Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар


*** Жəбірейіл жəннаттан, Алып келген төрт қылыш, ***



Pdf көрінісі
бет11/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65
Байланысты:
kyraubaeva alma shygystyk kissadastandar 3 tom

***
Жəбірейіл жəннаттан,
Алып келген төрт қылыш,
***
Қынабына солардың
Қап болған бұл ағаш,
Аруақты ерлерге,
Жақ та болған бұл ағаш.
Міне,  осыдан  мыңдаған  жылдар  бұрын  айтылған  Қорқыт 
ата сөздерінің қазіргі ақынның аузынан сол қалпында шығуы 
– дəстүрлі əдеби жалғастықтың айқын белгісі болса керек. 
Енді  «ағаш  төтемінің»  неменеге  байланысты  шыққанды-
ғына  келсек,  бір  жағынан,  Зороастр  заманынан  да  бұрынғы 
уақыттарда  шөпті  қасиеттеудің  ұлғайған  түрі  болуы  мүмкін. 
Бұрын  «Шөп  өлген  адамның  өмірге  қайта  оралуының  көрі-
нісі», – деп қабылданған.
Поляк суретшісі Бронислав Залесскийдің (1820-1880) «Қа-
зақ  сахарасына  саяхат»  атты  кітабында  туындыгердің  өз  кө-
зімен көрген мына бір жайды суреттейді:
«Киелі  ағаштың  жанынан  өткен  кезде  қазақтар  түйелерін 
шөгеріп,  аттың  жабуын  немесе  кішкене  кілемшені  жайып 
қояды да, тізелерін бүгіп немесе малдас құрып отырып дұға 
оқиды. Содан соң өздері де ағаш бұтақтарына киімнен жыр-
тып  алған  шүберек  немесе  қой  терісінің  қиындысын,  тіпті 
болмаса  ат  құйрығынан  кесіп  алған  қылды  ақтық  ретінде 
байлап кетеді. Олар киелі ағашқа ақтық байлау бақыт əкеліп, 
ауру-сырқаудан  қорғап-қоршайды,  өмір  жастарын  ұзартады 
деп ойлайды» (Залесский В., 1991-69).
Б.Залесскийдің  ойынша,  ағаштың  культке  айналу  себебі, 
қазақ  даласында  ағаштың  сирек  өсуіне  байланысты.  Мүмкін 
бұл пікірдің жаны да бар шығар. Бірақ ағаш культы қуан ай-
мақта  ғана  емес,  қазақтың  жасыл  өлкелерінде  де  бар  екенін 
ескерейік.  Воурукаша  теңізінде  өсетін  мама  ағаш  жөніндегі 
миф  зороастр  дінінде  бар.  Ол  барлық  аурудан  жазады  есеп-
телген.  Б.д.д. 5 мыңыншы  жылдықтарда  құрғақшылық  бол-
ғаны  рас  болса,  өзен-судың  жиегіне  жайқалған  үлкен  ағаш-
тың  көлеңкесі  мен  жемісінің  табиғатпен  етене  өмір  сүрген 
көне адамдар үшін құт болғаны даусыз. Осыдан барып ағаш 
культы шығуы мүмкін. 
Ағаш  төтеміне  байланысты  «Сүт  көл»  аңызын  еске 
алайық: 
Алтайдың  шыңында  Алтын  Бəйтерек  өседі.  Ол  дүниенің 
жоғарғы бейнесі – Аспан мен орта əлем – жердің кіндігі. Ал 
жер-судың нышаны ретінде алынған Қызыл көлде Кербалық 
өмір сүреді. Ол барлық жан-жануарлардың арғы тегі екен. 
Осыдан  ағашты  қасиеттеудің  терең  тамыры  арғы  прото-


65
64
түрік, тіпті ежелгі адамзаттың əлем туралы түсінігінде жатыр 
ма  деген  ойға  келеміз.  Тəңірі,  Ағаш,  қасиетті  Жер-су  бір-бі-
рінен ажырағысыз бірлікте адам санасынан орын алған. 
С.Қасқабасовтың  айтуынша,  бəйтерек  ұғымы  ертедегі 
космостық ағаштың өзгерген түрі. Тіпті бақсының аса таяғы-
ның  да  түбірі  бір. «Мəселен,  көптеген  қазақ  ертегілерінде 
зəулім  бəйтерек  суреттеледі:  Ол  кейіпкердің  өмір  жолында 
өте  маңызды  рөл  атқарады.  Бəйтерек  түбінде  айдаһарды  өл-
тірген  кейіпкер  аспан  əлеміне  көтерілуге,  немесе  жер  ас-
тынан шығуға мүмкіндік алады» (Қасқабасов С. 1984-86).
Ал  қазақ  бөркіндегі  үкі – зəулім  бəйтерек  нышаны  бол-
са,  мазарлардың  бөріктің  төбесі  секілді  күмбез,  немесе  төрт 
құлақты  болып  келуі,  көне  мифтік  ұғым  бойынша,  дүние 
жоғарыдан  төмен  қарай  құрылған  үш  əлем  ғана  емес,  гори-
зонтальды-тегістік əлемі деген түсінігі болса керек. 
Түріктің «қасиетті бəйтерек» идеясы шығыста құрма аға-
шымен  үндес  келеді.  Арыстан  баба  Алла  Тағаланың  бұй-
рығымен бір құрманы ұртында 400 жыл сақтап жүріп, Ахмет 
Иасауи шəкіртіне тап-сырған. 
«Мəлік-Хасан»  қиссасында:  Құрма  ағашының  басында 
құс Нұрғазарұн мекендейді:
Нұрғазар жер мен көктің арасында,
Құрманың ұялаған ағашында, –
дейді (Батырлық ... 1995-330).
Құрманың  шығыста  қасиетті  ағаш  саналуын  Иса  пай-
ғамбардың осы ағаштың түбінде дүниеге келіп, жас босанған 
Мəриям  анаға  бір  түйір  құрманың  күш  беруінен  көруге 
болады: 
«Сол  сəт  оның  құлағына  бір  дауыс  естілді  де,  қорқыны-
шы сейіліп, көз жасы құрғады. Дауыс аяғының астынан шы-
ғып тұр. 
–  Қамықпаңыз,  сəбиіңіз  аяғыңыздың  астынан  бұлақ  аш-
ты...  Ағаштың  діңін  өзіңізге  қарай  ырғап  тартсаңыз,  əбден 
піскен  бір  құрма  алдыңызға  түседі.  Соны  жесеңіз,  əл-қуа-
тыңыз  қалпына  келіп,  сергіп  қаласыз» (Құран  хикаялары. 
1992-151).
Қорыта  айтқанда,  табиғат  жайындағы  ескі  анимистік 
пəлсафа – ағаш  культын  туғызды.  Архаикалық  мифтер  бо-
йынша,  кей  ағашта  өлген  əулиенің  немесе  Құдайдың  рухы 
болады  (немесе  ағашқа  ауысады).  Будда  теологиясында: 
Будданың  өзі 43 рет  ағашқа  кіргенін  айтады.  Будда  дінінде 
(б.д.  І  ғасыр)  əулие  ағаш  культы  болған.  Афродитаға  арнал-
ған Гомер гимнінде ағашпен бірге өніп, қурағанда бірге өле-
тін  нимфалар  туралы  айтылады  (Тайлор  Э.Б., 1989-374). Еу-
ропа елдерінде жылайтын, қаны ағып тұрған тал туралы, не-
месе ағаш құндағында өмір сүретін қыз туралы мифтер бар. 
Əулие  Фома  күнінде  қыздардың  ағашты  үш  рет  ұрып,  маң-
дайына  қандай  күйеу  тап  келетінін  сұрау  салты  сақталған. 
Ағашты  Құдайға  айналдырудың  тамыры  көне  діндердің  кө-
біне  ортақ.  Осыдан  аурудың  жанын  (дух  болезней)  бір  затқа 
балап,  ағаштың  бұтағына  іліп  қою,  сол  ауруды  ағаштағы 
əулиенің  жойып  жіберуін  күту  салты  пайда  болған  болуы 
керек. Ш.Уəлиханов айтады: «Құлан түздегі сыңарланып өс-
кен  ағаш  болсын,  немесе  бұтақтары  таңғажайып  формадағы 
өсімдіктер  болсын,  олардың  тұрған  жері  қасиетті  деп  сана-
лады.  Ондай  қасиетті  жерлерге  түнегенде  немесе  жанынан 
өтіп  бара  жатқанда,  адамдар  шүберек,  аттың  қылын  байлай-
ды,  ыдыс-аяқ  қойып,  əулиеге  арнап  садақаға  мал  сояды» 
(Уəлиханов Ш. 1985-155). 


67
66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет