Қалымбек Аян Советұлы



бет60/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69
Байланысты:
olender

Шанжың Айбота -

1999 жылы 10 - қазанда

Күршім ауданы, Сарыөлең ауылында туған.

Химия мамандығының 1-курс студенті.




Рухани даму - жаңа әліпбиден бастау алады.
Сіз 1991 жылдың 16 желтоқсанының таңы қазақ халқы үшін қалай атқанын білесіз бе? Иә, иә, ол күнді бір ауыз сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі сол күнгі таң - арайлап атып қуанышқа, шаттыққа толып, еміренген ана, бал-бұл жанған риясыз бала күлкісі естіліп қазақ ұлты қанатын кеңге қомдап жайған қыран құс іспетті еркіндікке, тәуелсіздікке қарай самғап ұшқан күн. Әуелі Алла онан соң салиқалы саясатымен даңғыл жол сала білген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев болашаққа берік сенімді қадам бастыра білді. А.Байтұрсынұлы «Ел бүгіншіл менікі, ертеңгі үшін» демей ме, президентіміз тек бүгінгі күнің ғана ойламай, жас мемлекеттің тағдырың, өрімдей өсіп келе жатқан жастардың тағдырын баса назарда ұстап, небір батыл қадамдарға баруда. Сол жасалған қадамдар алғашында бойға үрей тудырып, мүмкін емес жас шыбықтай әлі тамырлана қоймаған мемлекет бұларды істей алмайды деп те ойлайды, алайда әр істің жемісі ойдағыдан да керемет болып таңдай қақтырады.

Ал биылғы жылғы Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы барлық қазақстандықтарға ой салды деп ойлаймын. Онда айтылған рухани жаңғыру мен заманауи ілгерлеудің жүгенін тартып ұстасып, жүгін қатар көтерісетін азамат тәрбиелей алу мен білімді, жан-жақты ұрпақ өсіру барысында ана тілдің атқарар міндеті ерекше екендігіне баса көңіл бөлінген. Ұлтына қызмет жасап жүрген ұрпақтың көкірегінен ана тілі сайрап тұрса, одан ел ертеңін ойлайтын азаматтың көптеп шығары анық. Біз игі бастама деп түсінетін,

латын әліпбиінің енгізілуі мемлекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейтеді деп ойлаймын. Елімізді әлемдік қоғамдастықпен қатынасын нығайтуға ықпал етеді деген сенімдемін. Мұның барлығы - өскелең ұрпақтың келешегі үшін жасалатын қадам. Елбасымыздың: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Жаңғыру із ұлттық – рухани тамырынан нәр алуы керек» – деген сөздерінің астарында ел мүддесін басты құндылық деп бағалау жатыр. Ендеше, бұл сүбелі ойды біздер, жастар, қолдауға тиіспіз.

Қазіргі таңда кириллицадан латын әліпбиіне көшу жайында түрлі пікірлер айтылуда. Сол айтылған ойлар мен зерттеулерді оқып, ақылға сап саралайтын болсақ, латын тіліне көшу заман талабынан туындаған мәселе екеніне көз жеткіземіз. Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов: «Латын әліпбиін енгізу – халқымыздың білімі мен мәдениеті, өнердің дамуына таңы бір серпіліс әкелетін дара жолы деп білемін» десе, ал ардагерлер ұйымдары жастардың заманауи латын қаріпінде өз тілін меңгеруі оны жақан жұртшылығына паш етуі өте дұрыс қадам деп пікір айтқан. Жалпы өркениет ағымына жетелейтін тарихи шешім, рухани тәуелсіздікке жетелейтін қадам, әлемдік кеңістікке бастар жол деп сеніммен айтқан ел жақсыларының пікірімен келісемін.

Мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 1- курс оқимын. Мен өз елімнің болашағына үлкен сеніммен қараймын. Қазақстанның бәсекеге қабілетті, ел таныған ел болғанын қалаймын. Ал жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын қаріпі – ғылым мен техниканың, интернет пен IT - технологиялардың тілі. Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Бұл әліпби қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен қандастарымызға да ортақ әліпби болмақ. Латын әліпбиі – түркі әлемімен ықпалдасудың төте жолы. Өз ерекшеліктерімізді сақтай отырып әліпбиді өзгерту тіліміздің халықаралық аренаға шығуына және ғылыми - техникалық прогрестің заманауи жетістіктеріне жол ашады, әлемдік мәдени тұтастықты нығайтып, коммуникациялық үдерістерге одан әрі интеграциялануға мүмкіндік туғызады. Ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, шет тілдерден енген сөздер ұлттық ерекшелігімізге қарай икемделетінін, көп ұлтты халқымыздың бірлігін одан әрі бекмдеп, бүкіл түркі әлемін біріктіруге күш салатынын да атап айту керек. Әлемдік көп тараған жазбаның бірі латын алфабиті екенін, әлемдік ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таралатынын, ғылымның тілі, халақаралық терминдер, формулалар да негізінен латын әріптерімен жазылатынын ескерер болсақ, жаңа әліпби біздерге зор мүмкіндік туғызады. Латын қаріпіне көшу бүгінгі күннің кезек күттірмес қажеттілігі екенін, латын жазуы әлемдік өркениетке бағыттайтын күре жол болатынын қазақстандық әр азамат білуге тиіс. Латын әліпбиіне көшу үрдісі бір күндік шаруа емес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын, зор жауапкершілікті қажет ететін игі іс деп білемін.

Нұрсұлтан атамыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру стратегиясымен жүзеге асып жатқан кириллицаны латын әрібіне көшіру саясатын қазақ жастары толығымен қолдайтынына шүбәм жоқ. Себебі әрбір жастың арманы - егеменді еліміздің іргесің берік қылып, Отанымыздың бір кірпіші болып қалану. Ал бұл Рухани жаңғыру аясындағы жаңару біздің келешегіміз үшін үлкен бастама. Жалынды жастар жарқын болашаққа сенеміз, және оған қолдау көрсетеміз. Арманы асқақ, алар асуы биік мемлекетпен, болашағына сенетін болар елдің жастары әрқашан жаңару мен жаңғырумен бірге. Біз елімізді сүйеміз, Елбасыға сенеміз.

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда.

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға,- деп әл-Фараби атам айтқандай Ұлы дала ұрпақтарының үлкен армандары, тәуелсіз елде еш алаңсыз орындалғай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет