Қалымбек Аян Советұлы



бет57/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69
Байланысты:
olender

Қожабаева Ажар -

2001 жылы ШҚО, Күршім ауданында, Күршім ауылында дүниеге келген.

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті


Қыз тағдыры
Қырқүйек айының төртінші аптасының сенбі күні. Әдемі бір әуез жеткізгендей, терезе алдындағы торғайдың дауысы Сараны тәтті ұйқыдан оятқан тәрізді. Орнынан тұра сала, ас бөлмеге бет алды. Ас әзірлеп жүріп , ән салып жүрген апасы Сараның тұрғанын көре сала барлық үй-ішін дастархан басына шақырды. Әдеттегідей жұмыс бабымен жүретін анасы шайды іше отырып, құлақ түбінен ұялы телефонын тастамады. Зейін апа мен немересі Сара бұл жағдайға әбден үйренген. Анасы Ғайникамал Зейін апаның жұмсақтығын пайдаланып, үй тіршілігіне мүлдем араласқан емес. Алайда, апасын анасындай көретін Сара барлық тірлікті өз міндетіне алып, атқарумен болған. Ғайникамалдың дауысынан басқа дауыс дастархан басын ала алмады. Бүгінгі таңғы ас қаншалықты дәмді әрі сүйіспеншілікпен жасалса да, Сараға дәмсіз болғандай болды. Күнделікті асқар таудың бет ажарын көріп өскен ерке қыз, бұл күннен бастап жылы жүзді жан әкесін бір ай көре алмай өтетінін естіп, көңілі гүлдей солып қалды. Зейін немересінің көңілі не себепті жоқ екенін біліп, тіл қата алмады. Дастархан басынан тұрған қызы мен анасы үйден шығуға дайындалды. Үйден көлікке беттеп бара жатқаны сол еді, апасы жүгіріп шығып, Сараға таңғы астан қалған тамақтарды сөмкесіне салып:

-Үзілісте асықпай жеп ал, жарай ма! Әкең бір айдан соң міндетті түрде келеді. Сендей сұлу айдай қызы барда шет елге мәңгілікке қалып несі бар?- деп күлімсірген апасы жалғыз немересін бетінен сүйіп, құшағына басты. Сараны жұбатар жалғыз жан апасы еді.

Мектепке келе сала, кітап бетінен көз алмай, бірден сабаққа кірісті. Осы кезде Сараны артта отырған Дидардың сөзі ойын бөліп жібергендей болды.

- Сара, сен неге әрдайым кітаптан бас алмайсын? Бәлкім, сабақтан соң серуендеп қайтармыз?

- Дидар, сен сияқты қызқұмар жан менімен серуендеп қайтуға лайықты емес! Бір ауыз сөзбен дөп басып айтқан Сараның сөзі Дидарды еш алаңдатпады. Бар ойы Сараны көндіріп алу. Сабақтан шыққан оқушылар үйге қарай тарқай бастады. Дәлізде тұрған қыздың телефонына хабарлама келіп, анасының бүгін келе алмайтын білді. Үйге ақырындап беттеген Сараның жанына Дидар бірден жетіп келді.

- Бүгін анаң неге жоқ? Әдемі көлігімен алып кетуші еді ғой? Әлде бұндай сұлу қызына уақыты табылмады ма? Ендеше менімен көңілді серуендеп қайт

- Көріп тұрғандай анам бүгін келе алмады. Әрине, әдейі емес қой. Өзің білетіндей менің анам еңбекқор адам

- Сара, сен анаңның еңбекқор екеніне сенімдісің бе?

- Күмәнің бар ма? Сендей ұлдар қайдан білсін еңбектің қадірін! Қатты нұқып сөйлеген Сараның сөзіне Дидар ашуланғаны соншалық қызды тоқтатып алды

- Біле білсең, мен қызқұмар емеспін! Әрбір нәрсенің қадірін жақсы білем. Сен сияқты әке-шешем компания басшысы болып отырған жоқ, тек олардың қол астындағы қызметкерлер. Біле білсең, біле білсең...

- Не біле білсең? Айтатын нәрсеңді бетіме айт! Қорқасың ба әлде батылың бармай ма?

- Мен сенің әкеңдей асқан қызқұмар емеспін! Осыны біліп қой! Бұл сөз Сараның жанына батқандай көздері жас жанарға толды.

- Менің әкем шетелге жұмыс бабымен кеткен. Сен бұл сөздерді қалай ғана айта алдың?

- Сара, түсінші менде ренжітемін деген ой болған емес. Тек серуендеп қайтайын деген едім, алайда ашуға қалай беріліп кеткенімді өзім білмей қалдым. Бірақ, мектеп оқушылары әкең жайлы сыбыс таратуда

- Не?

- Әкең шет елге басқа жанмен демалуға кетті. Елге оралғанда анаңмен заңды ажырасу құжатына қол қояды.Анаң компанияны иелену үшін терін төгіп жүрген шығар. Сол себептен мен сенің қасыңда болсам- дегені сол еді Сара тыңдамастан үйге қарай бет алды.



- Сара, Сара- деген Дидар өз кінәсін түсінгендей үн-түнсіз қалды. Жол бойы жылауды тоқтатпаған Сара үйінің алдында жедел-жәрдем көлігі тұрғанын көріп, бірден жүгіре жөнелді. Зейін апасын алып бара жатқан дәрігерлер Сараның жан айқайына, ботадай боздап, мөлкілдеген көз жастарына мән бермеді. Көліктің әйнегін ұрғылаған Сара талайға дейін арттарынан қалмады. Амал не? Тырысып баққанымен, ешкім де көңіл аудармады. Әлі құрып, ас бөлмеге кірді. Таңғы астың жиналмағанын, сол қалпы қалғанын көріп, жинауға кірісті. Жинап жүріп, шанышқыны жерге түсіріп алған сол еді, парақтың жатқанын көзі шалып қалды. Компания үшін жанталасып жүрген анасынан қалған қағазы шығар деп алған еді. Сараның көздері мөлдіреп, аяқ-қолы дірілге салынды. Зейін апасынан қалған хат Сараны солып жібергендей болды.

- Сара, айналайын ботам менің, жалғыз деген немерем! Менің жағдайым осыдан бір жыл бұрын сыр бере бастады. Жүрегімнің дүрсілі баяулай бастаған еді. Өмірім қыл үшінде тұр. Сенімен бірге енді қызықты сәттерді бірге өткізе алмауым мүмкін. Балапаным, анаң сен үшін жұмысын жасап, тер төгіп жүр. Қатты ашуланып, қызбалыққа салынба! Қайткенмен анаң ғой. Қандай да бір қиындық туса, көмек көрсет. Мен бұл өмірде ақылына көркі сай немерем болғанына шүкіршілік етіп келемін. О дүниенің есігін ашуға кетіп бара жатсам, менімен бірге жолға аттануға тырыспа! Сенің белесің алда! Сүйікті Зейін апаң.

Тіс-тістеріне тимей қалшылдаған немересі өмірдің жаман тұстарына бет алғандай ашты зарымен ас бөлмеде боздап жылады.
***

Қараша айының солғын күндері. Телміре қабырғаға қараған Сараны айқайдың дауысы елең еткізгендей болды. Төр бөлмеге келген сәтте өз тағдырының екі оттың арасында шешіліп жатқанын бірден сезді.

-Рустам, сенің менен бас тартқанымен қоймай, туған қызын анасынан ажыратайын дедің бе?

- Қызың есіңе енді түсіп отыр ма? Осы күнге дейін қайда қалдың?

- Сен бір ай жоғалып кеткенің де, еш үндеместен Сараға сенің не үшін кеткеніңді айтпадым. Тым құрығанда қызыңа бір қоңырау шалсаң болар еді ғой!

- Екі жүзді адам екеніңді білгеніңде о бастан ажырасар едім!

- Қандай адам едің өзің!

- Жетер! Болды! Доғарыңдар! Бар кінә менде болса, жетімдер үйіне өткізіңдер! Апамның көзі тірісінде қандай бірде-біреулеріңіз анам ғой деп жанашырлық танытпадыңыз. Маған деген сыйластықтарыңыз болған емес, болмайды. Менен құтылыңыздар онда!- деп, Сараның айқайы ата-анасының тіл қатуына әкелді. Алайда, ажырасу құжатына қол қойып, Ғайникамал Сараны алып кетті. Табысынан қалған ақшасын алып, қонақ үйлердің біріне жайғасқан қызы мен анасы кешкі астарын үнсіздікпен өткізді. Ғайникамал неше күн жаңа жұмыстар іздестіріп, аса беделді, ірі компаиялардың біріне аяқ басады. Жаңадан пәтер жалдап тұрып жатқан Сара анасымен өмірлерін жақсартуда. Әкесін есіне алған сайын Сараның түйсігін қынжылтатын сұрақтар жиі арам ойларға апарады. «Неге бұл уақытқа дейін мені іздемейді», «онда неге мен үшін соншама анаммен дауласты» деген сұраққа іштей жауап беріп, әкесін ұмытуға, әкесінің бұл өмірде жоқ деген сананы қалыптастыруға бекінген еді.

***

Жаздың ыстық кездері. Дүкеннен келген Сара анасының киімдерді жинап сөмкелерге салып жатқанын көрді.



-Менің киімдерімді неге салып жатсың? Әлде бір жаққа кетіп бара жатырмыз ба?

- Сен қыз әбден мазаны алдың! Сенің қытымыр мінезің мені шаршатып бітірді! Сендей сорлыға мен неге мән беруім керек? Менің де ана тастап кеткен екі жүзді әкеңнің де мазасын алған сен! Бұл өмірден ғайып болған апаңның да өліміне сен себепшісін! Жүрегің ауыртып, көзін құрттың?

- Не деп тұрсыз?

- Не қарап тұрсың? Тез жинал!- бұндай ауыр сөзді ести сала, не айтарын білместен киімдерді сөмкелерге сала бастады. Көлікке отырған Сара анасының ашулы түріне қарап, үнсіз отыруына мәжбүр болды. Бірде көлік жетімдер үйінің алдына қатты жылдамдықпен тоқтады. Сараның ойында ештеңе жоқ. Тек анасының жұмыс бабымен келген шығар деген оймен бірге келе жатты. Бірде жетімдер үйінің ауласына кірген сәттен, қайда келгенін бірден ұққан тәрізді.

- Мені қайда алып келдіңіз? Мені бұл жерге алып келетіндей не істедім?

- Тез аяғыңды бас!

- Мен ещқайда да бармаймын- деп кері шегінген сәтте екі денелі жігіт Сараны жетімдер үйіне алып кетті.

- Мама, мама,мама! Мені тастамашы! Кешірші мені! Мама! Мама! Сараның мұң-зары басылар емес. Терезеден аулада тұрған анасына айтып жатқан сөздеріне ешкім мән берер емес. Арғы бөлмедегі қыз балалар жатқан бөлмеге алып келді.Сараны алып келген екі жігіт сөмкеге салынған киімдерін жайғастырғанның орнына бірден лақтырып, есікті тарс жауып кетіп қалды. Осы сәтте аулада тұрған анасының жанына жетімдер үйінің басшысы келіп;

- Сенімдісіз бе? Балаңызды жетімдер үйіне беруге түбегейлі дұрыс шешім қабылдадым деп ойлайсыз ба?

- Иә, әрине, Мен кетейін

- Жақсы, сау болыңыз!

- Сау болыңыз!

- Сенің еш кінәң жоқ, балапаным. Мені де түсін. Әкең сияқты мен де жаңа отбасы құрғым келеді. Тек, сені жаңа отбасымда көру мүмкіндігім тым шектеулі. Түсінші мені!- деп Ғайникамал іштей ғана тынды. Ал, бөлмедегі қыздар жылап отырған Сараға қадала қарап;

- Сен осы байдың қызысын ба? Киінген киімің, тіпті мына сөмкелерің тым қымбат көрінеді. Мына асқан байлықпен мында қалай тап болып жүрсің?

- Жайыма қалдырыңдаршы!

- Иә, бәлкім отбасыңда артық болып қалған шығарсың!

- Жайыма қалдыр дедім ғой!

- Үніңді шығарма! Біз не айтамыз сол болады. Көз жасыңды тый! Әйтпесе, бұл үйдің басшысы сені ұрып жатыр деп ойлап қалар. Дәл осылай Сараның күні өтумен болды. Терезе жәутаңдаған көздерімен қарап, анасы келетіндей сезімде болатын.

***

Ақпан айы. Сара университетке асығып үйдің бөлмелерін аралап, жүгіріп жүр. Үй ішіндегі адамдар оны тоқтатып алар емес.



- Қызым-ау, неңді жоғалттың, айтсаңшы бізде іздестіріп көрейік.

- Жоқ, өзім тауып аламын. Сараның бұл қозғаласы асырап, бауырына туған қызындай басқан ата-анасы:

- Тауып алды ма екен?- деген оймен отыра берді. Затын таба сала есікке қарай жүгірген Сараны тоқтатып алған анасы:

- Біз саған сенеміз! Жобаңды сәтті қорға жарай ма?

- Мама, мен асығып барамын. Келген соң асықпай әңгімелесерміз,

- Жолды байқап жүр!Ақ тер көк тер болып оқу ордасына да келіп жетті.



Жоба қорғауға бір минут қалды, Сара қатты қобалжып, қағаздарын бірнеше мәрте қайталауда. Жүргізушінің Сараның есімін атап, ортаға шақырды. Қаншама көрермендердің алдына жобаны ойдағыдай қорғап, қойылған сұрақтарға еш мүдірсіз жауап берді. Ортаға шығып жобаны алып шуғыдың өзі Сара үшін жетістік еді. Солай дегенше, қортындысы да шығып, Сара өзінің шетелден білім алатынын естіп, қатты қуанған. Алайда, өгей әке-шешесі баласының ел асып, шетелге кететінін естігенде көңілдері суығандай болды. Дегенмен, білімге құмар баланың тағдырын байламайық деген шешімге келіп, Сараны Франция қаласына жіберуге келіседі. Біраз күндерден кейін Сара Францияға аттанып, өмірін сол жақта жалғастырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет