Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті


- Анасы фермаға кетті. +



бет6/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
-

Анасы фермаға кетті.

+




Дәулет келген қонақтарға қымыз берді.

+




Дәулеттің үйінде ине бітіп қалған.

+




Қожа үйге кірген жоқ.




-

Мәтіндегі 3 нақты ақпаратты тауып, өз сөзіңізбен жазыңыз.

  1. _______________________________________________________________________

  2. _______________________________________________________________________

  3. _______________________________________________________________________




Дескриптор

Білім алушы
- мәтін мазмұнына сай ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтайды;
- мәтіннен 3 нақты ақпаратты табады;
- ақпараттарды өз сөзімен жазады.








Оқу мақсаты

5.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

Қолдану






Тапсырма

Берілген суреттер бойынша мектептегі үйірмелер туралы ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде қазақ тілінің төл дыбыстарының дыбысталуын және үндестік заңын дұрыс қолданыңыз.



Қазақша күрес Қолөнер Драма Аспаздық



Дескриптор

Білім алушы
- суреттердің көмегімен мектептегі үйірмелер туралы ауызша мәтін құрайды;
- мәтінде қазақ тілінің төл дыбыстарының дыбысталуын дұрыс айтады;
- үндестік заңын ескеріп айтады.





Оқу мақсаты

5.3.5.1 Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

Қолдану





Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға бір сөйлеммен жауап беріңіз.
Корей мектептерінде 12 жыл оқиды: 6 жыл - бастапқы, 3 жыл - орта, 3 жыл - толық орта мектепте. Бұл жүйе Корея тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан басталып, «6-3-3» деп белгіленеді. Корея мектептік білімінің аталмыш үш сатысы бір-бірінен өзгеше және де осы үш саты әртүрлі ғимараттарда орналасқан. Бір мектептен екіншісіне ауысу қиын, өйткені ондағы оқу бағдарламалары өзара тығыз байланысты.
Кореяда әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын арнаулы мектептер жоқ. Мектеп бағдарламасы барлық елге бірдей. Пәндерді таңдау мәселесі тіпті жоғары сыныптарда шектеулі.
Корея оқу жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу мәселесі ерекше жолға қойылған. Осы себепті бүгінде бұл ел мектептерді компьютермен жабдықтап, интернетпен байланыс орнату жөнінен Сингапурдан кейін екінші орында тұр.
Жалпы елдегі мектептік жүйе оқушыларды жоғары оқу орны емтихандарына даярлауға бағытталған. Қазіргі Корея оқушылардың жоғары оқу орындарына қабылдануы жағынан және сол арқылы Батыс Еуропа елдерін басып озғандығымен әлемде бесінші орынды иемденеді.
Кореяда балалар 12-17 жасынан тынбай еңбек етеді, білім алады. Сондықтан болар корей көшелерінде ойнап жүрген балаларды кездестіру қиын. Олардың барлығы өз уақыттарын қажетті курстар және факультативтермен өткізеді.

А. Кореяда пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер не себепті жоқ?


_____________________________________________________________________
В. Кореяның мектептік жүйесі неге бағытталған?
_____________________________________________________________________

Корея мен Қазақстандағы білім беру жүйесін салыстырыңыз.





Білім беру жүйесі

Корея

Қазақстан




Мектепте білім алу мерзімі










Пәндерді тереңдетіп оқу










Ақпараттық технологияларды енгізу












Дескриптор



Білім алушы

  • екі сұраққа мәтін мазмұны бойынша бір сөйлеммен жауап береді;

  • Корея мен Қазақстанның мектептеріндегі білім алу мерзімін салыстырады;

  • екі елдегі пәндерді тереңдетіп оқыту жүйесін салыстырады;

  • екі елдің мектептерінде ақпараттық технологияларды енгізу бойынша салыстыру жұмысын жүргізеді.







Оқу мақсаты

5.4.4.1 Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет