Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар


«Патшаның  тастанды  баласы»  жəне  «аң  асыраған



Pdf көрінісі
бет20/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65
«Патшаның  тастанды  баласы»  жəне  «аң  асыраған 
бала», «мұнара  басындағы  қыз».  Бұл  əңгіме  авесталық 
Парадата  (алғашқы  адамдар),  кейінгі  ирандық  Пешдадидтер 
династиясы  заманында  одан  кейінгі  Кейанидтер  тұсында 
айтылған (Бойс М., 1988-151).
Кейінгі  деректерден  б.д.д.  ХХVІІ-ХХVІ  ғасырларда  пат-
ша  болған  Гильгамеш  туралы  жазылған  жырда  да  осы  оқи-
ға  бар  екенін  көреміз.  Кейінірек  Гильгамештің  тарихи 
тұлғасы  мифтендіріле  бастаған.  Ол 126 жыл  билік  құрған 
патша,  Урук  билеушісі  Лугальбанда  мен  Нинсун  Құдай 
ананың  баласы,  күн  Құдайы  Утуштың  ұрпағы  болып 
бейнеленген.  Осы  жыр  нұсқаларының  бірінен  «тастанды 
бала» оқиғасын табамыз.
Онда  Сəуегейлер  Урук  патшасына  қызынан  туған  жиені 
патшалығын  тартып  алатынын  айтады.  Патша  дереу  биік 
мұнара  тұрғызып,  қызын  жан  баласына  тигізбей  ұстайды. 
Бірақ  қыз  кімнен  екені  белгісіз,  бір  ұл  туады.  Патшаның 
пəрменімен  баланы  биік  мұнарадан  тастатады.  Осы  кезде 
ұшып келген бір бүркіт баланы қағып алып, бағбанға апарып 
береді.  Бағбан  баланы  асырап  өсіреді.  Бағып  алған  баланы 
Бильгамос  (Гильгамеш)  деп  атайды  (Афанасьева  В.К., 1991-
154).  Осы  жерде  Бильгамос  деп  ат  қойылуында  көп  мəн 
бар  сияқты.  Ол  VІІІ  ғасырда  Түрік  қағанатының  билеушісі 
болған  Білге  атымен  ұқсас.  Гильгамешіміз  Білге  болуы 
мүмкін демекшіміз. 
Осы  желі  кейінгі  қазақ  аңыздарында  (Мысалы, «Дың-
сұлу»)  айтылады  жəне  қиссалардың  сюжетіне  де  негіз  бол-
ған. Көбіне, патша қыздарының əкесінен бөлек, мұнара, сарай 
салдырып  тұрғаны  айтылады,  оларға  жан  баласын  көрсет-
песе де, ғашықтарымен бағбанның көмегі арқылы табысады. 
Бір сарай сонда патша салдырады,
Əр жерден ұста болса алдырады.
***
– Ей, бағбан, алтын-күміс берейін деп,
Өзіңді жақсы сыйлап жүрейін деп.
Жігітті анау жүрген шақырып кел,
Кім екен, мен жолығып көрейін деп 
(«Гүлшат-Шеризат»).
Афрасиябтың  қызы  Қаздың  да  екі  шаһары  болған.  Қа-
рақалпақтың «Қырық қызында» Гүлəйім сұлу бөлек шаһарда 
тұрады:
Қоладан қорған салдырды,
Болат пенен шойыннан,
Дарбазасын ойдырды.
Босағасын бекемдеп,
Қорғасын болат құйдырды 
(Қырық қыз. 1956-7).
Бұдан  мұнарадағы  кінəлі  қыз  оқиғасының  трансформа-


87
86
циялануын  көреміз.  Сарайды  бекемдеп,  шаһарына  жан  кір-
гізбейтіндей етіп салу желісі сақталып қалғаны байқалады. 
Жоғарыда  айтылған  «патшаның  тастанды  баласы»  желісі 
«Мұңлық-Зарлық», «Ер  Шеризат»  жəне  «Гүлшат-Шеризат» 
дастандарында  да  оқиға  жасаушы  желі,  сюжет  ұйытқысы 
ретінде көрінетінін байқаймыз. 
Мысалы:
Ханның буаз ханымын өлтіресің,
Басын кесіп алдыма келтіресің.
Қасына екі жендет қосып берем,
Бір түн бұл қызметті бітіресің.   
(«Ер Шеризат»).
Біреу келіп қалар деп,
Қол-аяғын берік ұстап.
Баланы суға атты енді.
(Ғашық наме. 1976-266).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет