Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде ) 2-сынып


Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету



бет27/39
Дата15.06.2022
өлшемі10,88 Mb.
#36925
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету



Оқу мақсаты

2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді тауып, түзетіп жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқы. Асты сызылған сөздердің қателерін тауып, түзет. Мәтінді көшіріп жаз.



Сағызды осыдан жүз қырық жыл бұрұн ойлап тапқан сағыздың зияаны көп ол тістің қызыл иегін бүлдүреді жиһазға жабыстырып қойған сағызға микробтар көп жиыналады.







Дескриптор



Білім алушы
- асты сызылған сөздердегі әріптік қателерді түзетеді;
- сөйлемдердің ара жігін ажыратып, соңына тиісті тыныс белгілерін қояды;
- мәтінді көркем жазу талаптарын сақтай отырып, дұрыс көшіреді.





Бөлімше 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау



Оқу мақсаты

2.3.6.1 Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әріптердің байланысын сақтай отырып, көркем жазады.




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану

Тапсырма
Өлеңді оқы. Көркем жазу талаптарын сақтай отырып, көшіріп жаз.

Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.

Иілеміз оңға бір, 
Иілеміз солға бір. 
Қимылдайды әр сәтте, 
Аяқ та бір, қол да бір. 




Дескриптор



Білім алушы
- әріптердің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;
- әріптердің байланысын сақтайды;
- әріптерді көлбеу жазады;
- өлеңді сауатты көшіріп жазады.


Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы





Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау



Оқу мақсаты

2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сөз құрамына (түбір мен қосымша) талдайды.




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану

Тапсырма
Сөздерді оқы. Түбір сөздерге тиісті қосымшаларды сәйкестендір.





  • Берілген сөздерді сөз құрамына талдап, кестеге жаз.



Татулық, адалдық, мектепке, саяхаттан, әңгімешіл, спортшы, денсаулық



Қосымшалы сөз

Түбір

Қосымша





























Дескриптор



Білім алушы
- түбір сөздерді тиісті қосымшалармен сәйкестендіреді;
- берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып жазады.



Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау



Оқу мақсаты

2.4.2.2 Көптік жалғауларын дұрыс қолдану





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сөздерге тиісті көптік жалғауларын жалғайды.




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану

Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Заттың атауына тиісті көптік жалғауын жалғап жаз.

























Дескриптор



Білім алушы
- суреттегі заттарды көпше түрде жазады;
-көптік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- сөздерді сауатты жазады;
- көркем жазу ережесін сақтайды.



Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау



Оқу мақсаты

2.4.2.3 Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сөздерді сөз таптарына жіктейді.




Ойлау дағдыларының деңгейі



Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Сөздерге сұрақ қой. Мағынасына қарай сызбаға орналастыр.

Жұлдыз, тау, екі, ата, көк, оқыды, үлкен, ақын, жуынды, спорт, жеті, адам, отыз, құс, жүзді, биік, жасыл, айналысады.










Дескриптор





Білім алушы
- сұрақ қоя отырып, зат есімдерді анықтайды және сызбаға жазады;
- сұрақ қоя отырып, етістіктерді анықтайды және сызбаға жазады;
- сұрақ қоя отырып, сын есімдерді анықтайды және сызбаға жазады;
- сұрақ қоя отырып, сан есімдерді анықтайды және сызбаға жазады;



Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау



Оқу мақсаты

2.4.2.4 Зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажырату, жалқы есімнің жазылу емлесін сақтау





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жалқы және жалпы есімдерді ажыратады.

  • Сөйлем ішінде жалқы есімдерді дұрыс жазады.




Ойлау дағдыларының деңгейі



Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда және есту арқылы жаз.


Бақылау диктанты

Жазғы демалыста Ерзат атасы мен әжесінің үйіне келді. Олар Қарашілік ауылында тұрады. Балтабай атасы – ауыл ақсақалы. Ол көп өлең, жырларды жатқа біледі. Әжесі Шәкизат сырмақ тігеді.
Ерзат күні бойы атасымен бақты аралады. Атасы алманың пайдасы жайлы ұзақ әңгімеледі.



Дескриптор



Білім алушы
- мәтіндегі сөздерді өзгертпей, қатесіз жазады;
- тыныс белгілерін дұрыс қояды;
- жалқы есімдердің жазылу емлесін сақтайды;
- каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады.




Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау



Оқу мақсаты

2.4.2.5 Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті анықтау





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сөз таптарын дұрыс ажыратады.

  • Сөз таптарының дара және күрделі түрлерін анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі



Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Сөздерге сұрақ қоя отырып, сөз таптарына ажырат. Әр сөздің бағанмен қиылысқан тұсына «+» таңбасын қой.


Семантикалық карта



Сөздер

зат есім

етістік

сын есім

сан есім

дара

күрделі

дара

күрделі

дара

күрделі

дара

күрделі

оймақ

+






















тікті

























қызыл ала

























жеті

























әдет-ғұрып

























әдемі

























он бес

























қонып отыр


























Дескриптор



Білім алушы
- дара және күрделі зат есімдерді тауып, белгілейді;
- дара және күрделі етістіктерді тауып, белгілейді;
- дара және күрделі сын есімдерді тауып, белгілейді;
- дара және күрделі сан есімдерді тауып, белгілейді.



4-тоқсан

Бөлім: Тыңдалым және айтылым





Бөлімше 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

Оқу мақсаты

2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау



Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда.


Тірек сөздер: көктем, жасыл жапырақтар, балалар, құстар, ұя жасау, ағашқа бекіту, торғай, қос балапан, біреуі, жерге түсіп қалу, ұяға салу, шиқылдау, торғайдың енесі, алғыс айтып тұрғандай.






Дескриптор



Білім алушы
- тақырып пен тірек сөздердің негізінде оқиғаның мазмұнын болжайды;
- тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрастырады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлімі, соңы) сақтайды;
- сөйлеу барысында лексика-грамматикалық нормаларды сақтайды.




Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану



Оқу мақсаты

2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет