Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Алгебра 8-сынып Құрметті мұғалім!



бет9/12
Дата25.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#128128
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
!1-ФО Алгебра 8 сынып қаз (1)

Бөлім:«Квадраттық функция»


Оқу мақсаты

8.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру 8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрастырады

  • Квадраттық функцияны және оның қасиеттерін есептерді шешуде қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі



Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
Тігін ательесі тапсырыс бойынша белгілі бір мерзімде 5400 көйлек тігіп шығару керек болатын. Ателье іс жүзінде күніне жоспардағыдан 30 көйлек артық тігіп отырғандықтан тапсырысты мерзімінен 9 күн ерте бітірді. Тапсырыс неше күнде орындалды.
Дескриптор: Білім алушы

  • есептің математикалық моделін құрады;

  • теңдеуді шешу тәсілін таңдайды;

  • теңдеуді шешеді;

  • теңдеудің түбірлерінің есеп шартына сай екендігін тексеріп, жауабын жазады.

2-тапсырма
3 м/с бастапқы жылдамдықпен допты 2 м биіктіктен жоғары қарай вертикаль бағытта лақтырған, - мұндағы формуласын қолдана отырып, h(t) функциясын құрыңыз. Табыңыз:
a) доптың ең жоғарғы биіктігін;
b) ең жоғарғы биіктікке неше секундтан кейін жетеді;
с) доп қанша уақыттан кейін жерге құлады.


Дескриптор: Білім алушы

  • функияның ең үлкен мәнін табады;

  • функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады;

  • функцияның нөлдерін табады.

3-тапсырма
Нан өнімдерін сатумен айналысатын дүкендер желісі күніне 2000 тұтынушыға қызмет көрсетеді. Олардың әрқайсысы 70 теңгеден күн сайын бір нан алады. Нанның 1 теңгеге қымбаттауы дүкеннің 20 тұтынушысынан айрылуына әкеліп соғады. Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрыңыз. Математикалық моделіне сүйене отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Бағаны неше рет қымбаттату дүкен иесіне максималды табыс әкеледі?

  2. Бағаның осылайша қымбаттауынан қанша теңге максималды табыс көреді?



Дескриптор: Білім алушы
- есептің математикалық моделін құрады;
- функцияның максимумын табады;
- функция максималды мән қабылдайтын аргументтің мәнін табады;
- табылған мәндерге анализ жасап, қорытынды жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет