Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет5/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Бірінші  тарау
ҚИССА-ДАСТАНДАРДЫҢ  МИФТІК  НЕГІЗДЕРІ
Қисса  оқиғаларының  негізгі  фабулалық  желілері  ең  көне 
шығыстық  мифтерден  бастау  алады.  Яғни,  миф  мəдениетін 
жеткізуші  ретінде  маңызды  рөл  атқарады.  Ежелгі  ғашықтық 
сюжеттердің бірі – «Жүсіп пен Зылиха» желісін алсақ, оның 
архетипі  заманымыздың  бас  кезіндегі  Иосиф  пен  Асенеф 
махаббатын  суреттейтін  грек  апокрифінде,  арғы  жағындағы, 
Тауратқа  кірген  Иосиф  пен  Потифардың  жұбайының  оқи-
ғаларында жатыр. Тауратқа дейін де неше мың жыл əңгімеле-
ніп келгенін айту қиын. Қисса сюжеттеріндегі тұрақты желі-
лері: «Тастанды  бала», «Сарай  салдырған  қыз», «Мінсіз  ке-
йіпкер», «Қыз  əкесіне  жеті  жыл  қызмет  ету», «Ирамбақ», 
«Жазира  арал», «Шын-Машын», «Кейіпкер  жанының  шөпке 
(гүлге) ауысуы», «Қасиетті жүзік», «Жұмақ-тозақ», тағы бас-
қалардың  түп-төркінін  ежелгі  мифтерден  табамыз.  Сондай-
ақ,  мифтік  бейнелер  мен  кейіпкерлердің  шығу  негізі  де 
тым  əрідегі  тылсым  замандарда  жатыр.  Оның  қым-қиғаш 
тамырларын  көне  шығыс  пен  батыстан,  түрік  пен  араб-
парсыдан,  грек  пен  үндіден,  үндіс  пен  жапон  тарихынан  да 
іздеуіміз  керек.  Қазақ  мəдениеті  деген  ұғымның  бастауы 
«Гильгамеш», «Авестамен»,  одан  да  бұрынғы  көне  мифтер-
мен, ежелгі Вавилон-Ассирия мəдениетімен ұштасады. 
Адам  санасының  дамуында  мифтік  ойлау  сатысы  өлшеу-
сіз  рөл  атқарады.  Мифтен  тұтас  пəлсафа  жүйесі  құралады. 
Мифтік  шығармашылық  адамзат  мəдениеті  тарихындағы 
елеулі  құбылыс  болып  есептеледі.  Оны  туғызған  ең  көне 
ған  «Алма  апай»  атты  жинақта  жан-жақты  баяндалған. 
Өзі  ұлы  Жамбыл  ауылына  келін  бола  жүріп,  Жəкең  атасы 
туралы,  оның  келіндері  мен  немерелерінің  естеліктерін 
ғана  емес,  сол  өңірдің  өнерлі  жандарының  əуезді  əуен-
дерін  өзі  үйреніп,  үн  таспаға  түсіріп,  елге  жеткізді.  Ата-
анадан,  келген  жеріндегі  абысын-ажын,  енелерінен,  өз  за-
мандастарынан көрген, аңғарған, оқып ойға қалған тəрбие-
тəлім мəселелеріне тереңнен ой жүгірте отырып, қазақ ұл-
тының  келешегі – жас  ұрпақтың  тəрбиесін  жетілдіру  мə-
селесін  күн  тəртібіне  қоя  білді.  Соның  не гізінде  ұлт  мүд-
десін  жеке  адамның  өзімшілдік  ниетінен  жоғары  қоюға 
мүдделі  болатын  ұрпақтар  шыңдайтын  мектептің  үлгісін 
өмірге  келтіруге  мұрындық  болды.  Мектеп  ашты.  Шын 
мəнісінде,  бұл – ерлікті  талап  ететін  еңбектің  үлгісі  еді... 
Алманың  осы  қасиеті  оның  сан  қырлы  талантының  бір 
қыры  ғана  емес,  елдің  мақсат-мүддесін  ойлай  білетін 
ақылмандығының басты көрсеткіші болатын... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет