Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет7/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
Бағалау критерийі

Білім алушы



Ойлау дағдыларының
деңгейі



Қолдану


Тапсырма

Берілген тірек сөздерді қолдана отырып, мектеп тақырыбында постер жасаңыз.

1-топ
Мектеп, ғимарат, қабат, дәліз, кабинет, асхана.


2-топ
Кітапхана, кітап қоры, үйірме, спорттық секция, сыныптан тыс жұмыстар

Дескриптор

Білім алушы
- берілген тірек сөздердің көмегімен топта постер әзірлейді;
- постерге ат қояды;
- постерді сынып алдында қорғайды.









Оқу мақсаты

5.5.1.2Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

Бағалау критерийі



Білім алушы




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану



Тапсырма
Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып жазыңыз. Сын есімдердің лексикалық мағынасын анықтаңыз.



Сын есімдер

Лексикалық мағынасы (заттың түрі, түсі, сапасы)

Мақал- мәтелдер

Жақсы




.................. адам тағаланған атпен тең.

Тәрбиелі




............... адам жолдасынан белгілі.

Алтын




Кітап - ............ қазына.

Ақылды




................. адам айтқызбай біледі.

Берілген сын есімдерді қолдана отырып, адамгершілік туралы ауызша шағын мәтін құрап айтыңыз.
Сын есімдер: жақсы, жаман, еңбекқор, талапты, тәрбиелі, сыпайы, мейірімді, үлкен, кіші



Дескриптор

Білім алушы

  • сын есімдерді мақал-мәтелдердің мағынасына қарай орналастырады;

  • сын есімдерді лексикалық мағынасына қарай ажыратады;

  • берілген сын есімдерді қажеттілігіне қарай қолдана отырып, адамгершілік туралы ауызша мәтін құрайды.











Оқу мақсаты

5.1.3.1 Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну



Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының
деңгейі



Білу және түсіну

Тапсырма
Мәтінді 2 рет тыңдап, кейіпкерлерді олардың әрекетімен сәйкестендіріңіз.

Ертеде хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы:


- Адам менің күшімді пайдаланады, сүтімді ішеді, қылыма дейін арқан, жіп еседі. Жыл басы мен боламын, - дейді.
Түйе:

  • Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Су табылмаса, шөлде де жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.

Сиыр айтады:
- Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май жасайды, жыл басы болу маған лайық.
Қой айтады:
- Адам жүнімді алып, киіз басады, киім тігеді, арқан еседі. Сүтімнен құрт-май алады.
Ит айтады:
- Мен болмасам, сендерді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді.
Тауық айтады:
- Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді.
Тышқан не айтарын білмей тұрады да, қулық ойлап, жиылғандарға айтады:
- Бұл таластан ешнәрсе өнбес, жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.
Өзгелері тышқанның сөзін қостайды. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады.
Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.



Кейіпкерлер

Сәйкестендіру

Сөз тіркестері

1 .




А. күшін және сүтін пайдаланады

2.





В. шөлге шыдамды

3.








С. сүтінен құрт-май жасайды

4 .






Д. жүнінен киіз басады

5.








Е. адамның досы

6.







Ж. адамдарды оятады

7.








З. жылды бірінші көреді




Дескриптор

Білім алушы
- мәтіндегі кейіпкерлерді әрекеттеріне қарай ажыратады;
- кейіпкерлерге қатысты сөз тіркестерін сәйкестендіреді.









Оқу мақсаты

5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу



Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Шағын диалогке қатысады

  • Сұраққа жауап береді




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану



Тапсырма

Берілген тақырыптардың бірін таңдаңыз. Бір-біріңізбен тақырып бойынша жұпта диалог құрыңыз (әр оқушыға 2 минут).

Диалог тақырыптары:



  1. Жабайы жануарлар

  2. Хайуанаттар бағында

  3. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар

  4. Үй жануарлары

  5. Адам ағзасына пайдалы көкөністер мен жемістер

  6. Жануарлар туралы ертегілер


Дескриптор

Білім алушы
- тақырыпқа таңдау жасайды;
- таңдалған тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды;
- сұраққа лайықты жауап береді.






Оқу мақсаты

5.1.4.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау

Бағалау критерийі



Білім алушы

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша өз бұрышыңызға бір сұрақ құрастырып жазыңыз. Дастарқанды сағат тілімен айналдырып, көршіңіздің сұрағының астына жауап жазыңыз. Топта ақылдаса отырып, мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
Ертеде хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы:
- Адам менің күшімді пайдаланады, сүтімді ішеді, қылыма дейін арқан, жіп еседі. Жыл басы мен боламын, - дейді.
Түйе:

  • Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Су табылмаса, шөлде де жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.

Сиыр айтады:
- Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май жасайды, жыл басы болу маған лайық.
Қой айтады:
- Адам жүнімді алып, киіз басады, киім тігеді, арқан еседі. Сүтімнен құрт-май алады.
Ит айтады:
- Мен болмасам, сендерді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді.
Тауық айтады:
- Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді.
Тышқан не айтарын білмей тұрады да, қулық ойлап, жиылғандарға айтады:
- Бұл таластан ешнәрсе өнбес, жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.
Өзгелері тышқанның сөзін қостайды. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады.
Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.













Дескриптор

Білім алушы
- мәтін мазмұны бойынша өз бұрышына 1 сұрақ құрастырып жазады;
- көршісінің сұрағына мазмұн бойынша жауап береді;
- топта ақылдаса отырып, мәтінге тақырып қояды.




Оқу мақсаты

5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу



Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Ресми стильдің тілдік ерекшеліктерін ажыратады

  • Тақырыпқа сай хат жазады

  • Жазба жұмысын жазудың талаптарын ұстанады




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану



Тапсырма

Берілген суреттерді қолдана отырып, басқа қалада тұратын досыңызға хайуанаттар бағына жасаған саяхатыңыз туралы хат жазыңыз. Хаттың құрылымын сақтаңыз (70-80 сөз).








Дескриптор

Білім алушы

  • хаттың кіріспе бөлімінде досымен амандық-саулық сұрасады;

  • негізгі бөлімде суреттер бойынша хайуанаттар бағындағы көргендерін әңгімелейді;

  • қорытынды бөлімде хайуанаттар бағына баруға кеңес береді және қоштасады;

  • хат соңында есімін және мерзімін көрсетеді.






Оқу мақсаты

5.5.2.1 Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру



Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Мәтін құрамындағы қажетті сөйлемдерді анықтайды

  • Айтылуына қарай сөйлемдердің тыныс белгілерін қояды




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану





Тапсырма

Мәтінді оқып, сұраулы және лепті сөйлемдерді анықтаңыз. Айтылу интонациясына қарай тиісті тыныс белгілерін қойыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет