Байланысты: kyraubaeva alma shygystyk kissadastandar 3 tom
«Дəуіт пайғамбар жəне тойымсыздық». Дəуіт пайғам-
бар Сүлеймен пайғамбардың əкесі. Ұсталық өнердің пірі деп
есептеледі. Құран сюжеттерінде жəне одан тараған қисса-
ларда («Қисас-ул əнбиа») Дəуіт пайғамбардың бір қателігі
ғибрат ретінде айтылады:
Дəуіт пайғамбар əйелдері бола тұра, əскерге кеткен Ғү-
рия атты жақын інісінің қалыңдығына (Сағи қызы Сабиға)
көзі түсіп, өзі пайғамбар, өзі патша болған соң, некелеп ала-
ды. Алла Тағала Дəуіттің онысын қош көрмейді.
Бір күні Дəуіттің алдына екі кісі келеді. Олардың періш-
те екенін білмейді. Бірінің тоқсан тоғыз, екіншісінің бір сау-
лығы бар екен. Байы кедейдің жалғыз саулығына көз сұғын
қадап жүр екен. Дəуіт ашуланып:
– Өзіңнің тоқсан тоғыз қойыңды місе тұтпай, ініңнің
жалғыз қойына көз алартқанша, ұялсаң етті, – дейді.
Келген періштелер:
– Жазаға алдымен өзің тартылуға тиіссің, – депті.
Өз үкімін өзі шығарған Дəуіт ойға шомады. Есін
жиып алладан кешірім сұрады. «Даңқы мен мəртебесі бар
адамның бұл сабағы адамдарға Алла Тағаланың ұсақ іс-
терге немқұрайлы қарамайтындығын, ірі істердің бəрін ол
салмақтап отыратындығын ұғындырады» (Құран хикая-
лары. 1992-115).