Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар


Мифтік бейнелер: Итбас адамдар



Pdf көрінісі
бет22/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
Мифтік бейнелер: Итбас адамдар.
«Сейфүлмəлік»  дастанында  итбас  адамдар  елі  туралы 
ғажайып  оқиға  баяндалады.  Онда  маймылдар  еліне  келген 
Сейфүлмəлікке  оның  патшасы  өзінің  басынан  өткен  оқи-
ғасын баяндайды:
Мені əкеп бұл дұшпандар патша қылды,
Көндірді болмасам да осы құрды.
Итбас деген бір шаһар тағы да бар,
Маған қызық мал-мүлік, берді бұлды.
Басы – ит, сол қызының кеудесі – адам,
Мұңым көп айта берсем қайғым жаман.
Дұшпанға кіріптар боп зарланамын,
Білмейді менен хабар ата-анам. 
(Ғашық наме. 1976-114).
«Итбастар  елінің»  оқиғасы  шындықтан  гөрі  ежелгі 
мифтермен  байланысты  екені  анық.  Ежелгі  Египетте 2000-
нан  астам  ер  жəне  əйел  Құдайлар  болған.  Кей  Құдайлар 
табиғи,  əртүрлі  дүлей  күштерін,  суды,  ауаны  бейнелеген. 
Ал,  кейбіреулері  күнделікті  өмірде  қолданылатын  тіршілік 
Құдайлары  болған.  Мысалы:  өрмек  Құдайы,  егіншілік  құ-
дайы,  тағы  біреулерінің  атын  аңдар  жəне  құстармен  бай-
ланыстырған.  Оларды  еске  сақтауға  оңай  болу  үшін,  су-
ретте  итбасты,  құсбасты,  қасқырбасты,  қолтырауынбасты, 
есекбасты,  т.б.  етіп  салатын  болған.  Мысалы,  Сетх – шөл, 
боран  Құдайы  болып  есептелген.  Ол  есек  пен  шошқаның 
жəне  гиппопотамның  киесі  болғандықтан,  сол  хайуандар-
дың  бейнесінде  берілген.  Ал,  Аңубис – өлілер  Құдайы  қор-
қау  қасқыр  бейнесінде  салынған.  Хатхор – махаббат  Құда-
йы,  сиыр-басты,  төбесінде  екі  мүйізі  бар.  Аналар  Құдайы 
–  Басттың  баласы  Митос – арыстанбасты  (Чизхолм  Джейн... 
1995-20).
Бұдан,  біздің  ойымызша,  итбастар  елінің  көне  Египет 
мифтерімен  байланысты  екені  көрінді. «Адам  мен  жануар-
ды  бөлмеу,  адамды  екі  кейіпті  болады  деп  түсіну,  ол  за-
мандардағы  миф  кейіпкерін  жартылай  адам,  жартылай  жа-
нуар  түрінде  бейнелейді,  яғни  зооантропоморфтық  образ 
жасайды. Бұл, əсіресе, төтемдік мифтерде кең етек алған, ал 
кейінгі  дəуірлерде  мифтің  басқа  да  түрлерінде  орын  тепкен. 
Əдетте,  көне  төтемдік  мифтерде  бір  рулы  ел  мен  белгілі  бір 
жануарлар  тобының  төтемдік  атасы  бір  аң  деп  баяндала-
ды» (Қасқабасов  С., 1984-69). Қиссалардағы  итбасты  адам-


91
90
дар  зооантропоморфтық  бейнелер  болса  керек.  Итбас  адам-
дар  туралы  Марко  Поло  да  жазған  болатын  (Книга... 1990-
164). 
Мұсылман  мифтерінде  адамға  ұқсас,  бірақ  бір  қол,  бір 
аяқпен  жүретін  жарты  адамдар  туралы  айтылады.  Африка 
аңыздарында  адамдар  үңгірден  «жарты  қыз»  тауып  алып, 
олай  қарап,  былай  қарап, «шынында  адам  бір  қол,  бір  аяқ-
пен-ақ  əдемі  көрінеді  екен», – десіпті.  Енді  бір  елдерде 
адамның  басы  жоқ,  көзі  мен  аузы  кеудесіне  орналасқан-
дығы  туралы  айтылады  екен.  Мұның  кейбірі  ел  аузындағы: 
«бассыз үй», «бассыз ел» деген мағынаны білдіруі мүмкін. 
Сондай-ақ, «Мəлике  қыздың  хикаясында»: “Иəжүж-Мə-
жүждің  əсілі  қайдан?” – деген  сұраққа  ғалым  жігіт: «Нұх-
тың  нəбиінен  жаратылды.  Оның  түрі  итке  ұқсайды,  бойла-
ры он екі аршын, сақалы жеті аршын», – деп жауап береді. 
Қазақ  мифтерінің  негізгі  кейіпкерлерінің  бірі – Дию. 
Авестада  Ахура  Маздаға  бағынбай,  көп  Құдайға  табынған 
тайпалардың  аты – Даево.  Осы  екі  сенімдегі  маздалықтар 
мен  даеволықтардың  ұзаққа  созылған  тартыс-соғыстары  та-
рих  есінде  мықты  сақталғандықтан,  даево-диюлар  кейін 
келе  мифтік  кейіпкерге  айналып,  Орта  Азия,  Шығыс  əде-
биетінде  кең  таралып  кеткен.  Тіпті,  латын  (дивус),  француз 
(адию), орыс (дьявол) тілдерінде де бар. 
«Шаһнама»  патшаларының  өмір  бойы  соғысқан  екі 
жауының  бірі – диюлар  болатын  (Əкуан  дию).  Фирдоусиде 
диюлармен  соғысқан  патшалар:  Қайумарстың  баласы  Сия-
мақ қара диюдың қолынан өледі, оның баласы Хушанг, одан 
Тахмұрас та диюлармен соғысады. Дию – қазақ қиссаларын-
да  да  жиі  кездесетін  мифтік  кейіпкерлер. «Сейфүлмəлік» 
қиссасында  Рабиғұлмəлік  патшаның  қызы  Мəликені  дию 
ұрлап кетеді:
Дұшпан дию екенін білдім тамам,
Ойбайлап зарлық қылып болдым жаман.
Қорқып, жылап, талықсып жатқанымда,
Сол дұшпан тұрып көңіл айтты маған.
Мен – диюдың патшасы, атым – Асут,
Неше жыл сені көріп, болдым ғашық.
Екі жылда жетпейсің өз еліңе,
Мұхиттан өте алмайсың кетсең қашып.
Қиссада  диюдың  түр-түсі  нақтыланбайды,  жау  зорлық 
күші ретінде көрінеді.
Дию  бейнесі  Тұрмағамбет  шығармаларында  да  бар. 
Тұрмағамбеттің  Əкуан  диюы («Шаһнамадан»),  əртүрлі  ке-
йіпке  түсе  алады.  Бір  бейненің  түрлі  кейіпке  енуі  Авестада 
Аспанның қаһарлы Құдайы Вэртрагна арқылы көрінетін:
Қос мүйізі алтыннан,
Тамаша, сұлу өгіз боп,
Шыға келді алдынан.
Буырқанған бура боп,
Жүрер жері тура боп,
Шыға келді алдынан.
Ақ арғымақ ат болып,
Шыға келді алдынан.
Қос құлағы алтыннан,
Ноқта, жүген алтыннан. 
Тұрмағамбеттің  Əкуан  диюы  да  бірде  жылқы,  бірде  құ-
ланға айналады. Рүстем ұстайын десе, жоқ болып кетіп, ауаны 
қауып  қалады.  Мысықтай  маймалаңдап  жүре  алады,  бұлтқа 


93
92
кіріп,  көкке  ұшады,  түрлі  түске  құбылады,  кейде  «Қорқыт 
атадағы» Төбекөзге ұқсайды:
Ақ қой деп тұрған кезде ала болады,
Қараса қызыл ғой деп қара болады.
Төрт аяқ түгелімен жоқ боп кетіп,
Үш, екі, я сыйдиған дара болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет