Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет25/42
Дата14.01.2023
өлшемі1,15 Mb.
#61248
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Бөлім: Оқылым 
 
 
Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 
Оқу мақсаты 
3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 
сұрақтар құрастыру және жауап беру 
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін 
сұрақтар құрастырады 
• 
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану 
Тапсырма 
Мәтінді түсініп оқы. Мәтінде теледидардың бала денсаулығы үшін қандай зиянды 
жақтары сипатталған? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жұптық жұмыс
• 
Мәтін бойынша жұбыңның пікірін білуге арналған сұрақтар дайында. 
• 
Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор 
Білім алушы
-
мәтіннен сұрақтың жауабы болатын нақты ақпаратты анықтайды; 

мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

сұрақтардың негізінде ой қорытып, жауап береді; 

сұраулы сөйлемдердің құрылымын сақтайды; 

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Теледидар 
Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді. Оның адам үшін пайдасы 
көп. Үлкеніміз де, кішіміз де көп уақытымызды теледидар алдында өткіземіз. 
Өкінішке орай, оның зиянды жағы да бар. Әсіресе, ол адамның денсаулығына үлкен 
әсер етеді. Ғалымдар теледидар алдында ұзақ отыратын балалардың қанында 
холестерин көп болатынын анықтаған. Теледидар көздің көруін нашарлатады, 
адамның психологиясына әсер етеді. Әсіресе, балалардың мінезі өзгеруде. Олардың 
ашушаң, ренжігіш болып өсуіне осы көгілдір экран кінәлі. Теледидарға құмар бала, 
әдетте, кітап оқымайды. Бала теледидар тұтқынына айналады. Ондай балада 
белсенділік төмен болады. Оны енжарлық, жалқаулық басып тұрады. 
Әрине, теледидардан білім, таным, өнер үшін қажетті бағдарламаларды көруге 
болады. Бірақ алтын уақытты тек теледидар алдында өткізген дұрыс емес. 
42 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет