УДК 398
ББК 82.3
© Қыраубаева А., 2010
© “Өнер”, 2010
© Көпіш Ə., (безендіру) 2010
ISBN 978-601-209-120-5
КІРІСПЕ
Бүгінгі
күннен кемінде екі жарым-үш мың бұрынғы та-
рихтар дерегінен бастау алатын қазақ əдебиеті өзінің даму
барысында талай-талай кезеңдерден өтті. Тарихтың сан
тарам жолдарында көптеген халықтармен тоғысты, мəде-
ни байланыс, қарым-қатынастар жасады. Соның айғақты
іздері қазақ əдебиетінің əр саласынан табылады. Тіпті,
біздің жыл санауымызға дейінгі ХХХ—ХХ ғасырларда
жазылған шумерлердің (сумер) «Гильгамеш» жыры мен
одан беріректегі Авестаның іздері қазақ əдебиетінде сай-
рап жатыр. Ондағы жазылған мифтер, кейін тараған Құран
хикаялары, араб-парсы, үнді сюжеттері əдебиетімізде күні
бүгінге дейін жеткен. Əдебиет арналарының Біздің жыл
санауымызға дейін-ақ басталатындығы жөнінде Су Би-
хайдың қытайдың көне деректері негізінде жазған еңбек-
тері тың дүниелердің бетін ашатындығы айқын (Су Би-
хай. 1995).
5
4
Қазақ əдебиетінің тарих бетінде айрықша із қалдыр-
ған замандары ислам мəдениетінің өркендеуі мен түрік
Оянушылығының тұсы болды. Бұл кездері ислам дінінің
аясында өркендеген араб, иран, орта азиялық елдердің
əдебиеттегі қарым-қатысы орасан зор болды. Содан да
қазақ қисса-дастандарындағы кейіпкерлер Үрім, Шын-
Машын, Бағдат, Исфахан, Мысырды еркін шарлай береді.
Тұран мен Иран, араб елдері мəдениетінің тамырластығы
біздің əл-Фараби бабадан бұрын да, кейін де жалғасқан.
Түрік (біз айтып отырған түріктердің – «түркілер» еке-
нін ескертеміз. Ол бұрын Кеңестер Одағындағы түрік ха-
лықтарын Анадолы түріктерінен ажырату үшін берілген
жасанды атау болатын. Енді рухани бірігу заманында та-
рихи атымызды қолданған орынды көрінеді) əдебиетін-
дегі нəзира дəстүрі ежелгі сюжеттерді жаңғырту идеясы-
нан шыққан. Бұл – Оянушылықтың негізгі белгілерінің
бірі. Оянушылықты қытай əдебиетінде «фугу» – көне
дəуірге қайта оралу деп атаған (фу – қайта оралу, гу –
көне дəуір). Италияда «қайта туу» деген ат берген (Лите-
ратура эпохи... 1967–12). Айналып келгенде, Оянушы-
лықтың төркіні – көне мəдениетті қайта тірілту. Осы дəс-
түр ислам мəдениеті аясындағы араб, иран, қытай əде-
биеттерінде басталған уақытта оны түрік ақындары да шы-
ғармашылық жолмен қабылдап алып, жалғастырды. Түрік
ақындарының «қайта оралуы» – ежелгі мұсылман миф-
тері мен аңыздары, антикалық ойшылдар идеясы болға-
нымен, түріктік мүддені көтеруді ұмытқан жоқ. Сондық-
тан да «түрік Оянушылығы» дегенді батыл айтуға бола-
ды. Өкініштісі сол, əдебиетімізде бұл мəселе əлі арнайы
зерттелмеген.
Оянушылық дəстүрінің көне деректері Египет əдебие-
тінде кездеседі екен. Мысалы, біздің дəуірімізге дейінгі
(əрі қарай: б.д.д.) VІІ ғасырларда Саис Ренессансының
болғандығы тарихта бар. Саис Ренессансы кейде Еуропа
Оянушылығымен (ХV–ХVІ ғ.) салыстырыла айтылады. Бір-
ақ Саис мəдениеті жаңадан өрлеудің басы емес, «аққу əнін-
дей», соңғы серпілісі болған (Смирнова В.В., 1995-24).
Египетті Александр Македонский (б.д.д. 332 ғ.) басып ал-
ған замандардан бастап, эллиндік мəдениеті (б.д.д. V–
ІV ғ.) қалыптаса бастайды, осы кездегі тарихи даму көне
Египет жəне грек-македония мəдениетінің симбиозы (ара-
ласу) түрінде қалыптасты. Сол арқылы бүкіл шығысқа
тарады. Еуропа Оянушылығы шығыстан бастау алды.
Енді əдебиет тарихындағы жаңғырту дəстүріне келетін
болсақ, Ассирия – Вавилон əдебиетінен бері қарай бар
екен. Ол кезде де бұрынғы сюжеттерді қайталай жазып,
белгілі мифтер мен культтерді жаңғыртатын болған (Смир-
нова В.В., 1995–38). Негізінен, өлең түрінде жазылып,
туындыгерлері лақап атымен ғана белгілі болған. Асси-
рия – Вавилон нəзирасы түгелімен шумерлердің əдеби
сюжеттерін қайталап берді, тек Құдайларының аттары
ғана өз заманына сай өзгертіліп жазылды. Шумердің
«Гильгамеш» жыры (б.д.д. ХХХ ғ.) Вавилон мəдениеті
дəуірінде (б.д.д. ХХ ғ.) нəзира дəстүрімен қайталап жазы-
лып қалған, бəлкім, сол арқылы кейінгі ұрпаққа жеткен.
Нəзиралық шығармалар мұнымен ғана шектелмеген.
Осы дəуірде жазылған «Даналық пірін мадақтайын» («Да
прославлю я владыку мудрости». Өлеңнің аты бірінші
жолындағы сөздерден алынған) атты шығарма да нəзира-
лық үлгіге жатады. Онда Құдайдың жолын ұстаса да,
7
6
бейнет пен азаптан шыға алмаған кісі туралы, «не қыла-
мын десе де, бəрі – Құдайдың қолында», – деген ой айты-
лады (Смирнова В.В., 1995–38). Осы мазмұндас «Вави-
лон теодициясы» (б.д.д. ХІ ғ.) жəне «Құдайдың құлы, ма-
ған бағын» (б.д.д. Х ғ.) атты шығармалар да бар. Бұл
сюжеттер кейін Тауратқа да кірген екен («Иов кітабы».
Құранда – Айып пайғамбар). Б.д.д. VІ ғасырда ассирия
патшаларының дана уəзірі «Акихар туралы повесть»
жазылған.
Шығыс əдебиетіндегі нəзирашылық дəстүріне ұқсас
үрдісті, сондай-ақ, ежелгі грек əдебиетінен табамыз.
«Нəзира» Фирдоуси заманынан өріс ала бастаған кезінде
оның негізгі тақырыптық аясы шығыс мифологиясы бо-
лып басталып, одан діни сюжеттерге, қаһармандық, ғашық-
ты мəселелеріне ауысқан деуге болады. Грек кикликте-
рінің негізгі тақырыбы да ежелгі мифология болатын. Бір
ғана «Илиада» мен «Одиссеяның» (б.д.д. ІХ–VІІІ ғ.) айна-
ласында қаншама шығарма жазылған (Немировский А.И.,
1992–308). Біздің жыл санауымызға дейінгі 700-жылдар
шамасында өмір сүрген Гесиодтың «Теого ниясы» жазы-
лып кеткен сюжетке қайта айналып соғу үрдісінің баста-
масын жасаған. Одан кейін Апполодордың (б.д.д. ІІІ ғ.)
«Құдайлар туралы сын», рим ақыны Овидийдің «Мета-
мофозасы», тіпті ескі мифологияны жаңғыртушы Гекатей
Ми летский (Генеология), Геродот («Тарих») сияқты тарих-
шылар да бар. Бұл дəстүр бірте-бірте Құдайлардың ға-
шықтық оқиғаларын суреттеуге ұласқан. Осыған қарап,
шығыс «нəзирасы» – гректің «кикликтермен» тамырлас
үрдіс деген ойға келеміз.
Қиссаның («қисса» араб сөзі – баяндау) тууына тікелей
негіз болған Құран сюжеттері, «Мың бір түн», «Тотына-
ма», «Шаһнама» желілері болғанымен, оның түпкі бас-
тауларында жоға рыдағы Ассирия-Вавилон, грек, шығыс
фольклоры, алғашқы қауымда пайда болған архаикалық
мифтер де жатыр. Қисса жанры өзінің қалыптасу кезеңін-
де осылардың бəрін сіңірді. Ол – жазба əдебиеттің бас-
талу тұсында əлі ауызша əдебиеттен ажырай қоймаған
кезеңде туған көне жыр.
Қиссаларда дүние – жаратылыстың пайда болуын, жан-
ды-жансыз нəрселердің шығу тегі мен себептерін, өзен,
тау, тас, аспан əлемі, жұлдыздар туралы түсініктер бар.
Космогониялық мифтің көріністері кездеседі. Дүниені
мекендеген əртүрлі мифтік мақұлықтар: дию, пері, жын-
шайтан, жалғыз көзді дəу, аң-хайуан бейнелі адамдар көне
заман түсініктерінен туғандығы айқын.
Қиссада адамзат дəуірлерінің қоғамдық қалыптасуы-
ның бас кездерінде пайда болған мифтік түсініктер мен
қала мəде ниетіне тəн оқиғалар астасып жатады.
Төңкеріске дейін шыққан кітаптарда мұсылман дініне
бай ланысты əңгімелерді «хикая» деген. Сондай-ақ қазақ-
тың өз өмір тіршілігінен алынған жырлар «Қисса Алпа-
мыс», «Қисса Айман-Шолпан» деп атала береді. Бірақ
оларды қисса ретінде қарастырмаймыз.
Қазақ əдебиетіндегі нəзира дəстүрі, қисса-дастан жан-
рының туып-дами бастауы ХІІІ–ХІV ғасырларға тура ке-
леді. «ІХ–ХV ғасырлар – Орта Азия, Иран жəне Солтүс-
тік батыс Индия тарихында гуманизмнің гүлдену дəуірі»
(Сəтбаева Ш., 1982–7). Алтын Орда дəуірінде туған қис-
салардан ежелгі мифтік бейненің көркем шығарма қаһар-
манына айналуын («Қисса Жүсіп»), ғашықтық тақыры-
9
8
бының көтерілуін («Хұсрау уа Шырын»), діни ағарту-
шылықтың туа бастауын («Жұмжұма») көреміз.
Қисса-дастан қазақ əдебиетінде ХІХ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде дамып-қалыптас-
ты. Онда түрік-ислам дүниесінің мол мұралары қамтылып,
заман адам дарының зердесінде қазақ мəдениетінің мың-
даған жылдық тарихы бейнеленіп: «Əне, мəселе қайда?»
– дегендей, ой түрткі салынды. Түріктік-исламдық дүние-
лердің мəні мен маңызын түсіндіруді мақсат еткені үшін,
оны жазған ақындарды «пантүрікшіл», «панисламшыл»,
– деп айыптаған кездер де болды. Əдебиетте саясаттанды-
рудың салдарынан көп жылдар ғылыми-зерттеу ныса-
насына айналмады.
Қисса-дастан мəселесінің жалпы жағдайлары М.Əуе-
зов (1959; 1991), С. Мұқанов (1974), Е. Ысмайылов (1956;
1968), Қ.Жұмалиев (1958), Б.Кенжебаев (1973; 1976),
М.Ғабдуллин (1974), Б. Шалабаев (Əдеби мұра... 1961-210-
244), Х.Сүйіншəлиев (1986) еңбектерінде сөз болды.
Қиссашы ақындарды əдебиетке кіргізіп, ақтап алуды қа-
растыру талаптарын профессор Б.Кенжебаев еңбектерінен
кө реміз. Б.Кенжебаев Шəді, М.Жүсіп, Н.Наушабаев, т.б.
шығыс сюжетіне өлең жазған ақындарды «ағартушылық
бағыттағы ақындар» деп бөлу арқылы, оларды, «кертарпа»,
«ескішіл» деген айдар тағудан ажыратып алды: «Алайда,
əне бір жылдары бізде ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін
менсінбеушілік, жете бағаламаушылық болды. ХХ ғасыр
басында бізде шын мағынасында əдебиет болған жоқ
десті. Осыдан ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін жи-
нап, бастыру, зерттеуге тиісінше көңіл бөлінбеді», – деп
жазады (Кенжебаев Б., 1973-105).
Сондай-ақ М.Бөжеевтің (1971-32), М.Бөжеев – З.Ахме-
товтың (Қазақ əдебиетінің... 1961-2-534), М. Ғұмарова-
ның (Қазақ əдебиетінің... 1960-1-429) зерттеулері осы мə-
селені алғаш кө теруімен құнды болды. Ə.Қоңыратбаев
(1994-202-226), Ы.Дүйсенбаевтың (1973) еңбектерінде жү-
йелене бастады. Қиссашы ақындардың бірі Шəді Жəңгір-
ұлының шығармашылығын Н.Келімбетов арнайы зерт-
теу тақырыбына айналдырды (1974).
Осы кездерде қисса-дастандарды жариялап жарыққа
шығару жұмыс басталды. Алғаш Ү.Сұхбанбердинаның құ-
растыруымен жарық көрген «Ғашық наме» (1976), «Қисса-
дастандар» (1986), кейін «Ғашықтық дастандар» (1994)
жəне «Батырлық дастандар» (1995) болып басылып шық-
ты. Сондай-ақ, Б.Əзі баеваның құрастыруымен «Дастан-
дар» (1990) екі томдығы жарық көрді. С.А.Қасқабасов,
К.С.Матыжановтар құрастырған «В.В.Радлов жинаған қа-
зақ фольклорының үлгілерінен» бір неше қиссалар қо-
сылды (Ел қазынасы... 1994).
Қисса-дастанды фольклорлық тұрғыда танып-білудің
маңыздылығын талдап жазған Р. Бердібаев еңбектерінің
мəні зор болды (1970; 1989; 1995-24-39).
Сексенінші жылдардан бері қарай қазақ-шығыс əдеби
бай ланыстары жөнінде елеулі еңбектер жазылды. Бұл са-
лада Ш.Қ.Сəтбаеваның (1972; 1982; 1990), Ө. Күмісбаевтың
(1982; 1989; 1994; 1996) кітаптары жарық көрді. С.Қас-
қабасов бұл мəселеге фольклор тұрғысынан келіп, тың пі-
кірлер айтты (1972; 1984). Ежелгі қиссаларды зерттеу та-
лаптары көрінді (Қыраубаева Қ. 1988; Ежелгі дəуірдегі...
1991).
Қазақтың төл романдық дастандары Б. Əзібаеваның
11
10
ғылыми жұмысында арнайы зерттелді (1990). «ХХ ғасыр-
дың бас кезіндегі қазақ əдебиеті» (1994) атты ұжымдық
кітапта Жүсіпбек Шайхұсламұлы (С.Дəуітов), Шəді Жəң-
гірұлы (Н.Келім бетов), Əсет Найманбайұлы (Б.Əбілқа-
сымов), Ақылбек Сабал ұлы (С. Дəуітов) сияқты қиссашы
ақындардың өміріне тоқта лып, «Қиссалар жəне кітəби
ақындар» (Ө. Күмісбаев) атты шағын бөлім берілген. Бұл
зерттеулерде де біз қарастырып отырған мəселені анықтай
түсуге көп көмегін тигізді. Сондай-ақ, Пекиндегі «Ұлттар
баспасынан» қазақ қиссаларының 12 том болып жарық кө-
руі мəдени өміріміздегі елеулі жаңалықтың бірі болуы тиіс.
Қисса-дастандар зерттеушілер тарапынан терминдік мə-
селелерде əртүрлі айтылып жүр: «Қисса», «қисса-хикая»,
«дастан», «рыцарлық дастан», «қисса-дастан».
Е.Э.Бертельс – «рыцарлық дастан» деп атаса (1934),
В.М.Жирмунский, Х.Т. Зарифовтар (1947), Е. М. Мелетин-
ский (1983) сондай-ақ қазақ зерттеушілерінің Б.Əзібаева
(1990) «романдық дастан» дейді. Ы.Дүйсенбаев ғашықтық
қисса-дастандарды «лироэпостық жырлар» деп есептеген
(1973). С.Мұқанов (1974), М. Бөжеевтер (1971) «қисса»
дейді. Соңғы зерттеулерде дастан атауы жиі қолданылып
жүр. «Дастан» – шығыс сюжеттеріне жазылған поэма
мағынасын береді.
Біздің тақырып ауқымымыз бойынша, бұл жанр көне
дə уірлерден бері қарай қарастырылатындықтан, «қисса-
дастан» деген атауды жөн көрдік. Өйткені, ежелден қалып-
тасқан «қисса» сөзін алып тастаудың реті жоқ. «Қисса»
– осы жанрдың мағыналық жағынан айырмашылықтары
мен ерекшеліктерін жан-жақты аңғартаты
н сөз деген
ойдамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |