Қалымбек Аян Советұлы



бет59/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69
Мәдениет Диана -

1999 жылы 5 - желтоқсанда

Түркістан облысы, Үлгілі ауылында дүниеге келген.

Педагогика және психология мамандығының 1-курс студенті.




Мамандығым - мақтанышым
Дана халқымыз айтқандай өмірде екі нәрседен қателесуге болмайды. Оның біріншісі мамандық, екіншісі жар таңдау. Бізге ең алдымен қайсысы керек? Менің ойымша ең алдымен мамандық болу керек. Ал, мамандық иесі болу үшін адам сол істі сүюі керек. Біріншіден, мамандық дегеніміз не? Ол бізге неге керек? Деген сауалдарға жауап беріп көрейік.Әрине, мамандық дегеніміз қандайда бір дайындық пен жауапкершілікті қажет ететін еңбек қызметінің бөлігі. Мамандықтың жеңілі жоқ, барлығының өз қиындығы мен қызығы мол болады. Мамандық өмір сүруге , қоғамдық ортаға бейімделуге қажет.

Осы тұста Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деген өлең жолдары есіме түсіп отыр. Иә, адам өзі өмір сүре алатындай және таңдаған мамандығынан еш жамандық көрмеуі керек.Сонымен қатар мамандық ол тек өзің айналысқың келетін іс қана емес,сол саланың дипломын,куәлігін не сертификатын алуың керек және міндетті. Міне, мамандыққа қызығушылықпен қарап оны бағалай білу - үлкен табыстарға алып келеді. ''Адамға ең алдымен білім емес тәрбие беру керектігі" туралы Әбу-Насыр әл-Фараби мұралары қазіргі кезде педагогикалық жиындарда көптеп айтылуда. Фарабидің осындай керемет тағылымдық сөздері құндылығын күні бүгінге дейін жоғалтқан жоқ.Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың ерекшеліктеріне қарай тәлім-тәрбие беретіндігін ескертеді,яғни педагогтың айтқан сөзін бір бала тез қабылдап шешім шығарса, екіншісінің қабылдауы баяу жүреді.Сол себепті педагог баламен мейлінше ой бөлісіп, жақсы тәрбие беру керек. Қазіргі таңда педагог-психолог ең керекті мамандықтардың бірі болып табылады. Себебі қазіргі кезде мектеп оқушыларының шамамен 38%-ы депрессияға түсіп тұйықталып жатса, кейбірі өзін ешкімге керек емес сезініп жатады.Сол қиындықтан шығу жолын көрсететін бірден-бір адам ол әрине педагог-психолог. "Ұстаздық еткен жалықпас ,үйретуден балаға" деп Абай атамыз бекер айтпаған. Ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін мамандық. Иә,әрине,тек педагог мамандығы қана қиын емес, барлық мамандық қиын. Оны көретін көз, қызығатын адам болса болғаны. Барлығы өз қолында. Педагог тек қана білім беруші емес,сонымен қатар ол сенің жаныңды түсінетін психолог, ақылшың болуы тиіс. Тіпті сіз сенбейтін шығарсыз, ол сізге кез-келген тығырықтан шығуға болатын жолды да көрсетеді. Мен де осы мамандықты кішкене кезімнен армандағанмын.Ал қазір осы арманым орналып педагог-психолог бағыты бойынша жоғарғы оқу орнын оқып жүрмін.Оқып жүргеніме аз уақыт болса да мен осы мамандыққа үлкен үлес қосып , ой-пікірлерін айтқан ғалымдардың біразын оқып алдым. Ежелгі ғалымдар педагогика-психология жайлы ашық түрде баяндалады.Әсіресе қазақ ойшылдарының пікірлері мен үшін өте қызықты болды. Ыбырай Алтынсарин бүкіләлемдік тәлім- тәрбиенің алатын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, педагог пен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі сыныптық мектептің меңгерушісіне жазған хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса,онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс.Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай ,жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық ету керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіруі керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді...» дейді. Ы.Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп берші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жылда хат таныса,Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын еді. Ал,ұлы ағартушы ғалым Абай Құнанбаев өзінің көптеген еңбектерінде қазақ халқының ауыр тұрмысын,надандығын мінеп-шенеді. Оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұққан еді. «Пайда ойлама, ар ойла,Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге» ,- деп жастарды ғылым меңгеруге шақырады.Ұлы ақын педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол...жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж. Ж.Руссо, Д.Дидро, т.б. және орыстың ұлы ойшылдары мен педагогтары Л.Н.Толстой,К.Д.Ушинскийдің ағартушылық кітаптарында жазылған. Қорыта келе, «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» деп Абай айтқандай әрбір адам - жұмбақ

Біз мектеп бітіруші сыныпта ойланамыз. "Мен болашақта қандай мамандық иесі болам? Таңдаған мамандығымның пайдасы ел-жұртқа тиеді ме? Бұл мамандықты таңдасам өкінбеймін бе?" Осы сұрақтарға жауап беру мен үшін өте қатты қиындық тудырды. Соңында бұл сұраққа да жауапты таптым. Менің әлемім - педагогика екен. Педагогика тек қана мұғалім болу емес, оның ішінде бөлінетін топтары болады. Мысалы,бастауыш педагогикасы,шет тілі педагогикасы сияқты ,мен бұл ретте педагог психологты таңдадым. Себебі, адам жаны мен үшін бір жұмбақ құбылыс сияқты көрінеді. Оны түсіну де,ойлау да оңай шаруа емес. Педагог психолог мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Бұрын осы адамдарға таң қалушы едім "Маман болып қалай шығады? Өзіне таңдаған мамандығы күшті жарасады" деп. Менің ойымша бұл мамандықты жан,жүрек қалауымен таңдаса болғаны,қалғанын өмір көрсетеді деп ойлаушы едім. Педагог психолог адам жанын түсінетін,барлығын бірдей көретін,кез келген сырды сақтай білетін ең жақын дос деп есептеймін. Сонымен қатар ол балалардың тәрбие берушісі болуы керек. Мен ойлайтын едім мектептегі мұғалімдеріме қарап жұмыстары қандай жеңіл еді деп,бұл керісінше екен. Қайта олардың жұмысы ауыр екен,қанша балалармен жұмыс жасайды ,тіпті шаршағанында білдірмейді өздері. Менің оларға алғысым шексіз! Маған олар осы мамандықты дұрыс таңдауыма көмектесіп қана қоймай, ерік-жігер беріп,қоғамнан өз орнымды табуға көмектерін аямады. Педагог болу үшін адам бірінші өзін түсіну керек деп ойлаймын. Сонымен қатар мен болашақта осы сала бойынша жұмыс істеп ,балалардың дарын-қабілетін анықтай алатын маман болуды,оларды тәуелсіз елдің талабына сай етіп тәрбиелеуді міндетім деп санаймын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет