын

Жаратушы Алла ғана шешеді,

Менің жолым – бір соқпақтың сүрлеуі

Алаштықтар жүріп өткен кешегі.


Мен – Ұлтшылмын, оны айтудан қорықпан,

Нар тәуекел – істің басы, соны ұққам.

Қазағыма жаман айдар таққызбай

Дұспанымды таптап өтем жолыққан.


Ер жігітпін, талай мәрте құлағам,

Кездерімді көрсетпедім жылаған.

Қыңыр кісі бір жақ болса – мен солмын

Ащы шындық қай адамға ұнаған?!

Қынжыларым: осы жасқа келгенше

Жанымды ұғар табылмады бір адам.


Мен – Ұлтшылмын. Мақтанбаймын ол үшін,

Момындарға беріп келем қол ұшын,

Тілді сақтау, салт-дәстүрді қастерлеу –

Ата-баба алдындағы борышым,



Ағыстарға қарсы жүзем сол үшін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет