Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет25/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
Самұрық  құс.  Солтүстік  Америка  мифтерінде  Күркіре-
уік  алып  құс  (Громовая  птица)  туралы  айтылады.  Орталық 
Америкадағы  алып  құстың  аты – Вок,  Гуракан  атты  дауыл 
мен  найзағай  Құдайының  құсы.  Гуракан  аты  Еуропаға  «ура-
ган» болып тараған (Тайлор Э.Б., 1989-174). Авестада бүркіт 
кейіпті,  сэнмура  атты  итбас,  балық  қабыршақты,  қанатты 
құс  бар.  Ежелгі  адамдар  ол  арқылы  аспан  мен  жерді  жəне 
жер  астын  билеген  дегенді  нысаналаған  (Лелеков  Л.А., 
1991-501).
Самұрық  қазақ  қисса-дастандарына,  негізінен,  иран  əде-
биеті арқылы кеңінен жайылса керек. «Самұрық» атты қазақ 


101
100
қиссасы да бар. Онда Самұрық Мағұрып пен Машырықтағы 
екі  ғашықты  қоспау  үшін  қызды  жан  баласына  көрсетпей, 
адам  аяғы  баспайтын  жерге  бағып  өсіреді.  Бəрібір  қыз  бен 
жігіт  есебін  тауып  қосылып,  балалы  болады.  Оны  білмей, 
«нар  кеудесіне»  салып,  ұшып,  Сүлеймен  пайғамбарға  қызды 
алып  келеді.  Нар  кеудесін  ашып  жібергенде,  бір  қыздың 
орнына үш адам түскенін көріп, Самұрық талып қалады. 
Тұрмағамбеттің  «Рүстем-Дастанында»  Рудабе  босана  ал-
май,  қиналған  соң,  Зал  самұрықтың  бір  тал  жүнін  тұтатқан-
да, ол ұшып келеді. 
Бір талын осы түктің салғанда отқа,
Айналды ап-ашық күн қара бұлтқа.
Жұп-жұмыр жұмыртқадай бұршақ жауып,
Бір ауыл болды душар бүкіл жұртқа. 
Адамдар көрді дағы қалды құлап,
Ойбайлап қарттар жатыр, жастар жылап.
Бұл бұршақ – Самұрықтың аққан тері,
Төгілген тез ұшқаннан жанды қинап.
Баланы  анасының  ішінен  Самұрық  құс  жарып  алады. 
«Сейфүлмəлікте»:  Сейфүлмəлік  дарияның  ортасында  жал-
ғыз қалған жерінен құс пайда болып, өлімнен құтқарады.
Пері – қисса-дастандарда  жиі  кездесетін  мифтік  кейіп-
кер.  Ондағы  оқиғалар  кейіпкердің  пері  қызына  ғашық  бо-
луынан басталады («Сейфүлмəлік», «Баһрам»).
Перілердің мекені – Ирамбақ, жағымды бейнеде көрінеді. 
Пері  мұсылман  дəуірінде  емес,  одан  да  бұрын,  тіпті  біздің 
заманымызға  дейінгі  мифтерде  айтылған.  Мысалы,  Авеста-
да – пайрика,  əйел  кейпіндегі  жағымсыз  бейнелер.  Кейінгі 
нұсқаларында  адам  кескінінде,  аң  кейпінде  болып  келеді. 
Кейде ұшып жүреді. Адамдармен қосылып, одан туған бала-
лар ерекше күшті, алып болып шығады.
«Қорқыт  ата  кітабында»  Аруздың  Қоңыр  қойшысына 
пері қызы: «Сен оғыз еліне жамандық əкелдің. Мендегі ама-
натыңды бір жылдан кейін аласың», – дейді. Пері қызы əке-
ліп тастаған түйіншектен жалғыз көзді бала шығады. 
Перілер  адамдар  еліне  қосылып,  бірге  де  өмір  сүреді. 
Пері  қызы  Бəдіғұлжамалға  қосылған  Сейфүлмəлік  екі  елді 
бірдей билейді:
Шаһзада пері, адамға үкім қылар,
Кей уақыт Ирамбаққа барып тұрар.
Мəликенің атасы Сарандилге,
Кей күні анда барып сейіл құрар.
Кей уақыт өз жұртында болушы еді,
Кей заман Ирамбаққа қонушы еді.
Өзі пері жұртына кеткенінде,
Сағадатты өз орнына қоюшы еді. 
(Ғашық наме. 1976-174).
Пері  Жүсіп  Баласағұнидің  «Құтты  білігінде»  диюмен  қа-
тар  айтылады.  Екеуі  де  жауыз  күштер  түрінде  беріледі.  Бір 
ұғымға саяды:
Қане, дию, пері, құсқа, адамға,
Ұлық болған пейілі таза жаһанда 
(Баласағұни Ж., 1986-439).
Бұл жерде əңгіме аң-құс, дию-перінің тілін білген Сүлей-
мен пайғамбар туралы болып отыр. 


103
102
Орта  Азия  мифтерінде  еркін  перілер  де  бар,  олар  бақсы-
лардың  жəрдемшісі,  тіпті  тұтас  əскер  де  құрайды  (Баси-
лов В.Н., 1991-429). Мысалы: Жүніс пері, Жұлдыз пері, Құн-
дыз пері, Мысқал пері, Рахман пері, Молда пері, т.б.
Қазақ аңыздарында су перісі де кездеседі. Кейде Қорқыт-
тың  анасы  пері  қызы  болып  та  кетеді.  Ол  Қорқытты  ерекше 
күш, өнер иесі етіп көрсетуден туған миф болуы керек. 
Қазақ  аңыздарында  періге  ұқсас,  пірлер  туралы  да  айты-
лады.  Бұл – таза  мұсылман  ұғымы,  діни  ұстаз  мағынасын-
да  болса  керек.  Өте  ескілікті  бір  «Аушадияр»  жырында 
(Иран азаматы Насрулла Тайбай-ұлы жіберген):
Аушадияр пір дейді,
Ашса кілем кірлейді.
Ата-анасын сыйлаған,
Ақ шалмалы пір дейді.
Аушадияр екі-ді,
Қорасан қалмақ кекілді.
Жаста қылған тəубеңіз,
Тас жазудай бекиді.
(Аушадияр. 1991).
Қорқыт  атаны  да  кейінгі  бақсылар  «пір»  деген.  Ежелгі 
перілердің  бақсыларға  көмекшілік  рөл  атқарғанын  ескер-
сек, «пір» де періге жақын кейіпкер болса керек:
Əуелі бақсы пірі – Қорқыт ата,
Тілеймін медет бер деп кетсе қата.
Адамнан ер Сүлеймен өткеннен соң,
Мойнына көп жамағат салған бата. 
(Марғұлан Ə., 1985-215).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет