Қалымбек Аян Советұлы



бет25/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69
Серік Ғабдуллаұлына
Тарқатсақ біз тағыдырынан түнге шер,

Айыртаудан керуен-керуен жыр көшер.

Сағынышқа орасақ кеп бәйітін,

Алтай жақтан көне мұңның лебі есер.


Бар болмысы - табиғаттың тылсымынан жасалған,

Сағынышын өлең толы сары күзден баса алған.

Оның қатпар тағдыры мен тарихы,

Айыртаудың санасына қашалған.


Тау мен тасы өлең болған жерінің,

Тылсымына арттырады сенімін.

Сағыныштың өлең қонар түндері,

Күтіп жатыр оралар деп серігің.


Сағыныштан өлең жауған сол кештер,

Тағыдырының тылсымына үлескер.

Ақынның сол бейітіне барсаңыз,

Айыртаудан бәйіттері елестер.....



Қалымбек Аян -

1997 жылы 30 – мамырда ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкжота ауылында туған. 2005–2009 жылдар аралығында тырнақ алды туындылары аудандық «Жұлдыз» журналында жарияланып тұрды.

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті.
Шығысым
Шығыс жері әрдайым да есімде,

Көркем оның рауан таңы, кеші де.

Тулап жатқан толқынымен Ертіске

Көз тоймастан қараймын мен тесіле.


Даласында Шығысымның керемет,

Құлагердей шауып жүрем көсіле.

Алтай менен Тарбағатай тауынан

Салқын самал тұрады әркез есіле.

Катон менен Алакөл бар біз жақта

Сән беретін шуақты ай кешіне.


Келген жандар тамсанбастан өтпеген,

Марқакөл бар аққу мен қазы кетпеген,

Жандар шыққан бұл өлкеден тек қана

Батырлықпен даңқы шыққан көптеген.

Қанша жерді шарласам да, бәрібір –

Туған жердің көркеміне жетпеген.

Мақтанамын Шығысымның барына,

Жаралғансың ей, Шығысым бағыма!

Бір қадамға алыстасам өзіңнен

Бір сәтте-ақ кетер жүрек сағына.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет