Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар


«Патшаның  тастанды  баласы»  жəне  «аң  асыраған



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата03.03.2017
өлшемі1,39 Mb.
#7010
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

«Патшаның  тастанды  баласы»  жəне  «аң  асыраған 
бала», «мұнара  басындағы  қыз».  Бұл  əңгіме  авесталық 
Парадата  (алғашқы  адамдар),  кейінгі  ирандық  Пешдадидтер 
династиясы  заманында  одан  кейінгі  Кейанидтер  тұсында 
айтылған (Бойс М., 1988-151).
Кейінгі  деректерден  б.д.д.  ХХVІІ-ХХVІ  ғасырларда  пат-
ша  болған  Гильгамеш  туралы  жазылған  жырда  да  осы  оқи-
ға  бар  екенін  көреміз.  Кейінірек  Гильгамештің  тарихи 
тұлғасы  мифтендіріле  бастаған.  Ол 126 жыл  билік  құрған 
патша,  Урук  билеушісі  Лугальбанда  мен  Нинсун  Құдай 
ананың  баласы,  күн  Құдайы  Утуштың  ұрпағы  болып 
бейнеленген.  Осы  жыр  нұсқаларының  бірінен  «тастанды 
бала» оқиғасын табамыз.
Онда  Сəуегейлер  Урук  патшасына  қызынан  туған  жиені 
патшалығын  тартып  алатынын  айтады.  Патша  дереу  биік 
мұнара  тұрғызып,  қызын  жан  баласына  тигізбей  ұстайды. 
Бірақ  қыз  кімнен  екені  белгісіз,  бір  ұл  туады.  Патшаның 
пəрменімен  баланы  биік  мұнарадан  тастатады.  Осы  кезде 
ұшып келген бір бүркіт баланы қағып алып, бағбанға апарып 
береді.  Бағбан  баланы  асырап  өсіреді.  Бағып  алған  баланы 
Бильгамос  (Гильгамеш)  деп  атайды  (Афанасьева  В.К., 1991-
154).  Осы  жерде  Бильгамос  деп  ат  қойылуында  көп  мəн 
бар  сияқты.  Ол  VІІІ  ғасырда  Түрік  қағанатының  билеушісі 
болған  Білге  атымен  ұқсас.  Гильгамешіміз  Білге  болуы 
мүмкін демекшіміз. 
Осы  желі  кейінгі  қазақ  аңыздарында  (Мысалы, «Дың-
сұлу»)  айтылады  жəне  қиссалардың  сюжетіне  де  негіз  бол-
ған. Көбіне, патша қыздарының əкесінен бөлек, мұнара, сарай 
салдырып  тұрғаны  айтылады,  оларға  жан  баласын  көрсет-
песе де, ғашықтарымен бағбанның көмегі арқылы табысады. 
Бір сарай сонда патша салдырады,
Əр жерден ұста болса алдырады.
***
– Ей, бағбан, алтын-күміс берейін деп,
Өзіңді жақсы сыйлап жүрейін деп.
Жігітті анау жүрген шақырып кел,
Кім екен, мен жолығып көрейін деп 
(«Гүлшат-Шеризат»).
Афрасиябтың  қызы  Қаздың  да  екі  шаһары  болған.  Қа-
рақалпақтың «Қырық қызында» Гүлəйім сұлу бөлек шаһарда 
тұрады:
Қоладан қорған салдырды,
Болат пенен шойыннан,
Дарбазасын ойдырды.
Босағасын бекемдеп,
Қорғасын болат құйдырды 
(Қырық қыз. 1956-7).
Бұдан  мұнарадағы  кінəлі  қыз  оқиғасының  трансформа-

87
86
циялануын  көреміз.  Сарайды  бекемдеп,  шаһарына  жан  кір-
гізбейтіндей етіп салу желісі сақталып қалғаны байқалады. 
Жоғарыда  айтылған  «патшаның  тастанды  баласы»  желісі 
«Мұңлық-Зарлық», «Ер  Шеризат»  жəне  «Гүлшат-Шеризат» 
дастандарында  да  оқиға  жасаушы  желі,  сюжет  ұйытқысы 
ретінде көрінетінін байқаймыз. 
Мысалы:
Ханның буаз ханымын өлтіресің,
Басын кесіп алдыма келтіресің.
Қасына екі жендет қосып берем,
Бір түн бұл қызметті бітіресің.   
(«Ер Шеризат»).
Біреу келіп қалар деп,
Қол-аяғын берік ұстап.
Баланы суға атты енді.
(Ғашық наме. 1976-266).
Мифтік  жеті  саны – əлем  моделін  суреттейтін  белгілер 
тобына  жатады.  Мұсылман  мифтерінде  «төрт  құбыла»  не-
месе  «төрт  тарап», «шартарап» (парсыша:  чехор-төрт):  шы-
ғыс,  батыс,  солтүстік,  оңтүстік  координаты  ретінде  алынып, 
оған  қоса 4 саны  да  қасиетті  сандардың  бірі  болып  қосы-
лады.  Төрт  құбыла  жəне  жер  кіндігі  (ортасы)  ұғымдары 
қосылып,  қасиетті 5 санын  береді.  Баласағұнидің,  Абайдың 
«бес  асыл  іс», «бес  дұшпан»  осы  ұғымдардан  туған  деуге 
болар. 3 санының да өзіндік сыры бар:
Аспан + жер + о  дүние  (тамұқ).  Қазақтардың  түсінігі 
бойынша,  əлем  үш  бөліктен  тұрады:  жоғарғы – аспан,  яғни 
ғарыш, ортасы – жер, төмен – жер асты. Осы қасиетті 4 жəне 
3  сандарының  қосындысынан 7 саны  шығады.  Ол  ғылымда 
сакральды (ерекше) сан деп есептелінеді. Сонымен, 7 саны – 
тұтас əлем нышаны. Оған қоса, аптаның жеті күннен тұруы, 
жеті  қарақшы  жұлдызының  санының  жетеу  болуы  да  бар. 
Жапондарда бақыт Құдайы жетеу екен.
Жақып  пайғамбар  сүйікті  Рахилге  үйлену  үшін  əкесіне 
жеті  жыл  қызмет  етеді  (Таурат  желісі).  Жеті  саны  ежелгі 
түрік  əдебиетінде  сакральды  сан  екендігін  Орхон  ескерт-
кіштерінен көреміз (Жолдасбеков М., 1986-86):
Əкем қаған он жеті ер ертіпті,
Жиылып жетпіс ер бопты.
Қосыны жеті жүз ер бопты. 
Қасиетті  жеті  саны  Бөлтірік  шешеннің  баласына  айтқан 
мына сөзінен көрінеді:
Жеті атаңды біл, 
Жеті руды біл,
Жеті жарғыны біл,
Жеті құбыланы біл,
Жеті жақсыны біл,
Жеті жаманды біл,
Жеті жемді біл!
Жеті – қазақ  эпостары  мен  аңыз-ертегілерінде,  толғаула-
рында жиі ұшырасатын мифтік сан. Мысалы, жеті кəміл пір, 
жеті  жыл  зынданда  жату,  т.б.  Сондай-ақ,  ежелгі  мифтерден 
12  саны  да  ерекше  сан  ретінде  жеткен  (Жақып  пайғамбар-
дың он екі баласы, он екі ата, он екі жұлдыз).
«Мəлік-Хасан» дастанында жеті дария бар: əуелі – от, екін-
ші – су, үшінші – топырақ, төртінші – боран, бесінші – топан, 
т.б. Ал, «Таһир-Зуһрада» Таһир жеті жыл зынданда жатады. 

89
88
Мифтік уақыт – тарихи, эмпирикалық уақыт басталудан 
бұрынғы  уақыт  (Мифологический ... 1991-661). Былайша 
айтқанда,  байырғы  заман;  есте  жоқ  ескі  заман;  ерте,  ерте, 
ертеде; баяғыда. Орхон ес-керткіштерінде:
«Биікте көк Тəңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған» уақыт.
Мифологиялық  ілкі  уақыт  архаикалық  эпостардың  айна-
ласы  ретінде  алынады.  Эсхатологиялық  мифтерде  ақырғы 
уақыт  образы – ақырзаман  уақыты  орын  алған.  Қиссаларда 
мифтік  уақыттың  осы  айтылған  көріністері,  дүние,  адам, 
тұтас  əлем  жаратылысы  жайындағы  оқиғалардан  көрінеті-
нін байқауға болады. «Мифтік уақыт өлшемінде сабақтастық 
болмайды,  белгілі  бір  оқиғалық  кезеңдерді  ғана  межелей 
отырады.  Мифтік  уақыттың  мəні  нақтылы  уақыт  өлшемі-
мен  тыс  кезеңдерді  межелеп,  дүние-тіршіліктің  жаралуына 
қатысты  таным-түсінік  сұранымдарына  жауап  береді» 
(Сейдімбеков А., 1995).
Мифтік бейнелер: Итбас адамдар.
«Сейфүлмəлік»  дастанында  итбас  адамдар  елі  туралы 
ғажайып  оқиға  баяндалады.  Онда  маймылдар  еліне  келген 
Сейфүлмəлікке  оның  патшасы  өзінің  басынан  өткен  оқи-
ғасын баяндайды:
Мені əкеп бұл дұшпандар патша қылды,
Көндірді болмасам да осы құрды.
Итбас деген бір шаһар тағы да бар,
Маған қызық мал-мүлік, берді бұлды.
Басы – ит, сол қызының кеудесі – адам,
Мұңым көп айта берсем қайғым жаман.
Дұшпанға кіріптар боп зарланамын,
Білмейді менен хабар ата-анам. 
(Ғашық наме. 1976-114).
«Итбастар  елінің»  оқиғасы  шындықтан  гөрі  ежелгі 
мифтермен  байланысты  екені  анық.  Ежелгі  Египетте 2000-
нан  астам  ер  жəне  əйел  Құдайлар  болған.  Кей  Құдайлар 
табиғи,  əртүрлі  дүлей  күштерін,  суды,  ауаны  бейнелеген. 
Ал,  кейбіреулері  күнделікті  өмірде  қолданылатын  тіршілік 
Құдайлары  болған.  Мысалы:  өрмек  Құдайы,  егіншілік  құ-
дайы,  тағы  біреулерінің  атын  аңдар  жəне  құстармен  бай-
ланыстырған.  Оларды  еске  сақтауға  оңай  болу  үшін,  су-
ретте  итбасты,  құсбасты,  қасқырбасты,  қолтырауынбасты, 
есекбасты,  т.б.  етіп  салатын  болған.  Мысалы,  Сетх – шөл, 
боран  Құдайы  болып  есептелген.  Ол  есек  пен  шошқаның 
жəне  гиппопотамның  киесі  болғандықтан,  сол  хайуандар-
дың  бейнесінде  берілген.  Ал,  Аңубис – өлілер  Құдайы  қор-
қау  қасқыр  бейнесінде  салынған.  Хатхор – махаббат  Құда-
йы,  сиыр-басты,  төбесінде  екі  мүйізі  бар.  Аналар  Құдайы 
–  Басттың  баласы  Митос – арыстанбасты  (Чизхолм  Джейн... 
1995-20).
Бұдан,  біздің  ойымызша,  итбастар  елінің  көне  Египет 
мифтерімен  байланысты  екені  көрінді. «Адам  мен  жануар-
ды  бөлмеу,  адамды  екі  кейіпті  болады  деп  түсіну,  ол  за-
мандардағы  миф  кейіпкерін  жартылай  адам,  жартылай  жа-
нуар  түрінде  бейнелейді,  яғни  зооантропоморфтық  образ 
жасайды. Бұл, əсіресе, төтемдік мифтерде кең етек алған, ал 
кейінгі  дəуірлерде  мифтің  басқа  да  түрлерінде  орын  тепкен. 
Əдетте,  көне  төтемдік  мифтерде  бір  рулы  ел  мен  белгілі  бір 
жануарлар  тобының  төтемдік  атасы  бір  аң  деп  баяндала-
ды» (Қасқабасов  С., 1984-69). Қиссалардағы  итбасты  адам-

91
90
дар  зооантропоморфтық  бейнелер  болса  керек.  Итбас  адам-
дар  туралы  Марко  Поло  да  жазған  болатын  (Книга... 1990-
164). 
Мұсылман  мифтерінде  адамға  ұқсас,  бірақ  бір  қол,  бір 
аяқпен  жүретін  жарты  адамдар  туралы  айтылады.  Африка 
аңыздарында  адамдар  үңгірден  «жарты  қыз»  тауып  алып, 
олай  қарап,  былай  қарап, «шынында  адам  бір  қол,  бір  аяқ-
пен-ақ  əдемі  көрінеді  екен», – десіпті.  Енді  бір  елдерде 
адамның  басы  жоқ,  көзі  мен  аузы  кеудесіне  орналасқан-
дығы  туралы  айтылады  екен.  Мұның  кейбірі  ел  аузындағы: 
«бассыз үй», «бассыз ел» деген мағынаны білдіруі мүмкін. 
Сондай-ақ, «Мəлике  қыздың  хикаясында»: “Иəжүж-Мə-
жүждің  əсілі  қайдан?” – деген  сұраққа  ғалым  жігіт: «Нұх-
тың  нəбиінен  жаратылды.  Оның  түрі  итке  ұқсайды,  бойла-
ры он екі аршын, сақалы жеті аршын», – деп жауап береді. 
Қазақ  мифтерінің  негізгі  кейіпкерлерінің  бірі – Дию. 
Авестада  Ахура  Маздаға  бағынбай,  көп  Құдайға  табынған 
тайпалардың  аты – Даево.  Осы  екі  сенімдегі  маздалықтар 
мен  даеволықтардың  ұзаққа  созылған  тартыс-соғыстары  та-
рих  есінде  мықты  сақталғандықтан,  даево-диюлар  кейін 
келе  мифтік  кейіпкерге  айналып,  Орта  Азия,  Шығыс  əде-
биетінде  кең  таралып  кеткен.  Тіпті,  латын  (дивус),  француз 
(адию), орыс (дьявол) тілдерінде де бар. 
«Шаһнама»  патшаларының  өмір  бойы  соғысқан  екі 
жауының  бірі – диюлар  болатын  (Əкуан  дию).  Фирдоусиде 
диюлармен  соғысқан  патшалар:  Қайумарстың  баласы  Сия-
мақ қара диюдың қолынан өледі, оның баласы Хушанг, одан 
Тахмұрас та диюлармен соғысады. Дию – қазақ қиссаларын-
да  да  жиі  кездесетін  мифтік  кейіпкерлер. «Сейфүлмəлік» 
қиссасында  Рабиғұлмəлік  патшаның  қызы  Мəликені  дию 
ұрлап кетеді:
Дұшпан дию екенін білдім тамам,
Ойбайлап зарлық қылып болдым жаман.
Қорқып, жылап, талықсып жатқанымда,
Сол дұшпан тұрып көңіл айтты маған.
Мен – диюдың патшасы, атым – Асут,
Неше жыл сені көріп, болдым ғашық.
Екі жылда жетпейсің өз еліңе,
Мұхиттан өте алмайсың кетсең қашып.
Қиссада  диюдың  түр-түсі  нақтыланбайды,  жау  зорлық 
күші ретінде көрінеді.
Дию  бейнесі  Тұрмағамбет  шығармаларында  да  бар. 
Тұрмағамбеттің  Əкуан  диюы («Шаһнамадан»),  əртүрлі  ке-
йіпке  түсе  алады.  Бір  бейненің  түрлі  кейіпке  енуі  Авестада 
Аспанның қаһарлы Құдайы Вэртрагна арқылы көрінетін:
Қос мүйізі алтыннан,
Тамаша, сұлу өгіз боп,
Шыға келді алдынан.
Буырқанған бура боп,
Жүрер жері тура боп,
Шыға келді алдынан.
Ақ арғымақ ат болып,
Шыға келді алдынан.
Қос құлағы алтыннан,
Ноқта, жүген алтыннан. 
Тұрмағамбеттің  Əкуан  диюы  да  бірде  жылқы,  бірде  құ-
ланға айналады. Рүстем ұстайын десе, жоқ болып кетіп, ауаны 
қауып  қалады.  Мысықтай  маймалаңдап  жүре  алады,  бұлтқа 

93
92
кіріп,  көкке  ұшады,  түрлі  түске  құбылады,  кейде  «Қорқыт 
атадағы» Төбекөзге ұқсайды:
Ақ қой деп тұрған кезде ала болады,
Қараса қызыл ғой деп қара болады.
Төрт аяқ түгелімен жоқ боп кетіп,
Үш, екі, я сыйдиған дара болады.
***
Көрінді Рүстемге болып құлан,
Көңіліне құлан ба деп етті күмəн.
Қылышпен қуып жетіп шабайын деп,
Шаңдақты шаба берді қылып тұман.
Дегенше əне-міне барды жетіп,
Қайырылып тұрып алды айбат етіп.
Құланнан қарап тұрса түрі бөлек,
Жарқырап жалғыз көзі барады өтіп.
Белгілі  этнограф  М.С.Андреевтің  айтуынша,  Тəжікстанда 
Язгулема  деген  жердегі  тұрғындар  жұма  күнді  “Дэви 
сафеда» – ақ  Құдай  анаға  (əйелге)  арнаған,  ананы  еске 
алатын  күн  дейді  екен.  Ол  күні  жұмыс  істемейді,  құрбан 
шалады.  Қазақтың: «Ақ  түйенің  қарны  жарылды»  деуі 
осы  салтпен  байланысты  емес  пе  екен?” – деген  ой  келеді. 
«Ақ  түйе – ақ  дию»  арасындағы  дыбыстық  ұқсастықтар  да 
бар.  Ақ  дию  адамды  өлтірмейді,  тұтқындайды,  ұша  алады. 
Қара дию адам жейді (Короглы Х.Г., 1983-32).
«Шаһнаманың»  мифологиялық  бөлімдерінде  Иранның 
жауы – диюлар.  Олар  басына  қасқыр  не  ит  терісін  киеді. 
Үңгірлерде  тұратын,  теңізге  түссе,  теңіз  белуарынан-ақ  ке-
леді,  түстері  қара,  қабан  тісті,  үстін  түк  басқан.  Ғалымдар-
дың  көрсетуінше,  Мазендаран  диюы – Мазендаран  абори-
гендері. Оларды «Шаһнамада» Фридун жеңеді. Біразы өледі, 
үштен  бірі  орман,  тауға  қашады. «Шаһнама»  қаһарманда-
рының одан кейінгі жауы – Тұрандар болады. 
Дуализм  діні  дүниені  екі  абстракциялық  күш:  игілік  пен 
зұлым-дық,  шындық  пен  жалғандық  билейді  деп  түсіндіре-
ді.  Əділет,  шындық – Ахура  Мазда,  кесапат – Ахраманью 
деп  білген.  Үнді – арий  тайпаларының  əлі  ажырамай  тұрған 
кезінде-ақ екі Құдай болған – Дайуа (Дию), Ахура. Иранның 
отырықшы  тайпалары  терістік,  шығыс  шекарадағы  көшпелі 
сақ  тайпаларымен  үнемі  соғысып  отырған.  Соғыс  кесапат, 
қырсық  саналғандақтан,  диюдың  жағымсыз  бейнесі  қалып-
таса  бастаған.  Осы  дию  бейнесі  көрші  түрік-моңғол  тайпа-
ларының  арғы  аталарына  да  сол  жағымсыз  үлгіде  ауысқан 
(Дүйсенов М., 1986-201).
«Баһрам»  қиссасында  Баһрам  өгіз  басты  Дозақып  дию-
мен, одан соң оның інісі Зақып диюмен соғысып жеңеді. Өгіз 
басты  менатавр,  итбасты  кейіпкерлер – көне  заман  адамда-
рының  төтемдік  түсінігі. «Оғыз  қаған  жырында»  Оғызды 
жорыққа  көкжал  бөрі  бастап  отырады.  Ол  заманда  жорыққа 
бөрі  басты  атпен  шығатын  болған.  Яғни,  аттың  басына  бө-
рінің  бейнесін  тігіп,  кептей  кигізетін  болған.  Осы  суретті, 
тіпті,  туға  да  салып  қойған.  Сүйімбайдың  атақты  «Бөрілі 
менің байрағым», – деуі осыны аңғартады. 
Иран  мифтеріндегі  диюлар  ересен  алыптар,  үсті  басын 
түк  басқан,  өткір,  ұзын  тырнағы  бар,  ұсқынсыз  бейнеде  су-
реттеледі. Олар да адам аяғы баспайтын жерлерде, тіпті көл-
дің  түбінде  де  өмір  сүреді.  Онда  олар  жер  қазынасын – ал-
тын-күміс,  қымбат  тастарын  қориды.  Адамдарды  жек  кө-
реді,  ұстап  алса,  қараңғыға  қамап,  күніне:  түсте  екі  адам, 
кешке екі адамнан жейді (Мифологический... 1991-203).

95
94
Фирдоусидің  «Шаһнамасында»  дию  Сəпит  Кейқауыс  əс-
керінің көзіне күл шашып, соқыр қылып тастайды. Артынан 
келген  Шабарман  бұл  хабарды  Рүстемге  айтып,  ол  жолға 
шығады.  Бір  жерде  бақ  ішіндегі  сарайға  келсе,  құрулы  тұр-
ған  тақты  көреді.  Бір  сұлу  қыз  шарап  ұсынады.  Аяғы  артқа 
қарай  маймақ  екенін  көріп  қалып,  жəдігөй  екенін  біліп,  екі 
аяғын екі айырып тастайды. 
Алдынан  қашқан  киікті  қуса,  бір  жерге  келгенде,  диюға 
айналып  шығады.  Оны  да  қылышпен  шауып  тастайды.  Ол 
өлген соң су ағып, күн салқындайды. 
Енді  бірде  тоғайда  ұйықтап  жатқанда  тағы  бір  дию  жо-
лығып,  оның  құлағын  жұлып  тастайды.  Дию  құлағын  ба-
сып  қашып  кетеді.  Аулад  дейтін  бастығын  да  жеңеді.  Оны-
мен дос болып, Ауладтың көмегімен диюларды жеңеді. 
Армян мифтерінде де диюлар – жауыз күш иесі, алыптар, 
кейде  антропоморфты  (кісі  бейнелі),  кейде  зооморфты  (аң 
бейнелі) болып келеді. Тіпті екі, үш, жеті басты болады. Ерен 
күшті,  тау  басында,  қараңғы  үңгірде,  не  елсіз-күнсіз  жерде 
өмір  сүреді.  Үш,  жеті,  қырық  болып  топтасып  жүреді.  Қол 
астында  қазынасы  бар,  сұлу  қыздарды,  ханзадаларды  ұрлап 
əкетеді. 
Дию – мифтерде  көбіне  ер  адам  кейпінде,  пері – əйел 
бейнесінде  беріледі.  Армян  мифтерінде  əйел  диюлар  да  бар 
екен.  Олардың  анасы  алып,  кеудесі  үлкен,  оны  иығынан 
асырып,  салақтатып  қояды.  Балаларға  қарағанда,  адамға 
жауыздығы аздау (Сонда. 203).
«Сейфүлмəліктегі»  Зəңгі  қызы – дию  əйел  бейнесінің 
трансформациялануы болуы мүмкін:
Қызартып қара жүзге опа жаққан,
Басына үкі орнына балдыр таққан.
Қасына қара көмір сүрме тартқан,
Емшегін бір сабадай салақтатқан.
Дұшпанның бойын көрсең мұнарадай,
Ауызы үлкен үңгір, терең жардай.
Көзі бар үзеңгідей, мұрны көрдей,
Қалқиған құлақтары шаранадай. 
(Ғашық наме. 1976-111).
Дағыстан  мифтеріндегі  дию  жалғыз  көзді  дəу  болып  ке-
леді.  Анасы  бауырларымен  бірге  үңгірде  тұрады.  Адамдарға 
қастандық  жасайды.  Лактардың  «Төбекөз  дəу»  аталатын 
мифіндегі  оқиға  «Қорқыт  ата  кітабындағы» «Төбекөз  дəуді 
өлтірген  Бисат  батыр»  жырымен  бірдей.  Жалпы  алғанда, 
дию – дəу  бейнесі  бір  кейіпкер  екенін  аңғаруға  болады. 
Кіші  жəне  Орта  Азиядағы,  Қазақстан,  Кавказ,  Батыс  Сібір, 
Еділ  бойындағы  түрік  текті  халықтардың  бəрінде  де  дию – 
жауыз  күштің  иесі.  Кейде  дию  мен  пері  бейнесі  бірігіп  те 
кетеді. 
«Қорқыт ата кітабындағы» дию Төбекөз – пері мен адам-
нан  туады.  Қайраттылығы  айдаһардай,  айбаттылығы  арыс-
тандай  алыпқа,  онымен  күресуге  Оғыз  батырларының  ішін-
де арыстан емізіп өсірген Бисат қана төтеп береді. 
Жырдағы  Төбекөз,  перінің  қызы,  ана-арыстан  сияқты 
мифтік  кейіпкердің  болуы  оқиғаның  өте  көне  замандарда 
туғанын  көрсетеді. «Қараңғы  түнде  адассам,  құбылам – Тə-
ңір», – деуі  исламнан  бұрынғы  сенім.  Батырлардың  күшті 
аңдар  кейпінде  болуы  не  оларды  аңдардың  асырап  өсіруі, 
адамның  ең  үлкен  жауы – аңдар  болған  ежелгі  замандар-
ды  елестетеді.  Төбекөз  сюжеті  «Еділ-Жайық»  жырларында 
ауызша  сақталған.  Еділ  аң  аулап  жүріп,  жалғыз  көзді  дəудің 

97
96
үңгіріне  тап  болады.  Сол  жерде  дəумен  алысып,  жалғыз  кө-
зіне қызған темір тығып өлтіреді. 
Төбекөз аңызының қазақ арасында кең тарағанының тағы 
бір  белгісі – Орта  ғасырлық  қыпшақ  жазушысы  Əбубəкір 
ад-Дудари  де  осы  аңызды  естіп,  жазып  кеткен  екен  (Мар-
ғұлан  Ə., 1985-161). Қазақ-тар  оны  «жалғыз  көзді  дəу»  деп 
атаған. 
Ежелгі  аңыздардағы  ортақ  мифологиялық  кейіпкер – Тө-
бекөз  бен  «Одиссеядағы»  Полифем  ұқсас.  Төбекөздің  нен-
дей  жағдаймен  байланысты  шыққан  бейне  екені  туралы 
болжамдар  бар.  Х.Короглының  айтуынша,  Алтай  тауын 
мекендеген  аримаспы  тайпалары  мерекеде  төбесіне  бояумен 
жалғыз  көз  салатын  болған.  Содан  олар  төбекөз  атанған. 
Кейін  келе,  тайпа  аты  жеке  кейіпкердің  атына  ауыс-қан  бо-
луы  мүмкін.  Көрші  тайпалар  əлгі  белгісіне  қарап, «жалғыз 
көз», «төбекөз»  деп  ат  берген.  Уақыт  озып,  бір  кездегі  əң-
гімелер  енді  ертегіге  айналғанда,  төбекөз  белгілі  бір  тайпа 
емес,  жеке  адамға,  ертегінің,  эпостың  қаһарманына  айнала 
бастайды. Қалай десек те, Төбекөз түрлі жағрапиялық ортаға 
ауысқан  кейіпкер.  Германия  ғалымы  Диц  гректер  Полифем 
аңызын  күншығыс  елдерінен  алған  деп  дəлелдеген.  Сондай-
ақ,  В.М.Жирмунский  «Алпамыс»  жыры  мен  Гомердің 
«Одиссеясы» арасында көптеген ұқсастықтар бар деп тапқан. 
Шығысқа кең тараған «Хұсрау-Шырын» немесе «Фархад-
Шырын»  оқиғасын  алатын  болсақ,  оның  аңыздық  нұсқала-
ры  да  бар.  Онда  тауды  бұзып,  қала  салған  Фархад – дию. 
«Дию қала» аңызы соны көрсетеді. Онда Фархад дию Хорезм 
патшасының  қызы  Шырынға  ғашық  болады.  Патша  Фархад 
диюға  тас  қала  салдырады.  Қала  салынып  бітуге  таянғанда 
мыстан  кемпір  келіп,  Шырынның  өлімін  естіртеді.  Бірақ, 
Шырын  өлмеген  еді.  Əдейі  Фархадтан  құтылу  үшін  айтқан 
болатын.  Мұны  естіген  Фархад  дию  соңғы  тасты  өз  басына 
түсіріп өлтіреді.
Жылан, айдаһар-аждаһа. Жылан, одан ұлғайған – айда-
һар  бейнесінің  əдебиеттегі  ең  ілкі  түрлері  «Гильгамеш» 
жырынан  көрінеді.  Онда  Гильгамеш  теңіз  астынан  өлмейтін 
гүлді  алып  шығады.  Бірақ,  ол  гүлді  бір  жылан  ініне  алып 
кетеді.  Соның  кесірінен  Гильгамеш  өлмейтін  бола  алмайды 
(Эпос... 1961-57-82). ХІІІ-ХІV  ғасырлардағы  түрік  əдебие-
тіндегі  қиссаларда  Нұх  пайғамбардың  кемесін  бітейтін  жы-
лан  бейнесіндегі  «Гильгамеш»  жыланына  жақын  екенін  кө-
реміз.  Бұл  жылан  бейнесінің  əлі  іріленбеген  тұсында  туған 
сюжет  деуге  болады.  Ал,  Авестадағы  жылан  үш  басты  бей-
неге енген:
Хваноға Ахура Мазданың оты
Зымырандай ұшты.
Артынан үш басты жылан Дахака қуды 
(Авеста. 1993-162).
Аждаһаның  көне  грек,  индоеуропалық  мифтерде  көпте-
ген  параллельдері  бар.  Мидия,  Кəбіл  жерлеріндегі  кей  ел-
дер  өзінің  ата-тегін  аждаһадан  таратады.  Жылан  бейнелі 
жауыздық күш ретінде Фирдоусидің «Шаһнамасында» Авес-
та  мифтерінен  кіргені  анық. «Шаһнама»  арқылы  бүкіл  шы-
ғысқа кең тараған мифтік бейне. 
Зоххак  бейнесі  авесталық  үш  басты  аждаһаның  жалға-
сы  деуге  болады.  Ортасындағы  адам  басы  мен  екі  иығында-
ғы  екі  жылан – үш  басты  жылан  бейнесінен  көрініс  береді. 
Ол алғашқы патша Иимадан соң патша болған.
«Шаһнамада» Зоххак – араб патшасы Мардактың баласы. 

99
98
Оны  Ібіліс  алдап,  жыланға  айналдырады: «Мен – асқан  ас-
пазбын,  қызметіңе  ал», – дейді.  Патшаның  асханасына  кі-
ріп  алған  соң,  Ібіліс  адамзатқа  қастандық  жасамақшы  бо-
лады.  Ол  заманда  адамдар  шөпті  ғана  жейді  екен,  малдың 
етін жемейтін болса керек. 
Ібіліс  патшаға  əуелі  жабайы  құс  пен  аңның  етін  пісіріп 
бере бастайды. Бірінші күні жұмыртқаның сары уызын, екін-
ші  күні  ақ  қырғауылдың  етін,  үшінші  күні  қой  етін,  төртін-
ші  күні  жас  өгізшенің  етін  асып,  қоңыр  қызыл  шараппен 
шылап,  хош  иісті  шөппен  сəндеп,  жегізеді.  Зоххак  риза  бо-
лып, Ібілістен не қалайтынын сұрайды. Сонда Ібіліс: «О, пат-
шам,  маған  ештеңенің  керегі  жоқ,  ақ  жүзіңді  көргеніме  ри-
замын.  Тек  бір-ақ  тілегім  сол,  иығыңа  ернімді  тигізсем, 
бақыттымын», – дейді.
Ібілістің  пісірген  тамағының  дəмі  аузында  тұрған  патша 
рұқсат  етеді.  Ібілістің  Зоххактың  иығына  ерні  тиюі  мұң 
екен,  екі  иығынан  екі  жылан  ирелеңдеп  өсіп  шыға  келеді. 
Шауып  тастаса,  қайта  шығады.  Тəуіп,  дəрігердің  бірі  де 
амалын таба алмайды. 
Осы  кезде  Ібіліс  түрін  өзгертіп,  дəрігердің  кейпіне  түсіп, 
қайта  келеді  де: «Жыланды  шауып  тастағанымен,  құтыла 
аламайсың,  одан  да  адамның  миын  жегізіп  отырсаң,  тыныш 
табады», – дейді.  Сөйтіп,  Ібіліс  жер  бетінен  адамзатты  жо-
йып жібергісі келеді (Брагинский И.С., 1972).
«Шаһнама»  жəне  басқа  көптеген  қисса-дастандарда  жы-
лан  самұрық  құстың  балапанын  жемекші  болғанда,  бала-
пандарды батыр құтқарады:
Айдаһар бұл шаһарда болған тажал,
Кез болды, балам, бізге осындай хал.
Көп жұртқа мөрді басып ала бердім,
Сөзіме, балам, менің құлағым сал.
Өлтірсең айдаһарды қайрат қылып,
Қыз түгіл, астымдағы тағымды ал 
(Қазақ қиссалары. 1986). 
Бұл – «Əділ-Зайыт» қиссасының үзіндісі.
«Гүлшат-Шеризатта»  Гүлшаттың  түсіне  Шеризат  батыр 
аждаһа бейнесінде кіреді:
Көрінген аждаһа боп ер екен сол,
Ойланып саған қастық жүр екен сол.
Қолыңнан тақытыңды тартып алар,
Япырмау кім екенін білмеймін сол.
«Сейфүлмəлікте»:
Көреді Сейфүлмəлік бір айдаһар,
Əлемді ашуланса бір-ақ жалмар.
Келді де балапанға тұра ұмтылды,
Болдырып отыр еді құс жануар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет