Қалымбек Аян Советұлы


Бәйшешек (Сергей Есениннен аударма



бет29/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69
Байланысты:
olender

Бәйшешек

(Сергей Есениннен аударма)
Аядай алаңқай тақырды,

Жылытып алқызыл күн лебі,

Еріген омбы қар астынан

Көгілдір бәйшешек гүлдеді.


Есінде: қатты аяз мезі ғып,

Шалғынды тым ұзақ қоршаған.

Өміршең алтын күн шуағы

Тудырды көктемді аңсаған.


Бұлақтар жеңістің күшімен,

Жатқанда сарққырап далада.

Майысып бір нәзік сезіммен

Қауызы ашылды жаңадан.


Толқиды, сәулені аңсайды,

Ағаштың діңіне тығылып.

Бір күдік, бір үміт аралас

Күннен ол күтеді жылылық.



Бұланбек Елдос -

1997 жылы 7 – ақпанда ШҚО, Қатын-Қарағай ауданы, Қабырға ауылында туған. Бірнеше айтыстарға бағын сынап қатысып көрген. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті



Ақ жүректі анашым
«Ана» деген аяулы ұғым ардақты,

Ала берем тәрбиеңді жан-жақты,

Пана көрем құшағыңды сендегі

Ана деумен соғар жүрек мендегі.


Анашымды жетелейтін баққа бір,

Бағы ашылды елеңдеумен Хаққа құл.

Қара өлеңмен шартарапты шарлайтын

Олай болса шабытты ақын ақтарыл.


Ана жүрек мұңаяр да қуанар,

Бала жүрек «ана» десе жұбанар.

Ана көрмек кеткен жандар қаншама

Соны ойласам көздің жасы суалар.


Мені ойлаумен өткізетін әр күнін,

Анам менің шуақ шашар таң нұрым.

Қуанғанда жүзінен күн көрінген

Мұңайғанда ашпайтын сыр сандығын.

Бала болып еркелеймін саған тек,

Шат көңілің қуансыншы маған кеп,

Өмірдегі асыл адам кім десе –

Айтар едім аяулы жан – анам деп.


Төгетұғын балам деп бар асылын,

Себетұғын жүрекке жан азығын.

Түн ұйқысын төрт бөліп баласы үшін

Түнде бесік таянған жанашырым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет