Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет9/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
«Нұрдан жаралу» желісі шығыс сюжетіне құрылған қис-


57
56
са-дастандарда  да  кездеседі.  Көбіне  Ирамбақ  қыздарының 
кейпіне  қатысты  айтылады.  Мысалы,  Мəшһүр  Жүсіптің 
«Гүлшат-Шеризат»  қиссасында  Нұр – інжу-маржан  түрінде 
келеді.  Онда  жеті  жұртқа  патша  болған  Парақзат  елден-ерек 
түс  көреді.  Айбаты  күнбатысты  қаптаған  аждаһаға  қарсы 
інжу-маржан шығады:
Ешбір жан оған қарсы бара алмады,
Қолына қару-сайман ала алмады.
Бір інжу-маржан сонда көктен түсіп,
Алдына аждаһаның аяңдайды.
Бұл жердегі көктен түскен інжу-маржанның шешуі:
Дегенін інжу-маржан көктен түскен,
Бір сұлу ақылы кемел болар қызың.
Осы  ежелгі  мифтердегі  «нұрдан  жаралу»  желісі  адамзат-
тың  жабайылық  санасынан  емес,  даналық  санасынан  туған 
болуы керек. Шығыс пəлсафасы бойынша, ғалам нұрдан жа-
ралған.  Əл-Фараби: «Бүкіл  дүние  ғаламы  басында  бір  шапа-
ты ауданда болған нұр сəуле – жарық сəуледен жаралған», – 
дейді (Машанов А., 1994-60). Қазір өте дəл электрондық өл-
шеулер  арқылы,  алғаш  дүние  жаралғанда  пайда  болған  нұр-
сəуленің  қалдығы  табылыпты.  Сол  қалдық  сəуле,  шығыс 
ұғымында, «əлмисақ» (əлімсақ).  Қиссадағы  нұр  желісі  əуел 
басында, «əлем  күннен  жаралды»  дейтін  ұғымның  бөлшек-
тенуінен  пайда  болса  керек.  Жалпы,  тарихи  тұлғалардың 
өміріне  құпиялылық,  ерекшелік  беру  мақсатында,  олардың 
ана  құрсағына  нұрдан  дарығаны  туралы  аңыздар  айтылып, 
жазылып  келген.  Мысалы,  Заратуштра,  Будда,  Иса  пайғам-
бар мен Мұхаммед пайғамбар да нұрдан жаралған.
Нұрға  байланысты  аңыз  Шыңғысхан  əулетінен  туып, 
өсіп-өнуі жөнінен де айтылады:
«Баяғы  заманда  бір  хан  өмір  сүріпті.  Оның  жалғыз  қызы 
болыпты.  Қызын  еркек  кіндік  көрмесін  деп  елден  ерек  ұс-
тапты.  Қыз  бойжетеді.  Күннен  басқа  ешкімді  көрмеген  қыз-
дың  бойында  нұрдан  бала  бітеді.  Ол  бала  Шыңғысхан 
(Шын-қыз-хан)  атанады» (Казахский  фольклор... 1972-65). 
Тағы  бір  аңызда  Шыңғысханның  əкесі  Дүйінбаян  нұрдан 
жаралады.  Əкесінің  аруағы  үйге  нұр  болып  кіріп,  бөрі  бо-
лып  шығып  кететін.  Бұл  ежелгі  ғұндардың  күн  төтеміне, 
V  ғасыр  түріктерінің  бөрі  төтемінің  қосылғанын  аңғар-
тады.
Дүниенің  нұрдан  жаралып,  нұрмен  қауышатындығы  жө-
нінде мына бір пікірді қызықты деп есептейміз:
«Көк  өгіз  (су),  көк  өскін  (жердегі  тіршілік),  көк  аспан, 
яғни  бүкіл  болмыс  ұлы  ғаламшар  құрылымының  бір  түсі-
нігі көгілдір нұр əлемін құрайды... Адам жаны ұдайы дамып, 
жетіле  отырып,  ұлы  нұрға  қауышады» (Ақпанбек  Ғ., 1993-
35).  Яғни,  қисса  қаһармандарының  нұрдан  жаралуы  тегін 
емес екен. 
Шəді  Жəңгірұлының  «Назым  Сияр  Шариф»  дастанында 
пайғамбардың  тууы  жайындағы  оқиғалар  нұрға  қатысты 
болып отырады.
Мысалы:
«Сол күні Расул Алла дүниеге келді,
Аспаннан бір нұр шығып, сəуле келді».
«Ғабдолла əсем еді, сұлу түрі,
Бар еді маңдайында Расул нұры».
«Əуелі кездескенде Ғабдолланың,
Расулдың Əминаға жауды нұры»
(Жəңгірұлы Ш., 1995-10-11).


59
58
Ислам  дінінен  тараған  түсінік  бойынша,  адамның  жақсы 
қасиеттері он нұрдан бастау алады екен:
1. Нұр садық – адалдық пен шындық
2. Нұр сабыр – табандылық пен шыдам
3. Нұр шəкір – қадір-құрмет
4. Нұр фəкір – өз қадірін түсірмеу
5. Нұр зəкір – келбетті болу
6. Нұр намаз – Құдайға құлшылық
7. Нұр ораза – қанағатшылдық
8. Нұр иман – имандылық пен сенім
9. Нұр садақа – қайырымдылық
10. Нұр пəк жан – тазалық.
Осы  қасиеттердің  бəрі  бойына  жинақталған  адам  ұшпақ-
қа шықпақ. «Фəниден бақиға өту немесе бұл дүниеден қайту 
дегеннің өзі бір пішіннен екінші пішінге ауысу, жанның бақи 
дүниеге өтіп, нағыз нұрға айналуы» (Ақпанбек Ғ., 1993-47).
Нұр – қазақи  пəлсафада  мəңгілік  нəрсе,  оған  адамның 
ақылы жетпесе керек. Яғни, əлі танылмаған құпия. 
Күн жəне үлкен күн – от, ежелгі мифтерде космогенездегі 
ең  алғашқы  материал  ретінде  көрсетіледі.  Мысалы,  Скан-
динавия  мифтерінде  əлем  су  мен  оттан  жаралады.  Кейбір 
эсхатологиялық  мифтерде  əлемді  жоюшы  күш  ретінде  көрі-
неді. Қиссада от екі кейіпте. Бірі эсхатологиялық («Қисас-ул 
əнбиа»),  мысалы,  Жер  адамдардың  ауырлығын  көтеретінін 
айтып  мақтанса,  от  ашуланса,  жер-дүниені  өртеп  жібереті-
нін  мақтан  қылады.  Екіншісінде  от – күн  (кішкентай  от), 
жұлдыз  нышаны  ретінде,  сұлу  қыздардың  бейнесін  жасауда 
жиі қолданылады.
Ежелден  от  пен  су  тақырыбы  қарама-қарсы  күштердің 
айқасы  ретінде,  соғыс  бейнесінде  алынған  (Орхон  ескерт-
кіштері): «От – су  қылмадым» – «елімді  бірлікте  ұстады» 
(Жолдасбеков  М., 1986). Грек  аңыздарында  оттың  шығу 
тегі  туралы  да  айтылады,  оны  адамдарға  Прометей,  Əмірен 
сияқты жасампаз қаһармандар əкеліп береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет