55
54
шид ұрпақтарынан тарайды. Жəмшидтен – Тұр, одан – Ши-
дас, Тұрақ, Шам, Нариман, Сам, Зал, Рұстам. Мысалы:
Болады асылым – Иран, жайым – Сыстан,
Оғына бабам Кіршаш тау-тас ұшқан.
Нариман – туған атам, өзі түгіл,
Бармаған маңайына қорқып дұшпан.
Біздің ойымызша, Абайдың Ескендірінің жолыққан қақ-
пасы ескі мифтерден жеткен жұмақ есігі болса керек дейміз.
Жұмаққа кіру үшін, əуелі, «құлқының мен құлығыңа ие
бол!» деген ой айтылады.
Қорыта келе айтарымыз, Ирамбақты ақындардың «жази-
ра арал» деуі тегін болмаса керек, ол жоғарыда сипатталып
өткен «жер жұмағы» мифтерінен шыққан дейміз. «Қайырлы
қала», «рахат ел» идеясы біздің дəуірімізде Индияда Ауро-
биндо пəлсафасына ұласқан (Рерих С., 1989). Ауробиндо
ауылы да бар. Ол ауылға мүше болып кіру үшін əуелі үш
ай, одан соң бір жыл сынақтан өтеді. Мал-мүлік, дүниеге
қызықпайтын, тек өз еңбегімен күн көріп, артық киім кимей,
қанағатпен өмір сүруді мойындаған адам ғана ол ауылда
өмір сүре алады. Бай-кедейлік, мансап қуу, атаққұмарлық
деген жағымсыз қылықтардан тыйылған, тек адал тіршілік
қылған иманды кісі мəңгілік бақытқа кенелмек.
Қасиетті мекеннің тағы бір көрінісі – Шын-Машын.
Бұл жер нақты жағрапиялық атаудан гөрі, мифке ұласқан.
Қисса-дастандарда, жалпы Орта ғасыр ескерткіштерінде жиі
кездесетін мекен. Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігінің»
жинағында «шын» деп Қытайды, ал «Машын» деп тауғаш-
ты көрсетеді: «Тауғач – Машын елі». Бұл мемлекет – Шын-
нан төрт айлық жол. Шын мемлекеті, негізінен, мынадай
үшке бөлінеді:
1. Жоғарғы Шын – Шығысқа орналасқан тауғач.
2. Орталық Шын – Қытай.
3. Төменгі Шын – Бархан. Бұлар Қашқарда. Бірақ қазір
тауғачтар – Машын, Қытайлар – Шын деп аталып жүр. Тау-
ғач – түріктердің бір бөлігі» (Түбі бір... 1993-22).
Ғылыми еңбектерде Шын-Машын, кейде Қытай мен Ви-
зантия деп те аталып жүр. Машын – кейде Индонезия, кейде
Үндістан да болып, алғашқы дерегі көмескіленген сияқты.
Қазақтың жыл санауында мешін жылы бар. «Мешін»
деп маймылды атаса керек. Шын-Машындағы «машын» –
мешіндер елі, яғни маймылдар елі. Зерттеуші М. Исқақов,
мешін – маймыл емес, «азған адамдар», яғни қар адамы, ор-
ман адамы деген пікірді айтады (Исқақов М., 1980-272). Оған
сақай мен сəмеңгілерді де (ергежейлі) жатқызады. Қисса-
ларда ол бір орманы бар, ғажайып оқиғалар өтетін мифтік
өлкеге айналған. Шын-Машын – бүкіл дүние, бар əлем деген
ұғымды береді. Ирамбақ, Сарандил, Шын-Машынның бір
шығарманың ішінде аралас келуі олқиғаның таңғажайып-
тығын, белгісіздігін, алыстығын еселей көрсету, əсірелеу
мақсатынан туады.
«Нұрдан жаралу». «Оғыз қаған жырында» Оғыз Тəңірге
жалбарынып отырса, көктен бір жарық нұр түседі. Онда маң-
дайында алтын қазықтай меңі бар (Темірқазық. А.Қ.) қыз
отыр екен. Оғыз қағанның осы бірінші жұбайы Нұрсұлу не-
месе Күнсұлу нұрдан жаралған еді. Қазақтың «Дың сұлу»,
«Домбауыл» аңыздарындағы сұлу қыздар күн нұрынан
жүкті болады.
Достарыңызбен бөлісу: