Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет4/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Оқу мақсаты

5.5.1.1 Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Сөздерге жалғауларды дұрыс жалғайды

  • Жалқы және жалпы есімдерді ажыратады

Қолдану




Тапсырма

Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын жалғаңыз. Мәтіннен жалқы және жалпы есімдерді ажыратыңыз. Төменде берілген кестеге жазыңыз.


Балаға ат қою
Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қария..... немесе бала..... атасына, әжесі.... немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады. Мысалы, ерте заман... балаларға көз тию... немесе жын-шайтан... сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттар...байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдер... таңдап қойған.
Көптеген есімдер халық.... әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары қайтыс бола берген отбасылар жаңа туған сәби... Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.



Жалқы есім

Жалпы есім

1.
2.
3.
4.
5.

1.
2.
3.
4.
5.




Дескриптор

Білім алушы
- көп нүктелердің орнына септік жалғауларын жалғайды;
- мәтіннен 5 жалқы есім, 5 жалпы есімді анықтап, кестеге орналастырады.









Оқу мақсаты

5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет