«Қасиетті ағаш». Қазақ аңыздарының көне замандағы із-
дерінің шығу тегін ағашпен байланыстыратын рулардың бар
екені байқалады. Мысалы, «Оғыз қаған жыры» ХІІІ ғасыр-
дың аяғы мен ХІV ғасырдың басында хатқа түскенімен, он-
дағы баяндалатын аңыздар заманымыздан бұрынғы ІІІ ға-
сырдағы ғұн тайпаларының оқиғасымен – Мөде қағанмен
байланысты болу мүмкіндігін Н.Я.Бичурин, Ə.Марғұлан,
Қ.Өмірəлиевтер жазды. Енді бір рауқиятта, ІХ ғасырдағы
Оғыз бірлестігінің оқиғасы делінеді (Ə.Қоңыратбаев, М.Жол-
дасбеков).
«Оғыз қаған жырының» алғашқы желісі біздің заманы-
мыздан талай ғасыр бұрын аңыз түрінде айтылуы мүмкін.
Өгіз төтемінің пайда болу замандарынан бұрын шығып, хат-
қа түскенге дейінгі аралықтағы оғыз тайпаларының тіршілі-
гіне қатысты көптеген аңыздарды жинақтау, екшеу сатысы-
нан өтіп келгенге ұқсайды. Толстов С.П. жазыпты: «Оғыз-
дардың тайпалық одағы Оксқа (Əмудария) дейінгі заманда
басқа жақтан көшіп келген тайпалар емес, одақ аты да, өзен
аты да ертеден бері жалпыға ортақ төтем атынан, жергілікті
ел тілінен туған сөз. Ендеше Орта Азия оғыздарын ерте за-
мандарда сол жерді мекен тұтқан сақ тайпаларының заңды
мұрагері деп қарау керек. Өгіз төтемінің аты ертедегі сақтар
ортасында да болуға тиіс» (Толстов С.П., 1985-16).
Енді Шəкəрімнің «Түрік, қырғыз-қазақ пен хандар шежі-
ресінде»: Оғыздың хан болған уақыты біздің пайғамбар-
лардан 3400 жыл бұрын. Оғыз хан өлген соң, Күн хан бол-
61
60
ды, онан соң Ай хан болды, онан соң Жұлдыз хан болды,
оның орына баласы Меңлі хан болды», – дейді (Құдайбер-
диев Ш., 1991-47).
Сонымен, Шəкəрім шежіресі бойынша, Оғыз қаған Көк
бөрі заманынан 8-9 ата бұрын өмір сүрген болады. Яғни, Мө-
де заманынан бұрын. Тағы бір соңғы деректерге назар ауда-
райық.
Ең соңғы зерттеулер Оғыз қаған оқиғасының шығу уа-
қытын тіпті б.д.д. 5000 жылдықтарға, Шумер тайпаларының
заманына алып барады. Өте қызықты болжалды айтушы
– бүкіл өмірін Фараби ойшылды зерттеуге арнаған ғалым
Ақжан Машанов. Ол кісінің ойынша, Оғыз хан аңызының
тууы сиырдың жыл басы болуына байланысты. «Бес мың
жыл шамасы бұрын жыл басы қазіргідей тышқан емес, сиыр
болған. Өгізхан – Оғыз хан заманы – сол заман», – дейді.
Шумерлердің тас кітабында мынандай мəлімет бар екен:
«Қазір жыл басы – сиыр, онан бұрын өткен замандарда жыл
басы Барыс болған. «Əрбір екі мың жыл шамасында жыл
басы бір мүшелден екінші мүшелге ауысып отырады»
(Машанов А., 1994-105).
Міне, осы шығу тегі əріде жатқан «Оғыз қаған» аңыздары
өгізді қасиетті деп санаған Зороастр замандарына барып
ұштасады. «Оғыз қаған жырында» Етіл (Еділ) өзенінен əрі
өтіп, Үрүм қағанмен (Византия) соғысқан Оғыз оларды же-
ңіп, мол олжаға батады. Еліне қайтуға бет алғанда өзеннен
өте алмайды. Сонда бір Ұлық Орда деген жігіт ағаштан
сал жасап, дүние-мүлкімен аман-есен бері өтеді. Ұлық Ор-
даның бұл ісіне сүйінген Оғыз қаған: «Сен осы жерге бек
бол, Қыпшақ бол!», – дейді.
Əбілғазының «Түрік шежіресінде» «Оғыз қағанның əс-
керіндегі бір жігіт соғыста қаза тауып, əйелі жүкті екен, айы-
күні жетіп, толғағы қысқан соң, бір ағаштың қуысына кі-
реді. Сол жерде босанып, туған баланы Оғыз қаған өз тəр-
биесіне алады. Қыпшақ деп ат қояды. Себебі, қыпшақ –
«ағашта туған» деген мағынаны білдіреді екен. «Қорқыт
ата кітабында» Бисат батыр Төбекөзге: «Анамның атын сұ-
расаң, қатты ағаш», – дейді. Бисаттың анасы – Қыпшақтың
қызы болса керек.
Осы қызықты аңыздарды салыстыра келіп, бір заманда
түріктердің қыпшақ бұтағы өзінің шығу тегін ағашпен бай-
ланыстырып, оны қасиеттеген деген ойға келеміз. Оғыз қа-
ғанның Көк, Тау, Теңіз деген ұлдарының анасы ағаштың
қуысынан шыққан. Сонымен, қазақ тарихында өгіз, көк бөрі,
аққу сияқты, ағаш төтемі де бар демекшіміз.
«Қорқыт атада» Қазан Солар бектің ауылын жау шауып,
ұлы Оразды гəуірлер қол-аяғын байлап, дар түбіне əкеледі.
Ол дар ағашына қарап сөйлей бастайды:
«Атың ағаш десем, шамданба ағаш! О, Мекке мен Мəди-
ненің есігі болған, Ағаш! Құдаймен тілдескенде Мұсаның
асасы болған, Ағаш! Ерлердің ері Əлидің дүлдүліне ер бол-
ған, Ағаш! Зұлпықарға сап болған, Ағаш! Хасан мен Хұ-
сайынға бесік болған, Ағаш! Ерге де, əйелге де қатар болған,
Ағаш! Мені саған асар болса, құлап түс, Ағаш!» (Қорқыт...
1986-29).
Осы «қасиетті ағаш» аңызы бүгінге дейін халық жадын-
да сақталғанының бір көрінісі – Қашаған Күржіманұлының
(1841-1929) Есқали сопыға айтқан өлеңі. Тарихы былай:
Қашаған ақын Каспий теңізінің терістік шығысындағы
«Елпілдекті» деген аралда отырған ауылға келеді. Қонатын
үй іздеген соң ауыл жігіттері сараңдығымен аты шыққан
63
62
Есқали сопының үйін көрсетеді. Есқали сопы қонақты жақ-
тырмай, намаз оқуға кіріседі. Сопының кішкене немересі
қызық көріп, саусағымен домбыраның ішегін дың еткізеді.
Есқали сопы: «Бейқасиет, көргенсіз, бұл үй домбыра тартып,
өлең айтуға тігілген жын-шайтанның үйі ма еді, шайтанның
қу ағашы бұл үйге қайдан келді?», – деп жекіреді.
Сонда Қашаған домбырасын қолға алып жіберіп былай
депті. (Біз «Қорқыт ата» кітабындағы Ораз бектің сөзімен
ұқсас келетін жерін ғана аламыз):
Пайғамбарлар туғанда,
Бесік болған бұл ағаш.
Ибраһим Қағба салғанда,
Есік болған бұл ағаш.
Достарыңызбен бөлісу: |