3-тапсырма теңдеуінің түбірлерін таппай, өрнегінің мәнін анықтаңыз
Дескриптор: Білім алушы
Виет теоремасын қолданады;
өрнекті түрлендіреді;
өрнектің мәнін табады.
Бөлім: «Квадрат теңдеулер»
Оқу мақсаты
8.2.1.1 квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын меңгеру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Квадрат үшмүшенің түбірлерін анықтайды
Берілген түбірлері бойынша квадрат үшмүше құрады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма Берілген түбірлер квадрат үшмүшенің түбірі болатындығын тексеріңіз,
- түбірлері болған жағдайда ұяшыққа «+» таңбасын қойыңыз,
- түбірлері болмаған жағдайда, қай үшмүшенің түбірі болатындығын анықтаңыз.
Квадрат үшмүше
Түбірлер
«+»/квадрат үшмүше
Дескриптор: Білім алушы
түбірді квадрат үшмүшеге қояды немесе Виет теоремасы бойынша тексереді;
түбірі болатындығы немесе болмайтындығы туралы қорытынды жасайды;
берілген түбірлері бойынша квадрат үшмүше құру үшін Виет теоремасын қолданады;
берілген түбірлері бойынша квадрат үшмүше құрады.
Бөлім: «Квадрат теңдеулер»
Оқу мақсаты
8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөледі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма b)
Берілген үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөліп алыңыз;
түрлендірулер арқылы екі өрнектің қосындысының немесе айырмасының квадратының формуласына келтіреді;
екімүшенің толық квадратын бөліп алады;
квадрат үшмүшенің ең кіші мәнін табады.
2-тапсырма Үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөліп алу арқылы теңдеуді шешіңіз:
Дескриптор: Білім алушы
түрлендірулер арқылы екі өрнектің қосындысының немесе айырмасының квадратының формуласына келтіреді;
екімүшенің толық квадратын бөліп алады;
квадрат үшмүшенің түбірлерін табады.
Бөлім: «Квадрат теңдеулер»
Оқу мақсаты
8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеңіз:
a)
b)
c)
Дескриптор: Білім алушы - квадрат үшмүшенің түбірлерін табады/ квадрат үшмүшенің толық квадратын бөліп алады;
- квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласын қолданады/ қысқаша көбейту формуласын қолданады;
- квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді.
2-тапсырма Кинотетр залында бір қатарында (x>5) орындықтан орналасқан, барлығы орындық бар. Барлық орындық неше қатарда орналасқан? (Жауабын өрнек түрінде жазыңыз)
Дескриптор: Білім алушы
қатардың санын есептеу үшін алгебралық өрнек құрады;
теңдеудің түбірлерін есептің шартына сай тексереді.
Бөлім: «Квадрат теңдеулер»
Оқу мақсаты
8.2.2.6 бөлшек-рационал теңдеулерді шешу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма Теңдеуді шешіңіз:
Дескриптор: Білім алушы
бөлшектің бөлімін көбейткішке жіктейді;
бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді;
тепе-тең түрлендірулердің көмегімен эквивалентті теңдеу алады;
алынған квадрат теңдеуді шешу тәсілін таңдайды;
алынған теңдеудің түбірлерін табады;
табылған түбірлердің бастапқы теңдеудің мүмкін мәндер жиынын қанағаттандыратынын тексереді;
жауабын жазады.
Бөлім: «Квадрат теңдеулер»
Оқу мақсаты
8.2.2.7 квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма Жаңа айнымалы енгізу әдісін қолданып, теңдеулерді шешіңіз:
Дескриптор: Білім алушы
айнымалыны ауыстыру әдісін қолданады;
алынған теңдеуді шешу әдісін таңдайды;
теңдеуді жаңа айнымалыға қатысты шешеді;
табылған түбірлердің бастапқы теңдеудің мүмкін мәндер жиынын қанағаттандыратынын тексереді;
бастапқы айнымалыға көшеді;
пайда болған теңдеуді шешеді.
3-ТОҚСАН
Бөлім: «Квадрат теңдеулер»
Оқу мақсаты
8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрады
Мәтінді есепті квадрат теңдеудің көмегімен шешеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма a) Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 6 см-ге артық, ал ауданы 112см2 болса, тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.
b) Квадраты берілген санның өзінен 72-ге артық болатын санды табыңыз.
c) Аудармашы х сағаттың ішінде сағатына х+2 бет аудара отырып, барлығы 15 бет қолжазбаны аударды. Аудармашы барлық қолжазбаны неше сағатта аударды, және сағатына неше беттен аударып отырды?
d) Архат тіктөртбұрыш тәріздес бақшаны декоративті тастармен қоршағысы келді. Бақшаның периметрі 68м, ал ауданы 240 м2 болу үшін оның өлшемдері қандай болуы керек?
Дескриптор: Білім алушы
есептің шарты бойынша теңдеу құрады;
теңдеуді шешу әдісін таңдайды;
теңдеуді шешеді;
теңдеудің түбірлерінің есеп шартына сай екендігін тексеріп, жауабын жазады.
Бөлім: «Квадрат теңдеулер»
Оқу мақсаты
8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрады
Мәтінді есепті бөлшек-рационал теңдеудің көмегімен шешеді