Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар


«Хан  қызының  жауына  болысуы»



Pdf көрінісі
бет12/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65
Байланысты:
kyraubaeva alma shygystyk kissadastandar 3 tom

«Хан  қызының  жауына  болысуы».  Бұл  желі  б.д.д. 
аңыздарда  да  болған.  Мысалы, «Гүлдірсін» (Син,  Шина – 
бəрі  деген  мағына  береді)  аңызын  ХІV  ғасырда  Сəйф  Сараи 
дастан  етіп  жазған.  Сараиді  зерттеуші  кей  ғалымдар  бұл 
оқиға  Ақсақ  Темір  заманында  болған  деседі.  Негізінде,  Гүл-
дірсіннің  сақ  қызы  екенін  Ə.Қоңыратбаев  айтқан.  Тіпті  Гүл-
дірсін  шаһары  да  болған,  оны 1937 жылы  С.П.  Толстов  қаз-
ған  екен.  Одан  скиф  садағының  оғы,  тастан  салынған  əйел 
суреті  шыққан.  Қала  Төрткөлдің  маңайынан  табылған  (Қо-
ңыратбаев Ə., 1991-79). 
Аңызда  Гүлдірсін – патшаның  қызы  екен.  Елін  жау  қор-
шап  алып,  астығы  бітіп,  таусыла  бастайды.  Сонда  да  беріл-
мей,  жауға  сес  көрсету  үшін  бір  өгізді  бидаймен  жемдеп, 
қаланың  сыртына  қоя  береді.  Жау  əскерлері  ұстап  алып,  со-
йып жейді, қараса іші толған бидай екен. 
Гүлдірсін  жау  елінің  бір  жігітіне  ғашық  болған.  Оған  ха-
бар  беріп: «Кетпеңдер,  шыдаңдар», – дейді.  Қоршаған  жау 
кетпей,  ақыры  халқы  ашыққан  қаланы  басып  алады.  Бірақ, 
Гүлдірсіннің  ғашық  болған  жігіті: «Өз  еліне  опа  қылмаған 
қыз  маған  қалай  жар  болады!» – деп  ат  құйрығына  байла-
тып өлтіреді. 
Хан  қызының  жауына  болысу  желісі  «Қобыланды  ба-
тыр» жырында Қарлыға бейнесінде, Иранда «Бижан мен Ма-
жинеде»  сақталған.  Кейбір  көріністері  Зарина  аңызында  да 
бар.  Бірақ  онда  сақ  патшасының  қызы  Зарина  Мидия  хан-
задасын  сүйіп  қалса  да,  елін  сатпай: «Мен  саған  қосылам, 
елім  де  сенің  қол  астыңа  кіріп,  кіріптар  болады», – деп 
елінің  қамын  ойлап,  Мидия  ханзадасымен  некелесуден  бас 
тартады.
«Түс  көру».  Түс  көру,  оны  жору  өнері  көне  замандардан 
келіп  жеткен.  Антика  əдебиетінде  Артемидордың  «Түс  жо-
рығыш»  атты  кітабы  жазылыпты.  Антикалық  дəуірде  түс-
ті  былай  жорыған:  түсінде  қол  жуса – уайымнан  құтылады, 
жыласа – өңінде  қуанады,  қабырғасын  суырса – əйелі  өледі, 
араны қуса – байлыққа кенеледі, үйленсе – туыстарының бірі 
өледі,  жылан  қуса – жаман  əйел  соңына  түсіп  жүр, — деп 
жорылады. 
«Жүсіп-Зылиха»  қиссаларында  Зылиха  да  Жүсіпті  түсін-
де  көріп  ғашық  болады.  Бұдан  кейінгі  ғашықтық  қиссалар-
дың  бəрінде  негізгі  кейіпкерлер  бірін-бірі  түсінде  көреді. 
Қыдыр-əулиелер де түске кіріп, аян береді:
«Ер Шеризатта» (Ə. Найманбаев):
Бір күні Қыдыр келіп түсіне енді,
Өңіндей падишаға аян берді.
«Еренғайып-шаһ  Ғаббаста» (Мұхаммедқали  Өндір  қажы-
ұлы):
Осылай болды, тақсыр, көрген түсім,
Қалмады еске түссе ақыл-хошым.
Бұл күнде өлер жерге келіп тұрмын,
Мехнаты арылмаған мұңды басым.
«Бозжігіт» қиссасында Бозжігіт ғашығын түсінде көреді:
Түсінде қыз осылай ғайып болды,
Жігіттің көкірегіне қайғы толды.
Бақсы менен балгерден дəрмен таппай,
Боп-боз жігіттің жүзі солы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет