1-тапсырма Берілген функциядан параболаның тармақтарының бағытын және төбесінің координаталарын анықтаңыз: y=-2x2-8x-4 a) үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөліп алу арқылы;
b) формуланың көмегімен.
Дескриптор:Білім алушы
параболаның тармақтарының бағытын анықтайды;
параболаның төбесінің координатасын анықтайды.
2-тапсырма y=2x2+4x+1 функциясының графигін төмендегі схемаға сүйене отырып салыңыз:
a) тармақтарының бағытын анықтаңыз;
b) төбесінің координаталарын анықтап, оны координаталық жазықтықта белгілеңіз;
c) симметрия осін жүргізіңіз;
d) функция нөлдерін тауып және оларды координаталық жазықтықта белгілеңіз;
e) функция графигінің Oу осімен қиылысу нүктесін анықтаңыз және координаталық жазықтықта белгілеңіз; параболаның симметрия осіне қатысты осы нүктеге симметриялы нүктені белгілеңіз;
f) егер қажет болса, функция графигіне тиісті қосымша нүктені және оған симметриялы нүктені анықтаңыз;
g) графиктен өсу, кему аралықтарын анықтаңыз;
h) функцияның ең үлкен/ең кіші мәнін табыңыз.