Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет8/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
Сымбатты сиыр жайлы хикая
Ертеде жануарлардың ішінде ең жүйрігі де, сымбаттысы да сиыр болыпты. Келе-келе сиырға менмендік пайда болады.
Бірде ол жайылымда жүрген жылқыға кездесіп:
– Ей, ашқарақ, менің сөзіме құлақ сал. Сен өмірі күйіс қайтармайсың, жетер осы жайылғаның. Менімен жарысасың ба? – дейді.
– Мейлі, жарыссақ жарысайық, - деп жылқы келісімін береді.
Олар өздеріне ыңғайлы жерді белгілейді. Жолдың ортасында суыр жарысқандарға су беріп отырды.
Бірден сиыр шаба жөнеліп, жылқыдан озып кетеді. Орта жолда ол:
– Суыр сасық, су қайда? – дейді көкіректеніп.
Сиыр пасық, су мұнда – деп ызасы келген суыр сиырға көптен тұрып қалған суды ұсынады. Сиыр қарамастан сіміріп салады да, шауып кетеді. Сиыр бір қыр асып кетеді. Жылқы ентігіп жетіп, суырға:
– Суыр сұңқар, су қайда? – дейді.
Жылқы тұлпар, су мұнда – деп суыр риза болып жылқыға салқын, таза суды ұсынады.
Салқын су бойын ширатқан жылқы сиырдан озып межеге бұрын жетеді.
Міне, содан бері жылқы баласы сұлу да сымбатты, жүйрік болыпты. Ал сиыр сол оқиғадан соң демігіп жүгіре алмай, шабан жүрісті болып қалған деседі.

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіндегі 3 сұраулы және 2 лепті сөйлемді анықтайды;

  • анықталған сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

















2-тоқсан


Оқу мақсаты

5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет