Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар


«Қисса-Жүсіп» (ХІІІ  ғ.)  жəне  «Жүсіп-Зылиха» (ХХ  ғ



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата03.03.2017
өлшемі1,39 Mb.
#7010
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

«Қисса-Жүсіп» (ХІІІ  ғ.)  жəне  «Жүсіп-Зылиха» (ХХ  ғ. 
басы) нұсқасы. 
Қазақ  арасында  «Жүсіп-Зылиха»  деген  атпен  белгілі  бол-
ған  бұл  сюжеттің  негізін  ежелгі  мифтерден,  Таурат  пен  Ін-
жіл,  Құран  оқиғаларынан  алып,  алғаш  түрік  əдебиетінде 
ХІІІ ғасырда (1212-1233 жылдар арасы) тірілткен адам – Əли. 
Одан  кейінгі  ХV  ғасырда  «Иусуф  уа  Зулайха»  атты  поэма 
жазған  Дүрбек,  өзін  осы  сюжетті  түрік  тілінде  бірінші  жаз-
ған  кісімін  деп  білген  (Дүрбек., 1959-22-23). Науаиды  зерт-
теуші  ғалымдар  оның  ақындар  антологиясындағы  үш  жүз 
отыз  алты  ақын  өмірінен  келтірген  деректерінің  ішінде 
«Қисса  Жүсіптің»  туындыгері  Əли  туралы  ештеңе  айтыл-
майтынын  көрсетеді  (Джавад  Алмаз., 1960-2). Олай  болса, 
бұл  шығарма  Дүрбек  пен  Науаи  өмір  сүрген  ортаға  белгісіз 
деген сөз.
Ал, «Қисса  Жүсіпті»  көбірек  зерттеген  татар  ғалымдары 
Тагиржанов  Г.,  Джавад  Алмаз,  Усманов  М.,  Хисамов  Н.Ш. 
бұл  ескерткішті  ежелгі  Бұлғар  бойынікі  деген  дəлелдер  кел-
тіруге тырысады. (Тагирджанов Г., 1970; Усманов М.А., 1972; 
Хисамов  Н.Ш., 1979). Одан  бұрынырақтағы  орыс  түрко-
логтары  Самойлович  А.Н.,  Бертельс  Е.Э.,  Броккельман  К., 
Э.Нəжіп  сияқты  ғалымдар  бірі – Кіші  Азияда,  бірі – Орта 
Азияда,  бірі – Еділ  бойында  туған  дейді.  Орта  Азияда  туды 
деуіне  себеп  болған  нəрсе – Əли  қиссасының  сопылық 
көзқарастары  тұрғысынан  Ахмет  Йассауи  «Хикметтеріне» 
ұқсастығы болатын (Тюркологический ... 1972).
Біз неміс ғалымы К.Броккельман айтқан, бұл қиссада оғыз 
тілінің элементтері көптiгiн тілге тиек ете отырып, оны Бұл-
ғар  ескерткіші  дегеннен  гөрі,  оғыздардың  ежелден  мекені 
Сыр  бойы  екенін  ескеріп,  осы  өңірде  туған  қисса  деген  пі-
кірге  келеміз.  Бұл  қиссаның  қазақ  арасында  кең  тарағанын 
ХХ  ғасыр  басындағы  Жүсіпбек  Шайхұсламұлы,  Құлмұхам-
мед  Байуғлы  нұсқаларының  жазылуынан  аңғаруға  болады 
(Қыраубаева А., 1988-59-60). «Қисса Жүсіптің» Йассауи шы-

119
118
ғармаларының  дəстүрін  жалғастырғаны  жөнінде  Қожа-тү-
рік  Анкарадан  шыққан  «Түрік  əдебиеті  тарихы» (1964) ең-
бегінде: «Йассауидің  діни  шығармаларында  қалыптасқан 
түрік  төрттағандары  үлгісінде  өлеңмен  жазылған  Əли  ро-
маны қандай тамаша!» – деп тамсанады. 
Əлидің «Қисса-Жүсібі» қарапайым, түсініктілігімен ерек-
шеленеді.  Өйткені,  онда  ежелгі  «Иосиф»  мифтерінен  (ол 
ту ралы бірінші тарауда айтып өткенбіз) Иосиф пен Потифар-
дың  жұбайының  оқиғасы  ғана  бөлек  алынып,  басқаларын 
осы фабулалық желінің айналасына жинақтаған. Сөйте тұра, 
өзіне  дейін  Фирдоуси,  Ансари  жазған  парсы  поэзиясының 
ықпалына  берілмей,  түрік  өлеңінің  үлгісімен,  төрт  жолды 
өлең  түрімен  шығарады.  Тағы  бір  ерекшелігі – түрік  фольк-
лорын  пайдаланады.  Осылардың  өзі  Əли  шығармашылы-
ғынан  түрік  Оянушылығының  көріністері  байқалатынды-
ғының  куəсі  деуге  болады.  Осы  тұста  Е.Э.Бертельстің  мына 
пікірін келтіре кеткен жөн:
«Əли  парсылық  туындыгерлердің  ізімен  кеткен  жоқ.  Өз 
халқының  өлең  үрдісін  сақтап  отырып,  шығармасын  төрт-
таған  түрінде  ааба  схемасымен  жазып  шыққан.  Бұл  өлең 
түрі  бірқатар  түркі  халықтарында  қазіргі  күнде  де  қолданы-
лады (Бертельс Е.Э., 1939. №9). 
«Қисса-Жүсіптің»  көшірмелері  Берлин,  Дрезден,  Ленин-
град,  Қазан  қалаларында  сақтаулы.  Қазан  кітапханаларынан 
жəне  жеке  адамдардан  жүзге  жуық  көшірмелері  табылған 
(Джавад  Алмаз, 1960). Бірнеше  рет  кітап  болып  басылған. 
Бұл  қиссаның  қазіргі  қазақ  тілінде  белгілі  қиссашыл  ақын 
Жүсіпбек қиссасын қатар ала отырып қарастырдық. 
Жүсіп пайғамбар оқиғасын парсы-түрік тілдерінде көпте-
ген  ақындар  жазды.  Оның  түпкі  нұсқасы,  əрине,  Құранның 
12-сүресі  жəне  Фирдоуси  жырлаған  «Жүсіп-Зылиха».  Бірақ 
Əли,  Жəми,  Дүрбек – үшеуі  сүйенген  бір  ортақ  негіз  ХІ 
ғасырда  өмір  сүрген  Герат  ғалымы  Абдаллах  Ансаридің 
(1006-1088)  прозалық  сюжеті  екені  анықталып  отыр.  Оны 
алғаш  салыстырып  зерттеген  Е.Э.Бертельстің  шəкірті  өзбек 
ғалымы  Э.Р.Рустамов (1966), татар  ғалымы  Н.Ш.Хисамов 
(1979)  болды.  Ал  Фирдоуси  «Жүсіп-Зылихасын»  жазғанда 
ІХ  ғасырда  өмір  сүрген  Табаридің  Құран  тефсірін  қарағаны 
мəлім.  Рабғузидің  «Қисас-ул  əнбиасындағы» «Қисса-Жүсі-
бі»  Ансаридің  ғазал  аралас  келіп  отыратын  прозалық  шы-
ғармасы «Анис Мүридин уа шамс ал-маджалисіне» «Мүрид-
тер  досы  жəне  мəжілістер  күні»)  сүйеніп  жазылған  деген 
пікір бар. 
Əли  бұл  шығармасын  араб-парсы  тіліндегі  кітаптардан 
алған-дығын өзі де көрсеткен: 
Исуф саучы қиссасын қылдұқ ғайан,
Ғараб ғажам діл етдінче қылдұқ байан. 
(Қисса  мəтіні  Қазан  баспасынан  түсірілген  микрофильм-
нен  жəне  Хисамов  Н.Ш.  ұсынған  нұсқалардан  алынды.  Ау-
дармасын өзіміз жасадық). 
Қиссадағы  кемел  əкім  бейнесі.  «Қисса  Жүсіпте»  Пла-
тонның,  əл-Фарабидің,  Ж.Баласағұнидің  тұтас  идеал  ел  жү-
йесі  жалғасын  тапты.  Орхон  ескерткіштерінде  де  ел  қамын 
ойлап, «күндіз  отырмайтын,  түнде  ұйықтамайтын,  қызыл 
қанын  ағызып,  қара  терін  төгетін»  кемел  көсемдер  бейнесі 
жасалған болатын. 
Түрік  əдебиетінде  Баласағұни:  басшысы – əділ,  ақылды, 
мейірбан;  уəзірі – ақылман,  елмен  қарым-қатынасты  жетік 
білетін;  хас  хажабы – (сарай  министрі)  сырты  сұлу,  жібі 
түзу, жаны бай; қазаншысы – арамдыққа жол бермейтін мем-

121
120
лекет  жүйесін  жасады.  Онда  көршімен  қарым-қатынас,  жар 
таңдау,  ұл-қыз  тəрбиесі – бəрі-бəрі  айтылады. «Ай  маңдай-
лы  ұл-қыз  туса  алдында,  үйінде  өсір,  бөтен  жерде  қал-
дырма».
Баласағұнидің  ел  басқарған  бекке  қояр  талабынан  мінсіз 
билеуші бейнесі көрінеді:
1. Бек: көрікті болсын – жауы күйінсін, 
Орта бойлы болсын – көзің сүйінсін. (20836)
2. Шарап ішпе, зинақорлық қылмағын, 
Құтың қашар, басыңа мұң шырмалып. (2091)
3. Кішіпейіл, болсын жарқын мінезі,
Кішілерді кешіре алсын бір өзі. (2022)
4. Ел ханына лайық ойдың теңізі,
Ел сүйінер шындық болсын лебізі. (21246)
5. Бірі – елге əділ заңды қаратқын,
Екінші – əскер, ерге күміс таратқын. (2133)
6. Жаны жұмсақ, сақилығы жарасып,
Мейіріммен жүрсе жұртқа қарасып. (2073)
7. Болсын бектің сөзі берік, ісі анық,
Халық сенсін! Халық сенсе – күш алып! (2038)
8. Болу керек бек жігерлі, бек сергек,
Салғырт болса – оған қалай ел сенбек! (2014)
 9. Ұят – қасиет, нұр құяды өңіне,
Ол сүйрейді ізгіліктің өзіне. (2009)
10. Болу керек бек білікті, ақылды,
Емде ақылмен ауру шалмас басыңды (1969), – дей келіп:
 
Осындай бек – болар халық көсемі,
Ұрпағы өссе – даңқы өседі, – деп түйіндейді.
Біздің  ойымызша,  Баласағұни  осы  кітабын  жазғанда,  бұ-
рынғы  Білге  мен  Тоныкөк,  Күлтегіндерді  біліп,  солардың 
жырдағы  тұлғасына  қарап,  оны  елестете  отырып  жазған 
болса  керек.  Ақын  оларды: «Өтүкен  бектері»  деп  атаған. 
Осы  атау  əдемі  де  сəтті  табылып  айтылған  секілді,  бүгін  де 
белгілі  түрік  көсемдерін  «Өтүкен  бектері»  десе,  орынды-ақ 
болар еді деген ойдамыз. 
Орхон  ескерткіштерінде  «автор  соғыс  жүргізіп  барып  қа-
ратып  алған,  өзге  елмен  шектесетін  мекеннен  ертедегі  түр-
кілер əуелде орда көтерген мекенді – «түріктің ыдұқ (қасиет-
ті)  жер-суын»  бөліп  айтады.  Ол – Орхон  өзені,  Өтүкен 
тауы,  Алтай  мен  Жоңғар  (Сол  қар – сол  қол).  Ол – Алатау 
сілемдері,  Іле  бойы.  Автор  сол  «ыдұқ  жер-суда»  түркі  хал-
қын  қозғалмай  отыруға  үгіттейді.  Түркі  ордасының  бөлі-
ніп,  жерді  тастап,  қаша  көшуге,  əсіресе,  Хуанхэ  өзеніне, 
Ордосқа  қарай  баруына  қарсы.  Ол: «Сен  көшпе,  ол  жерге 
барсаң, түркі халқы, құрып бітесің. Өтүкен жерінде отырып, 
алым  үшін  керуен  жіберіп  тұрсаң,  дүниең  көп,  қайғың  жоқ 
болады.  Өтүкенде  отырсаң,  мəңгілік  бірлігің  бұзылмайды», 
–  дейді  (Өмірəлиев  Қ., 1985-45). Олай  болса,  осы  сөздерді 
айтып  отырған,  оны  тасқа  қашап  жазып  кеткен  VІІІ  ға-
сыр  түріктерінің  көсемін  «Өтүкен  бектері»  деуі  көңілге 
қонымды көрінеді. Баласағұни былай дейді:
Не дегенін тыңда, Өтүкен бегін де,
Есті сөзбен ер атанған тегінде:
Шыншыл, сара басшы керек халыққа,
Халық үшін түсіп шығар тамұққа.
Халыққа жақ, көңілі – тоқ, көзі – тоқ,
Ойы терең, тілі майда, сөзі – шоқ...

123
122
Жасай алар ізгілік пен ірілік,
Заң, ұятты сақтай білер жүгініп. (1692-1965)
Өтүкен – түрік  жұртының  қасиетті  мекені,  ежелгі  шаңы-
рақтың  шамын  жағып,  түтінін  түтеткен,  сүттей  ұйып,  тір-
шілік еткен жер ретінде жазба əдебиетте қалған.
Түрік  жұрты  елінің  бүтіндігі  үшін  жан  беріп,  жан  алған 
Алып – Ер Тұңға бекті де қадірлей еске алып, оған арналған 
жоқтау  жырында  ел  бегінің  кемел  бейнесін  жасайды.  Ол 
Фирдоусиде – Афрасияб,  Авестада – Франграсиан,  бауыры-
ның  аты – Агрерата.  Яғни,  зороастр  діні  шыққан  заманның 
өзінде мифке айналып үлгерген бейне (б.д.д. ХV ғ.).
Осының  өзі  Афрасиябтың  жиынтық  бейне  екенінің  дəле-
лі болса керек. Зерттеуші, жазушы Т.Жұртбаев та осы пікірді 
айтыпты.  Ар  Афрасиябты  «Ишпақай  немесе  оның  немересі 
–  Мəди  патша» – деген  ұсынысын  ғалым  өз  дəлелдерімен 
толықтыра түсер (Жұртбаев Т.,1994-94).
Алып – Ер  Тұңға  патшаның  «Жоқтау  жырындағы»  бей-
несінен мынаны көреміз:
1.  Аяулы  ер:  Түрік  көсемінің  өліміне  елдің  қабырғасы 
қайысып, «жүрегі  жыртылып,  қайғы  солдырып»,  əйелдердің 
«меңді жүзі сарғайды».
2. Бектердің бегі: «Бектердің бегін алып кетті,
Қашса қалай құтылар».
3. Атқан оғы дəл тиіп межені күйретер күшті ер:
«Оғын атса дəл кезеп,
Кім тоқтатар көлбеу кеп.
Тауды атса көздей кеп,
Шың шатқалы қақырар».
4. Білімді батыр: «Білімді батыр жүнжіді,
Замана аты жаншыды».
5. Ізгі: «Ізгілер тəнді жидіді,
Жерге тиіп сүртілер» 
(Өмірəлиев Қ., 1985).
Баласағұни  жасаған  бектердің,  Өтүкен  бектерінің,  Алып 
– Ер Тұңға бектің де кемел бейнелері ХІІІ-ХІV ғасыр əдебие-
тінде  жалғасын  тапқан.  Сəйф  Сараидың  «Гүлстан  би-т-түр-
киіндегі»  Əмір  Тейхасбегі,  Хорезмидің  «Махаббат  намасын-
дағы» Қожабегі – кемел патша бейнесі желісіне қызмет етеді. 
Сəйф Сараидың Əмір Тейхасбегінің сипаты төмендегідей:
Ол – мейірім бұлағы, қайырымдылық – қанында,
Ізгі аты – дəйім ел аузында.
Дін, дүние, атақ-даңқ – бəрі өзінде. 
Білімнің бұлағы, тамаша жан,
«Гүлстанның»  сəні – Тейхасбек  (Ежелгі  дəуірдегі... 1991-
269).
«Тейхасбек  төрелік  айтса,  қара  қалды  қақ  жарады,  Ха-
тымтайдай  мырза,  сөзі – жауһар,  арыстан  жүректі  ер» 
(Сонда).
Əділ  патша  бейнесін  «Қабуснамада» (1082-1083), өзінің 
ұлы  Гиланшаһқа  арнап,  пайғамбар  жасына  келгенде  Кей-
қауыс  дана  да  жазған.  Ақыл-кеңестері  түгелімен  Баласа-
ғұни мен Əли ойларына үндеседі:
«Ей,  перзентім,  егер  падиша  болсаң,  өзіңді  жаман  істер-
ден  аулақ  ұстай  білгін...  Жан  дүниең  таза  болсын.  Əрдайым 
шыншыл болып, кем сөйлеп, аз күлгін... Əрдайым кешірімді 
болуға  əрекеттен,  Құдайдың  пенделеріне  рақымды  бол.  Ал 
рақымсыздарға  рақымсыз  болу  артық  емес...  Алты  нəрсені 
əрдайым  есіңнен  шығарма.  Олар:  сестілік,  əділеттілік,  қа-
йырымдылық,  мейірімділік  пен  мəдениеттілік,  шындық», – 
дейді (Қабуснаме. 192-145).

125
124
ХІІІ  ғасырдағы  түрік  əдебиетінде  осы  дəстүрді  жал-
ғастырушы  Əли  «Қисса  Жүсіпте»  негізгі  кейіпкер  Жүсіп 
бейнесі  арқылы, «əділ  де  қадірлі  патша  қандай  болуы  ке-
рек?» – деген  сұраққа  жауап  іздейді.  Сөйтіп,  мінсіз  патша-
ның тұлғасын жасап шығады. 
Жүсіп – сұлулық  нышанына  айналған  кейіпкер.  Өйткені, 
Таурат-Інжіл,  Құрандағы  Жүсіптің  бірінші  қасиеті – сұлу-
лығы  болатын  (Иосиф  Прекрасный).  Бірақ,  Жүсіп  пайғам-
бар бала күнінде өзін айнадан көріп, таң қалғаны үшін, мақ-
танға  салынғаны  үшін,  Алла  Тағала  жазалайды.  Оны  кейін 
ағалары  Мысырға  құл  қылып  сатып  жібергенде,  Жəбірейіл 
періште былай дейді:
Иа, Иүсүф, сен көзге бақтыңмеді,
Көзгуде көркүң көрүп ұқтұңмеді,
Бен сатылұр құл олсам дедіңмеді,
Бенім баһам кім еткүрүр дедің емді.
Аудармасы:
Иə, Жүсіп, сен айнаға қарамап па ең,
Айнадан көркің көріп таңданбап па ең?
«Мен сатылар құл болсам, – демеп пе едің?
Менің бағама кім жетер!» – демеп пе едің?
Сөйтіп, «бағама  кім  жетер!», – деп  мақтанған  Жүсіптің 
түкке  тұрғысыз  болып  сатылғанын  келтіреді.  Патша  болған 
кісіге  мақ-таншылық  жараспайтынын  қиссада  екі  рет  ескер-
теді. Екіншісінде, Құддыс бегі Жүсіптің жүзін көріп, ол келе 
жатқан керуенге айрықша құрмет көрсетеді, тіпті оны сатып 
алып,  иеленген  Мысыр  көпесінен  тартып  та  алмақшы  бо-
лады.  Сонда  Жүсіптің  жүзін  бір  көрген 12 мың  əскер  түгел 
есі ауып, құлап қалады. Жүсіпке:
«Беңа беңзар һеч кімсана иоқдүр емді».
«Маған  тең  келер  ешкім  жоқ  енді», – деген  мақтаныш 
көңіліне  кіреді.  Бұл  жерін  Жүсіпбек  Шайхұсламұлы  былай 
суреттейді:
Он екі мың кісі еді келген шауып,
Бірі қалмай құлады есі ауып.
Керуен күштеп жөнелді аман-есен,
Дұшпаннан кетті алысқа қылмай қауіп.
Олардың басы айналып, естен танды,
Керуен халқы бұл іске қайран қалды.
«Мендей көрікті жаһанда жан бар ма!» , – деп,
Жүсіп тағы бұл істі көңіліне алды.
(Ғашық... 1976-388).
Алла Тағала Жүсіпті онда да тəубасына келтіреді. Керуен 
тағы  бір  жерге  барғанда,  Жүсіпке  ешкім  қарамай  қояды. 
Сөйтсе,  ол  қаланың  адамдары  Жүсіптен  де  сұлу  екен.  Оның 
себебін  түсінген  Жүсіп,  Алла  Тағаланың  ісіне  шүкірлік  қы-
лады.  Осы  екі  мысал  арқылы,  Əли  патшаға  мақтансүйгіш-
тіктің керек емес екенін ұқтырады. 
Жүсіп  сұлулығы  Зылиханың  сөзімен  де  беріледі.  Бұл  үр-
діс  «Махаббат  намада»  да  бар.  Онда  қыз  сұлулығы  жігіт 
аузымен  сипаттау  арқылы  беріледі.  Осындай  ұқсастық  «Ма-
хаббат  нама»  мен  «Қисса  Жүсіптің»  суреттеу  тəсілдері  мен 
тілінде бар екені кездесіп қалып отырады. «Қисса Жүсіпте»:
Айдыр, айа Иүсүф, сенің сөзің датлу,
Ұсанымдан дыңламаға не рахатлу.
Иүзүң лəтайф, құлажың хүб марұтлу,
Ешітсем рахатым артар емді.
Уəсəлің ділəрам жан рахатым,

127
126
Жамалың құйал кебі, ғишқың қатты.
Суретің ғажаб, тарафа лұғазың йетті,
Ханжар кебі жанымдын кечəр емді.
Аудармасы:
Айтшы, ай, Жүсіп, сенің сөзің тəтті,
Шаршамай тыңдай берсем, қандай рахат!
Жүзің жұмсақ, лебізің сүйкімді,
Естіген сайын рахаттана беремін.
Кездесуді күткен кезім – жан рахаты,
Жамалың күн сияқты, ғашықтық қатты.
Суретің ғажап, шартарапқа тілің жетті,
Қанжар сынды жанымды алар енді. 
ХІІІ  ғасырда  жазылған  осы  суреттеуді  өз  нұсқасынан 
оқығанда,  шығыстың  поэтикалық  жүйесі  аңғарылып  тұрса 
да,  құлағымыз  үйренген  қазақ  өлеңінің  əуенін  естігендей 
боламыз.  Əлидегі  Зылиханың  Жүсіпке  айтқан  бұл  сөздерін 
Ж.Шайхұсламұлы  айна-қатесіз  қайталайды,  бірақ  өз  зама-
нының оқырманына лайықтап жазады:
– Ай, Жүсіп, жүзің нұрлы, сөзің – шырын,
Бұл күнде ішкен асым – у мен ірің.
Сен сөйлесең, көңілімнен сабырым кетер,
Сөзімнің тыңдамайсыз бір де бірін.
Менің сізден тілегім – жан нəубеті,
Нұр жүзіңнің ыстығы ішіме өтті. 
Қанжардай тілді бауырымды нұрлы жүзің,
Суретің, ғажап түрің, лебізің тəтті.
Пиала сипатындай қастарыңыз,
Тіс – меруерт, қызыққандай достарыңыз.
Өз қолыммен өруге лайық дүр.
Жұпар, сүмбіл секілді шаштарыңыз.
Біз  сілтеменің  ұзақ  болып  кетпеуін  ескеріп,  Əлидің  де, 
Жүсіпбектің  де  қиссаларынан  осы  үзіндіні  қысқартып  беріп 
отырмыз.  Ал  түгел  салыстырып  қарағанымызда,  суреттеу 
атрибуттары  мен  нышандарының  түгелге  жуық  сəйкес 
келетініне көзіміз жетті. 
Əли  қиссасында  Жүсіптің  кейпіне  қыпшақ  атрибуты  қо-
сылады.  Яғни,  жігіттің  шашын  тарап-өру.  Зылиха  оның  ша-
шын тарап, 12 өрім қылып өреді (Рабғузиде – 40 өрім). Бірақ, 
кейінгі  ақындар  бұл  жерін  қабылдамаған  секілді,  өйткені, 
уақыт  өте  келе,  бұл  салттың  өзі  де  қалған.  Мысалы,  Жүсіп-
бекке  «шашын  тарау»  дерегі  сақталғанмен,  толық  көрсетіл-
мейді:
Өз қолымен Жүсіптің шашын тарар,
Інжу-маржан, меруертпен байлап, орар.
Күннен күнге артады ғашық оты,
Көрген сайын қалмайды сабыр-қарар 
(Ғашық наме. 1976-403).
Қиссада  Жүсіптің  сұлулығы  да  мынандай  бір-екі  тұстар-
дан толықтырылады:
Бірінші,  Жүсіптің  ағалары  алдына  келіп  (бірақ  Жүсіпті 
танымайды),  бір  інісі  болғандығын,  оны  жас  кезінде  қасқыр 
жеп  қойғандығын,  оны  əкесінің  бəрінен  артық  көргендігін 
айтқанда, Жүсіп, əдейі: «Ол қалай, пайғамбар жұрттың бəрі-
не бірдей болмай ма?», – дейді, Ағалары:
«Сəуар һəм сен оны һазар жандан,
Сен көрмəдің уəсфін нете қалам емді».

129
128
Аудармасы:
«Сүйер едің сен де оны жаннан артық,
Көрген болсаң оның жүзін қаламменен сызғандай», – 
деп, Жүсіп сұлулығын əсерлей түседі. 
Екінші, Мысыр əйелдерінің Жүсіпті көргенде, сəбіз кесе-
мін  деп,  өз  қолдарын  кесіп  алуы  Жүсіп  көркіне  психология-
лық əсерлілік беріп, сендіре түсу қызметін атқарады. 
Қолдарын қызыл қан ғып турап отыр,
Ғашық дертке қатындар улап отыр.
Ісі жоқ қолыменен қатындардың,
Қолдарынан қандары зулап отыр.
* * * 
Жүсіпті көрген қатын таң боп кетті,
Адасып ақылынан қаңғып кетті.
Тамақ ішіп-ішпегені есінде жоқ.
Үсті-басы шиедей қан боп кетті.
Түрік қиссаларында (Əли, Жүсіпбек) Зылиханың Жүсіпке 
ғашықтығын  айтып, «елттіру»  желісі  сыпайылық  межеден 
аспай жырланады. Ал, парсы нұсқаларында (Табари, Ансари, 
Жəми)  Зылиха  Жүсіптің  екі  рет  еркектік  намысына  тиген 
соң,  шыдай  алмай  Зылихаға  берілмекші  болады  (Хисамов 
Н.Ш., 1979-52). Əлиде:  Зылиха  Жүсіптің  қолынан  ұстаған 
кезде,  ол  күлімсірейді  де,  Алладан  хабар  келген  соң,  бұры-
лып  кетіп  қалады.  Ал,  Ж.Шайхұсламұлында  Зылиханың 
Жүсіптің  қолынан  ұстауы  айтылмайды,  бірақ,  Жүсіп  нəби 
Алладан дауыс келген соң, қатты қорқады:
Ғайыптан Жүсіп садық үн есітті,
Жаман істен қолыңды тартқын депті.
Ол аятты есітіп, қатты қорқып,
Онан соң Жүсіп нəби сабыр етті 
(Ғашық наме. 1976-409).
Жүсіптің бұл арадағы іс-əрекетін бір адамның басындағы 
махаббат  жəне  Алланың  парызы  деген  екіұдай  сезімнен  ту-
ған  деп  түсінуге  болады.  Өйткені,  Жүсіптің  Зылиханы  жек 
көруі  туралы  əңгіме  жоқ.  Ол  тек  Алланың  берген  пайғам-
барлығына адал болуды ойлайды. Бұл желі Əлиде махаббат-
тан  гөрі  Аллаға  адалдығын  баса  көрсетуінен  байқалады. 
Жалпы, Жүсіп мифтерінің еуропалық нұсқаларында: «Иосиф 
Прекрасный»  болса,  мұсылман  мифтері  «Жүсіп  Сыддық» 
(сенімді) деген эпитет қосып айтылады.
Жүсіпбек  кемел  патша  бейнесін  Жүсіпті  Мысырға  сату-
ға əкелген Мəлік Дуғарға айтқызады:
Əуелі, орта бойлы, гауһар көзді,
Екінші, өзі сұлу, көркем жүзді.
Үшінші, жетпіс екі тілді білер,
Сөйлесе, балдан тəтті, жұмсақ жүзді.
Төртінші, шапағатты, инабатты,
Бесінші адал, жүрек, бек айбатты.
Алтыншы, қырық кісінің жігері бар,
Бір өзі қырық кісіден һəм қайратты.
Жетінші, діні, таза, диянатты,
Сегізінші, залым емес, ойлар хақты.
Тоғызыншы, пайғамбардың нəсілінен,
Оныншы, мінезі артық, шапағатты.
Бұл жерде Жүсіпбектің дастан қаһарманына он қасиет бе-
руі  мынаған  байланысты  болса  керек: 10 – мифтік  санын 
қасиеттеп  айту  дəстүрін  ұстанған. (Дүние  жеті  тұтастықтан 

131
130
тұрады  жəне  үш  əлем,  оған  тағы:  жер  беті,  жұмақ,  тозақ 
қосылады. Жеті тұтастықтың төртеуі – төрт тарап).
Жүсіп Баласағұни де Хас Хажыпқа он түрлі қасиет береді:
Хажыптыққа он қасиет табылсын,
Ажарымен, ақылымен танылсын. (2487).
Осы  он  түрлі  қасиеттің  алғашқыларының  бірі – көрікті 
болу: «Болу керек өңді, күндей оянған». Баласағұни жасаған 
кемел ел басқарушысының бұдан басқа да жақсы қасиеттері: 
ақыл,  білім,  діндарлық,  тектілік,  кең  пейілді,  құлқы  түзу 
(парақорлыққа  қарама-қарсы  ұғым  ретінде  беріледі  А.Қ.), 
сондай-ақ, ұяты бар, арлы, үні күшті, сөзі мəнді, ойлы орман 
(Баласағұни Ж., 1986-252-255). 
Көптеген  туындыгерлер  Жүсіптің  қайратты,  күштілігіне 
мəн  бе-реді.  Табари  «Тəфсірінде»  Жүсіп  керуеннен  ибн 
Иəмин  атты  інісін  алып  қалу  үшін  соғысады.  Фирдоусиде: 
пілдей  күркіреп,  орнынан  тұрған  кезде  айналасындағылар 
қалтырап  қоя  береді.  Ал,  Дүрбек  қиссасында  ағаларымен, 
əуелі,  Жүсіптің  ұлы  Мишам  жекпе-жекке  шығады.  Иаһуда 
мен  Шамғұнды  жеңген  соң: «Əкем  менен  де  күшті!», – 
дейді.  Ағалары  Жүсіптің  ұсынысымен,  далада  жатқан  ауыр 
тасты  көтеріп  көріп,  орнынан  да  қозғай  алмайды,  ал  Жүсіп 
аяғымен  түртіп  қалғанда,  тас  қаңбақ  құрлы  болмай,  шырқай 
ұшып,  аспанға  бір-ақ  жетеді.  Ғалымдар  бұл  бөлігі  түрік 
фольклорынан енгендігін атап көрсетеді.
Ал,  Əли  мен  Жүсіпбек  қиссаларында  патшаның  аса 
күштілігі  бірінші  орында  емес.  Жоғарыда  суреттелген  он 
қасиеттің  ең  негізгілері: «сұлу,  жетпіс  екі  тілді  біледі,  жұм-
сақ жүзді, мейір-шапағатты». Əлиде: «шафағатлы, марұтлы». 
Жүсіптің  жетпіс  екі  тілді  білуі  сандық  нышанға  (числовая 
символика) байланысты. 
Жүсіптің тағы бір жақсы қасиеті əкесімен қарым-қатына-
сы  арқылы  көрінеді.  Жақыптың  Жүсіпті  жақсы  көру  себебі 
қиссаларда  баяндалып  жатпайды,  оның  төркіні  Жақып 
жайындағы мифтерде сақталған. 
Жүсіптің  ағалары  Лия  мен  оның  күңі  жəне  Рахилдің 
күңінен  туған  болатын  (Рахил – Жүсіптің  анасы).  Сол 
себептен  Жақыптың  Жүсіпті  жақсы  көруі  өзінен-өзі 
белгілі  болып  есептелініп,  қиссада  дəлелденіп  жатпайды. 
Ілгеріде  айтып  өткеніміздей,  Рахил  Жақыптың  ең  сүйікті 
жары  болған.  Бұл  жердегі  əңгіме  өзегі  Жүсіпке  байланыс-
ты өрбиді. 
Жақыпқа  балалары  «Жүсіпті  қасқыр  жеп  қойды», – деп, 
көйлегін  қанға  бояп  əкелгенде,  сол  қасқырды  куəлікке  ша-
қырады.  Ол  өзі  жоғалған  бөлтірігін  іздеп  шыққан  екен.  Бұл 
тұста  ежелгі  мифтер  бойынша  алынған  бөрі – бір  тайпа  ел 
бейнесі  болуы  мүмкін  (бөрі  төтемі).  Көйлекті  қанға  бояп 
көрсету  желісі  «Қорқыт  ата  кітабында»  да  бар.  Банушешек-
тің ағасы Қаршар Бамсының көйлегін қанға бояп, Байындыр 
ханға əкеледі:
– Ей, бұл не көйлек? – деді.
– Сұлтаным, бұл – Бəйректің көйлегі, оны Қара Дербендте 
өлтірген, – деді. 
Көйлекті  көрген  бектер  бұған  нанып,  өкіре-өкіре  жыла-
сып, айғай-шу, азан-қазан болды (Қорқыт... 1995-58).
Жақыптың  баласына  деген  махаббаты  шексіз.  Құлдыққа 
сатылып кеткен Жүсіптің хабарын самал желден сұрайды:
Ақырын аскіл сабах йел не етерсің,
Сен хақиқат Иүсүфмден иіс дұтарсың.
Жарахатым үлгірімге сен йетарсың,
Сен өсəлі бен мафрұх олдым емді.

133
132
Аудармасы:
Ақырын ес, самал жел, соқпай кетпе,
Сенде ақиқат Жүсібімнің иісі бар.
Жарақатым жүрегімде сен жазарсың,
Сен ескен соң, мен қуанышты болдым енді.
Жүсіп  құлдыққа  сатылғанда,  ең  əуелі,  əкесін  ойлайды. 
Мысалы: «Ағламақтан  екі  көзі  көрмез  емді» – «Жылаудан 
екі  көзі  көрмей  қалар». «Аһ,  дариға,  ғазиз  едім  далил  (қор) 
бодым», – деп жылайды. 
Зылиха  Жүсіпке  арнап  сарай  салдырып,  оған  Жүсіпті 
шақырып,  өзіне  көндірмек  болғанда,  Жəбірейіл  əкесінің 
кейпінде  келеді.  Нəпсісін  тыйып,  сабыр  қылуға  ақыл 
береді  (Оқиғаның  бұл  бөлігі  Жүсіпбек  қиссасында  жоқ). 
Фирдоуси  дастанында  Жүсіпке  жазуы  бар  қол  көрінеді. 
Онда: «Аллаға  бəрі  де  аян!», – деген  сөз  бар  екен.  Оған  да 
көнбей,  Жүсіптің  пендешілік  оты  маздай  бастайды.  Қол  та-
ғы  көрініп: «Бұл  істің  жұмаққа  барар  жолындағы  үмітіңді 
үзеді», – деген  жазу  шығады.  Сол  кезде  Жəбірейіл  Жақып 
кейпіне  кіріп  келіп  тоқтатады.  Əкесін  сүйген  Жүсіп,  сонда 
ғана сабырға тоқталады. 
Фирдоуси  сюжеті  бойынша,  Жүсіп  Египетке  патша  бол-
ған  кезінде  əкесін  сағынып,  оған  сəлем  айтатын  кісі  іздейді. 
Ол Ханааннан келген адам болуы керек еді. Ақыры, базарда 
бір  кісінің  түйесі  Жүсіпті  көріп,  тоқтай  қалады.  Үстіндегі 
кісі  аң-таң  болып, «Сен  кімсің?» – деп  сұрайды.  Жүсіп  Ха-
наандық  кісі  екенін  білген  соң: «Жақып  аман  ба?»  дейді. 
Көзінен  жасы  сорғалап  тұрады.  Əлгі  араб: «Он  екі  баласы 
бар еді, біреуін қасқыр жеді», – деген кезде: «Ол баласы мен 
едім», – деп, басынан өткен оқиғасын баяндап береді (Хиса-
мов Н.Ш., 1979-79).
Əлиде  Ханаандық  кісіні  Жүсіп  зынданда  отырған  кезде 
көреді.  Өзі  қайғыланып  отырған  Жүсіптің  туған  елінен  кел-
ген  кісіні  көріп,  көзіне  жас  алуы  онда  сенімдірек  беріл-
ген.  Арабтың  түйесі  зынданның  қақпасының  алдына  шөгеді 
де,  Жүсіпке  Ханааннан  келгенін  жəне  Жақыпты  білетінін 
айтады:
Иүсүф айдыр: Қанғаннан күлүрмүсін,
Анда бір қаба йығач білүрмүсін?
Чөресінде бұтақлары білүрмүсін,
Ол бұтақлар он екі му тамам емді?
Ғараб айдыр: аңладым бұ сөзіңні...
Аудармасы:
Жүсіп айтты: Ханааннан келдің бе сен?
Онда бар бір биік ағаш білдің бе сен?
Жəне тағы бұтақтарын білдің бе сен?
Ол бұтақтар он екі ме – бəрі түгел?
Араб айтты: аңдадым бұл сөзіңді...
Жүсіпбек бұл тұста Əлиді қайталай отырып, эпостық жыр 
дəстүрімен жырлайды:
Жүсіп сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
Қанғаннан мұнда келдің бе?
Ол шаһардың ішінде,
Қаба ағаш білдің бе?
Он екі бұтақ басында,
Түгел ме екен көрдің бе?
Ғараби сонда сөйлейді... 
  
 
(Ғашық наме. 1976-418).
Мұндағы  «қаба  ағаш» – биік  ағаш,  əлем  үйлесімінің 

135
134
нышаны – бəйтерек  бейнесі  болуы  керек.  Арабтан  əкесінің 
хабарын естіген:
Жүсіп қатты жылады,
Атасы жайын есітіп,
Сүйегі жаман сынады,
«Уа, дариға, атам», – деп,
Жер бауырлап құлады,
Атасын ондай деген соң,
Қайтіп шыдап тұрады?
Жүсіп бейнесіндегі адамгершілік қасиеттері анасы Рахил-
дің  бейітінің  қасынан  өтіп  бара  жатып,  зар  еңіреп  жылауы 
арқылы, еміреніп, егілуі арқылы берілген:
Зары қыбылб айдыр: «Анам – Үммі Рахил!
Бенім халым нетелгін көзің көргіл.
Қардашларым сатты бені, байан білгіл,
Азад ердім, бенделікке дүшдім емді».
Аудармасы:
Зарын қылып айтты: «Анам – Үммі Рахил!
Менің халым не болды, көзіңмен көр.
Бауырларым сатты мені, оны біл,
Азат едім, бенделікке (құлдыққа – А.Қ.) түстім енді.
Осы кезде аспан күркіреп, қар аралас жаңбыр төгіп жібе-
реді.  Оқиғаның  бұл  тұсын  Жүсіпбек  Əли  мəтінін  сақтай 
отырып, əдемі баяндайды:
Мейірбан ғарып анам, халым көргін,
Ағаларым сатты ғой мені, білгін.
Күншілдікпен қас болып, залымдық қып,
Нұр шұғыласын көп көрді жарық күннің.
Ағаларым үстемдік жүрдірді ғой.
Қасірет отпен жанымды күйдірді ғой.
Қол-аяғым шынжырлы, мойным бұғау,
Ғарбат тонын үстіме кидірді ғой.
Жүсіпке  айтқан  анасының  зары,  аналық  мейірінен  төгіл-
ген  сөздері  «Қорқыт  ата  кітабындағы»  Бұқаштың  анасының 
зарына,  эпостық  жырлардағы  аналар  зарына  ұқсас  келеді. 
Жүсіпбек  Шайхұсламұлы  Əли  қиссасындағы  жолдарды 
мағыналық жағынан айнытпай қайталайды. Əли:
Анасының молдасынан бір үн келді,
Иə, Жүсібім, халың неге бұлай болды?
Ағаларың бұл қорлықты неге қылды,
Ғапыл болып бұл бəлеге түстің енді 
(Хисамов Н.Ш., 1979-113).
Жүсіпбек: 
Үн келді қабірінен анасының,
«Жүсібім, халың қиын, қарашығым.
Ағаларың неліктен мұндай қылды,
Неліктен сенен алды бар ашуын?
***
Ғапыл болып бəлеге неғып түстің,
Қасыңа бір ағаң да келмеді ме?» 
(Ғашық наме. 1976-384).
Жүсіптің  жоғарыда  суреттелген  қасиеттерінің  бəрі  оны 
кемел  билеуші  рөліне  дайындап  əкеледі.  Ол  Зылихаға  көн-
бегендіктен,  Зылиханың  күйеуі  зынданға  салған  жерінде 
көп  жыл  отырып,  ақыры,  патшаның  екі  түсін  шешкен  соң, 
зынданнан  шығады.  Құранда  патшаға  жақын  адам  болып 

137
136
жүреді,  ал  парсы  қиссаларында,  əуелі,  Зылиханың  күйеуінің 
орнына  уəзір  болады,  онан  соң  сұлтанның  орнына  таққа 
отырады екен. 
Жүсіп өзі патша болғанға дейін талай қайғыға түсіп, талай 
жапа  шегеді.  Өмірдің  қиыншылығын  көруі  де  əділ  патша 
болуына  əсер  етті  деген  ой  туады.  Зынданнан  шыққан  Жү-
сіпті Египеттің барышасы қуана қарсы алады:
Мысыр аһлы жұмласы қарсы келді,
Иүсүфнің йүзін көріб лəзиз болды.
Алтын-күміш, інжу-маржан назар қылды,
Хас уа хамлар арзу қылыб иүкірер емді.
Аудармасы:
Мысыр халқы қарсы алып келді бəрі,
Жүсіптің жүзін көріп, лəззат алды.
Алтын-күміс, інжу-маржан шашып,
Қас жақсы мен қаралар жүгірді енді.
Бұл тұсын Жүсіпбек былай келтіреді:
Мысыр халқы Жүсіпке келді бəрі,
Ұлы-кіші шаһарда жас пен кəрі.
Басына дүррі, маржан, інжу шашып,
Тағзымдап қатар тұрды баршалары.
***
Риянның (патшаның А.Қ.) қадір Алла мейірін салды,
Жүсіптің жүзін көріп қайран қалды.
Жүсіпке тақтан түсіп, орын беріп,
Мəлік-Риян тағзым ғып қолын алды.
Жүсіпбекте Мысыр патшасы бірден тағынан түсіп береді. 
Барлық  қиыншылықты  басынан  өткізген  Жүсіп,  халқына 
қайырымды  патша  болып,  жеті  жыл  ашаршылықта  елді 
аздырмай  ұстайды.  Сəйф  Сараи  «Гүлстанда»: «Жүсіп  патша 
Мысырда  аштық  болған  жылы  аштарды  ұмытпас  үшін  та-
мақ жемепті» деген қанатты сөзді келтіреді. 
Жүсіп  патшалығында  елі  мен  билеушісі  үйлесім  тапқан 
бақытты  халық  өмір  сүреді.  Жүсіпті  Əли: «һеч  кімсеге  чор 
жафа қылмаз емді», – дейді. Жүсіпбек оны:
Өзі ғалым, данышпан, ақылы кəміл,
Қақ жарған қара қылды болды əділ.
Аузынан шыққан сөзі шекер-балдай,
Адамның ешбіріне қылмас жəбір, – 
деп жазады.
Жəбірейілден: «Алдыңнан  кездескен  бірінші  адамды  уə-
зір  қылып  ал», – деген  соң,  атқа  мініп  жолға  шыққанда,  ал-
дынан  жыртық  шапаны  бар  біреу  шығады,  сөйтсе,  ол  баяғы 
бесікте  жатып  куəлік  беретін  бала  екен.  Баласағұни: «Тауып 
ал сенер үш кісіңді: бірі – қазы, екіншісі – халифе, үшіншісі 
–  уəзір», – дегендей,  кемел  елдің  уəзірі  де  патшасына  сай 
болып шыққанын қалайды. 
Жүсіп патша бетіне перде жауып, базарды аралайды, хал-
қының халі не болып жатқанын содан біледі. Сонымен, Əли 
Жүсіп  бейнесіндегі  мінсіз,  кемел  əкімді  жасау  арқылы  Пла-
тон  мен  əл-Фараби,  Баласағұнидің  «қайырлы  мемлекет» 
идеясын жалғастырды демекшіміз.
Əлиде  «хəкім  мен  əкім»  мəселесі  бір  тұлғаның  басына 
жинақталу арқылы шешіледі. «Қисса Жүсіптегі» Жүсіп – əрі 
хакім  (дана),  əрі  əкім.  Хакім  мен  əкімнің  даралануы  «əкім-
нің  хакім  болуы  шарт  емес»  деген  тұжырымға  келген  кез-
дерде  басталса  керек.  Бұл  мəселе  ежелгі  мифтерде  «Мұса 

139
138
мен  Перғауын»  оқиғасында  түйінделген  болатын.  Оны  Ақ-
молла ақын (ХХ ғ. басы) өлеңмен былай өрнектеген:
Білуші ем мен де біраз сөз толғауын,
Дұшпанның жаласына жоқ қой дауым.
Біз түгіл пайғамбарлар қуғындалған,
Тұсында əр Мұсаның бір Перғауын.
«Хакім  мен  əкім»  желісінің  бір  тармағы  əдебиетте  «əкім 
мен  ақын»  мəселесіне  ұласқан.  Бұлар – өз  алдына  салмақты 
зерттеуін күтетін тақырыптардың бірі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет