1-тапсырма
a) Абсциссасы 2-ге тең у=2х2+3х-7 функция графигінің нүктесінің ординатасын табыңыз.
b) у=х2+х–7 функция графигінің ординатасы 5-ке тең нүктенің оң таңбалы абсциссасын табыңыз.
c) y=2х2–8х–3 функция графигінің ординатасы 7 болатын абсциссаларының айырымының модулін табыңыз.
d) Координаталары (3;20) нүктесі арқылы өтетін у=ах2+2 функциядағы а коэффициентін табыңыз.
e) Егер парабола төбесінің координаталары (-2; 6) болса, онда у=2х2 + bх + с функциясы үшін b, с коэффициенттерін табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін табады;
функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады;
функцияның мәні бойынша аргумент мәндерінің айырмасының модулін табады;
координата арқылы функциядағы белгісіз параметрді табады;
парабола төбесінің координаталарын табу әдістерінің көмегімен белгісіз коэффициенттерді анықтайды.
2-тапсырма
Фирма джинсы шалбарларын сату кезінде 1 күнде түсетін кіріс функциясымен берілген, мұнда Р-кіріс, х- бір джинсы шалбарының бағасы.
Фирма 1 шалбарды 40$-дан сатса қанша кіріс кіреді;
Шалбарды қандай бағада сатса күніне 1500$ кіріс кіреді;
Қандай бағада сатса мүлдем ешқандай кіріс болмайды;
Шалбарды қандай бағада сату ең тиімді?
Дескриптор: Білім алушы
аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін табады;
функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады;
функцияның нөлдерін табады;
параболаның төбесін анықтайды.
|