ҚОРЫТЫНДЫ
“Қазақ” дейтін ұлы халықтың біздің жыл санауымызға
дейінгі ғасырлардан хатқа түскен тарихы бар (Геродот
«Тарих»). Жиырма бес əріптен тұратын жазуы болған
(Алтын киімді Сақ Бекзадасының жанынан табылған
тостағандағы жазу). Сол жазудың іздері күні бүгінге дейін
қазақ руларының таңбасында сақталып келеді.
Қазақ халқының тарихы алыс-жақын елдермен арадағы
мəдени-экономикалық байланысында да жатыр. Өз тари-
хында Египет, Грекия, Византия (Үрүм), Иран, Ауған, Үнді,
Қытай, Монғолия, т.б. елдермен əртүрлі тарихи жағдай-
ларға байланысты аралас-құраластықта өмір сүрді. Сон-
дықтан қазақ əдебитінің терең бастаулары бір ғана əде-
биеттің айналасында түсіндірілмейді.
Əсіресе, қисса-дастандардың мəтінінде (тексінде) Бабыл
(Вавилион), Кəбіл (Кабул), Мысыр (Каир), Шын-Машын
(Қытай-Византия), т.б. толып жатқан елдердің аты аталып,
оқиғаға сол жағрапиялық орталардың бəрі де араласып
жатады. Сол реттен келгенде, қисса-дастан жанры – қазақ-
тың айнала шығыс елдерінің аясындағы рухани байла-
нысын, бай мифологиясын, дін тарихын, халқының тағ-
дырын, адамдық мұратын, адамгершілік көзқарасын жан-
жақты көрсетіп беретін қызықты дүние.
«Патшаның ұлы Əбдімəлік», «Ғаяр қатын», «Қырық уəзір»,
«Рауа бану», «Əділ-Зайыт», т.б. дастандарға негіз болған.
«Шаһнама» кейіпкерлері XI ғасырдан бастап, түрік поэ-
зиясында танымал болған. «Шаһнама» желілерінен «Қисса
Баһрам», «Еренғайып шаһ Ғаббас», «Мұңлық-Зарлық»,
«Шəкір-Шəкірат» дастандары бар. «Шаһнамадан» тараған
танымал қалыпты желілер: «əкесінен бөлек өскен баланың
табысуы», «өгей шешенің ғашықтығы мен қырсығы»,
«Самұрық құс асыраған бала», т.б.
Орта Азиялық сюжеттер «Таһир-Зуһра», «Əбуғали Сина-
Əбілхарыс», «Бозжігіт», «Мұңлық-Зарлық» дастандарынан
көрініс тапқан. «Таһир – Зуһраның» түрікмен, өзбекше нұс-
қаларын салыстыру арқылы, əр ақынның оқиғаны өз орта-
сына қарай бейімдегені аңғарылады.
Əдебиетімізде «Бақтиярдың қырық бұтағы» атты топта-
ма қисса-дастандар белгілі. Бұл тұста «Шеризат» дастан-
дарының төрт нұсқасы салыстырыла қарастырылады.
Қисса-дастандардың өзіне тəн жүйесі, стилі, тұрақты
желілері, қалыпты сюжет арналары бар. Жазылу өрнегі, бей-
нелеу тəсілдері жағынан ежелгі жазба əдебиет дəстүрімен
сабақтас екендігі көрінеді. Дастан ерекшеліктері XX ғасыр
басындағы поэзияда сақталған.
Қисса-дастанның романтикалық əсерлілігі, баурағышты-
ғы мен қарапайымдылығы оны халықтық жанрға айнал-
дырған.
323
322
Қисса оқиғаларының негізгі фабулалық желілері ең
көне шығыстық мифтерде жатыр. Ежелгі ғашықтық
сюжеттердің бірі «Жүсіп-Зылиха» желісін алсақ, оның
түп-төркіні заманы мыздан да бұрынғы Египетте ауызша-
жазбаша тараған Иосиф аңызынан бастау алып, Иосиф
пен Асенеф махаббатын суреттейтін шы ғарма етіп жаз-
ған грек апокрифінде (діни тақырыптағы көркем шығар-
ма), арғы жағында, Тауратқа кірген Иосиф пен Потифар -
дың жұбайының оқиғасында жатыр. Қазақ қиссаларында-
ғы мифтік желілер «Гиьгамеш пен Авеста», одан бұрынғы
көне мифтермен, ежелгі Вавилон-Ассирия мəдениетімен
ұштасып жатады.
Қисса сюжеттеріндегі тұрақты желілер: «Патшаның
тастан ды баласы», «Сарай салдырған қыз», «Сұлу кейіп-
кер», «Ғашық жігіттің қыз əкесіне жеті жыл қызмет етуі»,
«Ирамбақ», «Жазира арал», «Шын-Машын», «Кейіпкер жа-
нының шөпке (гүлге) ауысуы», «Сүлейменнің жүзігі», «Жұ-
мақ-Тозақ», «Нұрдан жа ралу», «Итбас елі», тағы басқа-
лардың түп-төркінін ежелгі миф терден табамыз. Аждаһа,
самұрық, дию, пері, т.б. мифтік бейнелер туралы əңгіме-
леудің өзі үлкен бір сала тудырады. Мифтегі кейіпкердің
нышандық (символдық) сыртқы бейнесі, оның нобайлап
отырған ішкі мазмұнына толық сəйкес келеді.
Адам санасының дамуында мифтік ойлау сатысы өл-
шеусіз рөл атқарады. Мифтен тұтас пəлсапа жүйесі қалып-
тасып, күні бүгінге дейінгі ой-сананың іргетасы болып
келеді. Ежелгі əдебиетімізде кездесетін ең көне мифтер
«Гильгамеш» пен «Авестада» жазылып қалған. Қысқасын
айтқанда, миф адамзаттың балалық санасынан емес, жо-
ғарғы ойлау мəдениетінен туған. Осы жоғарғы ойлау мə-
дениетінің жүйесін біз əлі түсініп болған жоқпыз.
Осы тұста М.Əуезовтің: «...Дін өлеңдерін, қиссаларды
алсақ, көбінің сарыны шеттікі болудан басқа, мазмұнда-
ры да түгелімен мұсылман ғаламынан келген көшпелі,
қыдырма əңгімелер. Сондықтан оларды тексеріп, ұғынып
түсіну үшін, жалғыз ғана қазақ топырағындағы көлеңке-
сіне қарап тон пішу керек емес, əрқайсысын тудырған
жағдай мен себепті əуелі шыққан ұясынан бастап ұғыну
керек», – деген сөзі ой салуға тиіс (Əуезов М., 1991-10).
Қисса жанрының түрік əдебиетінде дүниеге келуі оның
араб халифатының қол астында өмір сүріп, Ислам мəде-
ниеті феноменін жасасқан, соның аясында тыныс-тірші-
лік еткен замандарына тура келеді. Ислам мəдениетінің
көрнекті тұлғаларының бірі, Отырар көне мəдениет оша-
ғында туып-өскен əл-Фараби баба көне антикалық мəде-
ниет дəстүрі мен шығыстың рухани дүиесін біріктіру ар-
қылы еуропалық Оянушылыққа жол салды.
X-XIV ғасырларда түрік Оянушылығы да көріне бас-
тайды. Оның тууына Қазақстан қалаларының жанданып-
дамуы, Ұлы Жібек жолы арқылы болып жатқан байланыс-
тардың əсері зор еді. Араб, Парсы, Қытай, Монғол, Үнді,
Бұлғар бойы, Кіші Азия, Орта Азия; Еуропа елдерінің бір-
бірімен араласуында кіндік Азия – Қазақстанның айрық-
ша рөлі болды. Осы кезде Ақсақ Темір державасының да
мəдени жағынан жоғарғы деңгейге көтерілгенін Ахмет
Йассауи, Арыстан баба кесенелері көрсетеді. Сондай-ақ,
Алтын Ордадағы Сарай, Сарайшық қа лалары да өзіндік
өркениеттің белгілеріне жатады.
Əдебиеттегі түрік Оянушылығының белгілері, біздің-
ше, ең үлкен жаугершіліктен кейін көрініп отырды. Əсіре-
се, түрік тілінің мəртебесін көтеріп, сол тілде шығарма
жазу аса қажет болды. Өзінің төл тарихына үңілді. X-XII
325
324
ғасыр əдебиетінде Баласағұни «Құтты білігінде» түрік
мемлекетінің төрт құбыласы тең үлгісін жасағанда, «Өтү-
кен бектері» құрған ұлы Түрік қағанатын елестете отырып
жазса, Махмұт Қашғари түріктердің бай мəдениетін, тілін
жан-жақты сипаттап, түрік рухын ірілендіре түсті.
Түрік Оянушылығының XIII-XIV ғасырлар əдебиетінде
жандануына қисса-дастан жанры туды. Түрік ақындары
Əли («Қисса Жүсіп»), Хұсам Кəтиб («Жұмжұма»), Құтб
(«Хұсрау уа Шырын»), Рабғузилер («Қисас-ул əнбиа»)
ежелгі сюжеттерді қайталай жаңғырта отырып, онда адам-
гершілік, түрік тік мəселелерді көтерді. Нəзира дəстүрі араб
тілінде əдеби үрдіс ретінде тарап, араб халифаты қара-
мағынан шығып, Саманид патшалығы құрыла бастаған
тұста парсы əдебиетінде жалғасқан болатын. Ақындар пар-
сы мəдениетінің культтеріне деген қызығушылықты кү-
шейте түсіп, оны жаңғыртып, иран тілінің мұраты үшін
күрескен. Фирдоусидің «Шаһнамасы» иран елінің осы ұлы
мұраттарын жеріне жеткізіп бере алды. Ал түрік – қазақ
əдебиетінде Алтын Орда мемлекетінің кезінде негізгі
əдеби үрдіске айналды. XIII-XIV ғасырлардағы түрік қис-
са-дастандары XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX
ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиетінде жалғасын тапты.
Нəзира дəстүрі шығыс əдебиетіне қайдан келді? – деген
сұрақ төңірегінде ізденер болсақ, əдебиеттегі қызықты
байла ныстарға жолығамыз.
Бұрыннан бар сюжетті қайталай жазып, белгілі мифтер
мен культтерді жаңғырту дəстүрі ежелгі Ассирия-Вави-
лон əде биетінде б.д.д. 2 мыңыншы жылдарда болған екен.
Ассирия-Вавилон нəзирасы сумерлердің əдеби сюжетте-
рін қайталап берді. Сумердің «Гильгамеш» жыры Вави-
лон мəдениеті дəуірінде жаңғырту дəстүрімен қайталап
жазылып қалған. Сол арқылы кейінгі ұрпаққа жеткен.
Ежелгі мифологияны жаңғырту дəстүрі грек мəдение-
тінде де болды. Грек кикдиктерінің негізгі тақырыбы да
ежелгі мифология еді. Бір ғана «Илиада» мен «Одиссея-
ның» б.д.д. IX-VIII ғ. айналасында қаншама шығарма жа-
зылған. Тіпті, Геродоттың «Тарихының» өзі жаңғырту дəс-
түрінен алыс емес. Осы ған қарап, шығыс нəзирасы, грек
кикликтері бір-бірімен та мырлас үрдіс деген ойға келеміз.
XIX-XX ғасырдың бас кезінде қазақ тарихындағы бо-
дандық бұлты қоюланған тұста, рухани тəуелділікке қарай
бірыңғай бет бұрған кездегі ұлттық Оянушылықтың бір
көрінісі ретінде нəзира дəстүрі қайтадан жедел дами бас-
тайды. Ұлт Оянушылығының жан-жақты көрінісінің бір
жағында Абай бастаған ұлттық сананы жаңаша қозғаудың
бағыты тұрса, екінші жағында қазақи салт пен иманды-
лықтан айырылмаудың жолын ескілікті дəстүрлерден ізде-
ген ақындар тобы жинақталды. Ж.Шайхұсламұлы, А.Са-
баұлы, Қ.Шаһмарданұлы, Ш.Жəңгірұлы, Ə.Тəңірберген-
ұлы, Ə.Найманбайұлы, М.Көпейұлы, М.Жұмашұлы, Ақыт
қожа, Кете Жүсіп, Ораз молда, Молда Мұса, Мəделі Қожа,
Тұрмағамбет, т.б. көптеген нəзирашы-қиссашы ақындар
шығармалары XIX-XX ғасыр басындағы əдебиетте елеулі
рухани қызмет атқарды. Бір ғана Ақылбек Сабаұлының
жүзге жуық қисса жазуы осының айғағы. Қазан, Тəшкент
баспаларын, қолжазба қорларын құнттап зерттейтін бол-
сақ, қисса-дастандардың ұзын саны мыңға таяу баруы
мүмкін. Өкініштісі сол, осыншалық мол мұра кеңес дəуі-
ріндегі əдеби зерттеулерде өте аз қарастырылған. Тіпті
оның əдеби маңызы мен рөлі жоққа шығарылған кездері
де болған еді.
327
326
Қазақ қисса-дастандары көбіне «Мың бір түн», «Тоты-
нама», діни желілер, «Шаһнама» желісіне жəне Орта Азия-
лық сюжеттерге жазылады. Оның негізін табу үшін атал-
ған кітап тармен біраз салыстыру-лар жасауға тырыстық.
«Мың бір түннің» желісіне жазылған қисса-дастандар:
«Сейфүлмəлік», «Зияда – Шаһмұрат», «Қамұрұззаман»,
«Атым тай Жомарт», «Қасым – Жомарт», «Мың бір түн»,
«Кесік бас», «Сұрмерген», «Қисса Дандан», «Қожа Ғафан
уа Садуақас», т.б.
Діни сюжеттер желісіне жазылған қиссалардың негізі
Құран, «Қисас-ул əнбие», «Мың бір түннен» алынған: «Да-
риға қыз», «Зарқұм», «Сал-сал», «Наушаруан», «Əбу Шах-
ма», «Кербаланың шөлінде», «Жүсіп – Зылиха», «Берен-
создың қис сасы», «Бозторғай», «Мəлике қыз», «Бəрсиса»,
«Жұмжұма сұл тан», «Сақыпжамал», «Шəрияр», «Құсайын»,
т.б.
«Шаһнама» желілеріне жақын келетін қисса-дастан-
дарға: «Қисса Баһрам», «Еренғайып шаһ Ғаббас», «Мұң-
лық – Зарлық», «Шəкір-Шəкірат» жəне Тұрмағамбеттің
нəзиралық дəс түрге жазған дастандарын жатқызуға бола-
ды.
Орта Азиялық сюжеттер деп біз бөліп алған қисса-дас-
тан дардың əрідегі төркіні «Мың бір түнге», «Шаһнама-
ға», «Тотынамаға» ұласқанымен, оқиғаның болған жері,
кейіпкерлері Орта Азия, қазақ өміріне жақындата алын-
ған. Олар: «Таһир – Зухра», «Əбуғали Сина-Əбілхарыс»,
«Бозжігіт», «Мұңлық – Зарлық», т.б. Бұлар қисса-дастан
жанрын дамыта келе, таза қазақ өмірінен алынған дас-
тандарға ұласады.
«Таһир – Зухраның» өзбек, түрікмен, қазақ нұсқаларын
салыстыру арқылы əр ақын негізгі сюжетті өзінің əдеби
ортасына қарай бейімдегенін көруге болады.
Сонымен бірге, Қытайда да қазақ қиссаларының мол
қоры бар екен. Əл-Фараби университетінің «Қазақ əдебие-
тінің тарихы мен сыны» кафедрасының меңгерушісі, про-
фессор Тұрсынбек Кəкішев алып келген кітап, журнал-
дардағы қиссаларды қарағанда, Қазақстандағы əдеби ең-
бектерде көзге түспе ген: «Самұрық», «Үш бала», «Бақ-
тиярдың қырық бұтағынан» – «Ақбазархан», «Тəжік қис-
сасы», «Ғалым қыз Буадат», «Мұрат Салих пен Мағри-
па», сондай-ақ «Қырық уəзір», «Қамұрұз заманның» жаңа
бір нұсқасы, «Əділ – Зайыт», т.б. көптеген қиссалардың
бар екені анықталды.
Қазақ қисса-дастандарының бір тобы – «Бақтиярдың
қырық бұтағы» айналасына топтастырылған (Бақтиярдың
ажал тұзағынан құтылу үшін қырық күн айтқан əңгіме-
сі). Нақты қай-қай қиссалар екені түбегейлі анықталған
жоқ. Əзірге шамалайтынымыз: «Бақтиярдың зары», «Қы-
рық уəзір», «Шəкір – Шəкірат», «Шеризат», «Дастарқан»,
«Жамсап», «Ағаш ат», «Жаһанша», «Əмір зада», «Алтын
балық», «Хасен – Мəлике», «Атымтай Жомарт», «Шаһ-
маран», «Шəмсия», т.б. Əдебиет тарихында бұл топтама
жайлы алғаш сөз еткен Н.Мынжани болатын (1994).
Біз білетін «Шеризат» желісінің өзі бірнешеу: Əсет,
М.Жүсіп, Б.Бектұрғанов жəне Бейжин нұсқалары. Осы-
ларды салыстыра келе, əр ақынның өзіндік көзқарасын,
қолтаңбасын аңғардық.
Жоғарыда аталып өткен: «Мың бір түн», «Тотынама»,
«Шаһнама» Орта Азиялық желілер бойынша жəне «Бақ-
тиярдың қырық бұтағына» жататын қисса-дастандардың
329
328
біразы жүйесі мен желісіне қарай талданып, салыстыры-
лып берілді.
Қисса-дастандар суреттеу тəсілдері, көркемдік құрал-
дары жəне құрылымы жағынан ерекшеленеді. Тұрақты
желілері мен қалыптары бар.
Қазақ қисса-дастандары XIX-XX ғасыр басында қа-
лыптаса келіп, поэма, повесть, роман жанрының тууына
негіз болғанын көреміз. Абай поэмалары: «Ескендір», «Мас-
ғұт», «Əзім əңгімесі», Мағауия Абайұлының «Медғат –
Қасымында» қиссаның кейбір ерекшеліктері сақталған.
Тіпті, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуы» да ежелгі қисса-
лық дəстүрден əлі ажырамаған шығарма. Олжабай ақын-
ның «Зəйнəгүл», «Ғабдолласы», М.Жүсіптің «Алтынбас-
Күмісаяқ ғашық болғаны», біздің ойымызша, қисса-дас-
тан дəстүрі бойынша жазылып, бірақ қиссалық тұрақты
ерекшеліктерден ажырай бастаған аралық дастандар.
Қиссаны «жазба əдебиетке жата ма, əлде ауызша əде-
биеттің дүниесі ме?» – деген сұрау төңірегіндегі мəселеде
бір ізділік жоқ (Ы.Дүйсенбаев лиро-эпостың бір саласы
ретінде, яғни фольклорлық мұра ретінде қарастырады).
Ауызша əдебиетке жатқызу жағы басымдау. Бұл жерде
қисса-дастан ның түп-төркіні көп жағдайда жазба əдебиет-
тен келгені жəне оның қазақша нұсқаларын шығарушы-
лардың жазба ақындар екенін, олар жинаушы ғана емес,
сол сюжетті жазып шығарушылар екенін ескермеуге бол-
майды. Белгілі ғалым Х.Короглы: «Лəйлі – Мəжнүн», «Гүл
– Санаубар», «Баһрам – Гү лəндам» тағы басқалар дені
сауатсыз ортаға классикалық өзге əдебиеттен бірден ке-
ліп сіңді дегенді елестету қиын. Оны басқа ортадан
айтушылардың біреуі алып келіп, əрі қарай ауызша əде-
биетке айналу үрдісі басталған. Қиссахандар (қиссашы-
лар) жазба əдебиетті пай даланды. Оны парсы, кейді араб,
үнді тілдерінен аударды», – дейді (Короглы Х.Г. 1976-31).
Жалпы алғанда, жазба əдебиеттен – фольклорға, одан
кері сінше ауысу жағдайлары, бір-біріне кірігіп кеткені сон-
дай, дəл қазіргі таңда ажыратып ала қоюы қиын шаруа.
Онда екеуі де бар. Сондықтан ойымызда А. Квятковскийдің
сөзімен түйін дейміз: «Қисса – əңгімелеу, аңыз түрінде ке-
летін шым-шытырық оқиғаға құрылған ғашықтық, тарихи
қаһармандық сипаттағы əдебиеттің жəне фольклордың
жанры. Бұл жанр Таяу жəне Орта Шығыста, Орта Азияда
кең жайылған» (Квятковский А., 1966).
Яғни, қисса-дастандар жазба жəне ауызша əдебиетке
ортақ жанр, біз оны жазба əдебиет үрдісінде қарастырдық.
Қиссаның жазба əдебиет стиліндегі машығы орта ғасыр
ескерт кіштерімен салыстыру арқылы жақсы аңғарылады.
331
330
ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Абылқасымов Б., Телқоңыр А.: Атамұра-Қазақстан, 1993. –
174 б.
Аверинцев С.С. Иосиф – Мифологический словарь. М.:
Советская энциклопедия, 1991. – 736 с.
Авеста М.: Дружба народов, 1993. – 206 с.
Авеста – «Парасат» журналы, 1993, 8-саны.
Адам Мец. Мусульманский Ренессанс. М.: Наука, 1973.
– 41, 6 п.л.
Азибаева Б.У. Казахские народные романтические дастаны.
А.: Ғылым, 1990. – 143 с.
Акишев М.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар.
А.: Наука, 1972. – 215 с.
Акишев А.К. Искусство и мифология саков. А.: Наука, 1984.
– 176 с.
Ақатаев С. Күн мен көлеңке. А.: Жалын, 1990. – 240 б.
Ақпанбек Ғ. Қазақтардың дүниетанымы. А., 1993.
Алибеков Ш. Пути развития дореволюционной казахской
сюжетной поэмы. Автореферат канд. дисс. А.,1962.
Алиев Г.Ю. Темы и сюжеты Низами в литературах наро-
дов Востока. М.: Наука, 1985. – 332 с.
Аманжолов А. Түркі филологиясы жəне жазу тарихы. А.:
Санат, 1996. – 127 б. Арабская… – Арабская средневековая
культура и литература. М. 1970. Құрастырған И.М. Фильштин-
ский. – 216 б.
Архаический ритуал... Архаический ритуал в фольклор-
ных и ранне-литературных памятниках. М.: Наука, 1988. – 329 с.
Аушадияр – «Шалқар» газеті, 1991, сəуірдегі саны.
Афанасьева В. К. «Гильгамеш» – Мифологический сло-
варь. М.: Советская энциклопедия, 1991. – 763 с.
Əбдіғазиев Б. Асыл арна. А.: Қазақ университеті, 1992. –
127 б.
Əбілғазы. Түрік шежіресі. А.: Ана тілі, 1992. – 206 б.
Əдеби мұра... Əдеби мұра жəне оны зерттеу. А.: Ғылым,
1961. – 374 б.
Əдеби... Əдеби мұра. А.: Жазушы, 1970. – 255 б.
Əміров Р. Астары бар атаулар – «Жұлдыз», 1982, №7.
Əуезов М. Проблемы изучения истории казахской литера-
туры (Труды 1 сессии АНКАЗССР). А. 1946.
Əуезов М. Əдебиет тарихы. А.: Ана тілі, 1991. – 240 б.
Əуезов М. Абай Құнанбаев. А.: Санат, 1995. – 319 б.
Байпақов К., Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы
жəне Ортағасырлық Қазақстан. А.: Қазақстан, 1992. – 203 б.
Бакиханов А.К. Сочинения. Записки. Письма. Баку : Элм,
1983. – 344 с.
Барманкулов М.К. Хан... Иван. А.: Вифания, 1995. – 121 с.
Барманкулов М. Тюркская вселенная. А.: Білім, 1996. – 237 с.
Баласағұни Жүсіп. Құтты білік. А.: Жазушы, 1986. Аударған
А.Егеубаев – 614 б.
Басилов В.Н. Пари – Мифологический словарь. М.: Советская
энцик лопедия, 1991. – 736 с.
Батырлық ... Батырлық дастандар. А№: Ғылым, 1995. –
371 б.
Бердібаев Р. Гүлстанның бұлбұлдары. А. : Жазушы, 1970.
– 239 б.
Бердібаев Р. Кəусар бұлақ. А. : Жазушы, 1989. – 355 б.
Бердібаев Р. Эпос – ел қазынасы. А. : Рауан, 1995. – 349 б.
Бертельс Е.Э. Персидская лубочная литература. Л. 1934.
Сборник.
Бертельс Е.Э. Литература народов Средней Азии от
древнейших времен до ХV века – «Новый мир», 1939, №9.
Бертельс Е.Э. Абу-л-Касим Фирдоуси и его творчество.
Л-М.: Изд. АНСССР, 1935. – 71 с.
Бертельс Е.Э. Роман об Александре и его главные версии
на востоке. М-Л.: Изд. АНСССР, 1948. – 188 с.
Бертельс Е.Э. Низами. М. :Изд. АНСССР, 1959. – 262 с.
333
332
Бертельс Е.Э. История персидско-таджикской литературы.
М.: Изд. Вост. Лит., 1960. – 556 с.
Бес ғасыр... Бес ғасыр жырлайды. І-том. А.: Жазушы, 1989.
– 383 б.
Бойс Мэри. Зороастрийцы. Верования и обычаи. М.:
Наука,1983. – 301 с.
Борынғы татар... Борынғы татар эдэбияты. Казань. 1963.
Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы. А.: Жазушы, 1971.
– 111 б.
Брагинский И.С. Из истории персидско-таджикской
литературы. М.: Наука, 1972. – 523 с.
Брагинский И.С. Проблема востоковедения. Кітапта: Ак-
туальные проб лемы восточного литературоведения. М.: Наука,
1974, – 494 с.
Васильев Л.С. История религии Востока. М.: Высшая шко-
ла, 1988. – 68 с.
Вейман Роберт. История литературы и мифология. М.:
Прогресс, 1975. – 344 с.
Веселовский А.Н. Историческая поэтика. М.: Наука, 1967. –
405 с.
Гацак В.М. Восточнороманский героический эпос. М.:
Наука, 1967. – 470 с.
Герхардт М. Искусство повествования. М.: Наука, 1984. –
455 с.
Горбаткина Г.А. Пьесы-легенды Назым Хикмета. М.: Наука,
1967. –167 с.
Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение.
М-Л.: Изд. АНСССР, 1950. – 479 с.
Гумилев Л.Н. Қиял патшалығын іздеу. А.: Балауба, 1992. –
455 б.
Гумилев Л.Н. Көне түріктер. А.: Білім, 1994: – 477 б.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. А.:1974.
Ғашық... Ғашық наме. А.: Жазушы, 1976, – 461 б.
Ғашықтық... Ғашықтық дастандар. А.: Ғылым, 1994, – 440 б.
Данте и ... Данте и всемирная литература. М.: 1967.
Данте. Құдіретті комедия. А.: Жазушы, 1971. Аударған
М.Мақатаев. – 232 б.
Дастандар. 1-2 том. А.: Жазушы, 1990. – 300 б. – 318 б.
Дербісəлиев Ə. Шыңырау бұлақтар. А.: Жазушы, 1982. –
256 б.
Дербісəлиев Ə. Қазақ даласының жұлдыздары. А.: Рауан,
1995. – 236 б.
Дессанлар. Ашгабат: Магарыф, 1982. – 248 б.
Дехтярь А.А. Проблемы поэтики дастанов урду. М.: Наука,
1979. – 135 с.
Джавад Алмаз. Кисса-и Иусуф Али-булгарско-татарский
памятник. М.: 1960. – ХХV Международный конгрес восто-
коведов.
Диваев Ə. Тарту. А.: Ана тілі, 1992. – 255 б.
Древние обряды, верования и культы народов средней
Азии. М.: Наука, 1986. – 208 с.
Древние культуры Средней Азии и Индии. Л.: 1984. – 186 с.
Дүйсенов М. Бір аспанның астында. А.: Жалын, 1986. –
431 б.
Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. А.: Жазушы, 1970. – 192 б.
Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы. А.: Ғылым, 1973. –
149 б.
Дүрбек. Юсуф ва Зулайхо. М.: Художественная литература.
1987. – 271 с.
Ежелгі дəуірдегі... Ежелгі дəуірдегі қазақ əдебиеті. А.: Ана
тілі, 1991. – 280 б. Алғы сөзін жазған Жолдасбеков М.
Ел қазынасы... Ел қазынасы – ескі сөз. А.: Ғылым, 1994. –
614 б.
Еңсегенұлы Т. Əдебиетіміздің бастауы – «Авестада». А.:
Ғылым, 1996. – 215 б.
Есімов Ғ. Хакім Абай. А.: Атамұра-Қазақстан, 1994. –198 б.
335
334
Жаксылыков А. Философия всеединства и саморегуляция.
А.: ЦИУУ, 1994. –100 с.
Жəңгірұлы Шəді. Назым Сияр Шариф. А.: Санат, 1995. –
122 б.
Жиреншин Ə. Қазақ кітаптарының тарихынан. А.: Қазақ-
стан, 1971. – 179 б.
Жирмунский В.М., Зарифов Х.Т. Узбекский народный
героический эпос.М.: 1947.
Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л.: Наука,
1974. – 650 с.
ХХ ғасырдағы ... – ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті. А.: Мектеп,
1985, – 319 б.
ХХ ғасырдың ... – ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ əде-
биеті. А.: Ғылым, 1994. – 310 б.
Жолдасбайұлы С. Ежелгі жəне Орта ғасырдағы Қазақстан.
А.: Ана тілі, 1994. – 174 б.
Жолдасбеков М. Асыл арналар. А.: Жазушы, 1986. – 326 б.
Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен əдебиет тарихының мəсе-
лелері. А.: Қазмемкөркемəдбас., 1958. – 403 б.
Жұртбаев Т. Дулыға. А.: Жалын, 1994. 1-2 том. – 365 б. –
383 б.
Зайончковский Ананиаш. «Хұсрау уа Шырын» Кутб. Транс-
крипция. Варшава: Акад. Наук. Кабинет ориенталистики, 1958.
– 304 с.
Залесский Бронислав. Қазақ сахарасына саяхат. А.: Өнер,
1991. – 131 б. Аударған Ə.Жəмішев.
Йассауи Ахмет. Хикметтер. А.: Өнер, 1995, – 207 б. Аудар-
ған Ə.Жəмішев.
Ибатов В.В. Иаков – Мифологический словарь. М.: Совет-
ская энцик лопедия, 1991. – 736 с.
Ысқақов М. Халық календары.А.: Қазақстан, 1980. – 317 б.
Казахский фольклор... – Казахский фольклор (в собра-
ниях Г.Н.Потанина) А.: Наука, 1972, – 379 с.
Календарные обычаи... – Календарные обычаи и обряды
народов Восточной Азии. М.: Наука, 1989. – 360 с.
Кəкішев Т. Қазақ əдеби сынының тарихы. А.: Санат, 1994.
– 447 б.
Квятковский А. Поэтический словарь. М.: Советская
энциклопедия, 1966. – 375 с.
Келімбетов Н. Шəді ақын. А.: Жазушы, 1974. – 95 б.
Келімбетов Н. Ежелгі дəуірдегі қазақ əдебиеті. А.: Ана
тілі, 1991. – 262 б.
Кенжебаев Б. Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері. А.:
Ғылым, 1973. – 166 б.
Кенжебаев Б. ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдебиеті.
А.: Мектеп, 1976. – 266 б.
Кенжебаев Б. Əдебиет белестері. А.1986, – 400 б.
Киелі кітап əңгімелері. Стамбул: Жаңа өмір, 1994. – 256 б.
Климович Л.И. Ислам. М. 1965. – 334 с.
Книга Марко Поло. А.: Наука, 1990. – 348 с.
Конрад Н.И. Запад и Восток. М.: Наука, 1972. – 496 с.
Короглы Х.Г. Огузский героический эпос. М.: Наука, 1976.
– 239 с.
Короглы Х.Г. Узбекская литература, М.: Высшая школа, 1976.
– 299 с.
Короглы Х.Г. Взаимосвязи эпоса ратодов Средней Азии,
Ирана, Азердбайжана. М.:Наука, 1983. – 335 с.
Косидовский З. Библейские сказания. М.: Политиздат, 1979.
– 476 с.
Көпеев М. Таңдамалы. А.: Ғылым, 1990. – 271 б.
Көпеев М. Ел аузынан жинаған əдебиет үлгілері. 1-2 том.
А.: Ғылым, 1992. – 220 б.
Кумусбаев О. Турмагамбет Изтилеуов и его Рустам-Дас-
тан. А.: Наука, 1984. – 1243 с.
Күмісбаев Ө.Терең тамырлар. А.: Ғылым, 1994. – 317 б.
Күмісбаев Ө. Абай жəне Шығыс. А.: ҚазМҰУ, 1995. – 341 б.
337
336
Кумусбаев У. Проблемы арабо-персидских связей (ХІХ–
ХХ вв.). А.: КазНУ, 1996. – 291 с.
Кішібеков Д. Рулық құрылым жəне рушылдық – «Қазақ
əдебиеті», 1995, 15-қазан.
Кабуснаме. А.: Балауса, 1992. – 159 б. Аударған Т. Айнабеков.
Қазақ əдебиетінің тарихы. А.: Ғылым, 1960-61. 1-2 том. –
738 б. – 581 б.
Қазақ қиссалары. Бейжин. 1986. 12 том.
Қазақ хандығы дəуіріндегі əдебиет. А.: Ана тілі, 1993. –
175 б. Құрастырған М.Мағауин.
Каскабасов С. Казахская волшебная сказка. А.: Наука, 1972.
– 260 с.
Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. А.: Ғылым, 1984.
– 270 б.
Қашқари Махмұт. Түбі бір түркі тілі. А.: Ана тілі, 1993. –
191 б. Аударған Қ.Бекетаев, Ə.Ибатов.
Қожекеев Т. Талас пен таным. – «Жұлдыз», 1991. №9.
Қоңыратбаев Ə., Қоңыратбаев Т. Көне мəдениет жазба-
лары. А.: ҚазМҰУ, 1991. – 400 б.
Қоңыратбаев Ə. Қазақ əдебиетінің тарихы. А.: Санат, 1994.
– 311 б.
Қоңыратбаев Ə. Қазақ фольклорының тарихы. А.: Ана тілі,
1994. – 287 б.
Қорқыт... – Қорқыт ата кітабы. А.1986. Аударған Ə.Қо-
ңыратбаев. – 128 б.
Қорқыт... – Қорқыт ата кітабы. А.: Жазушы, 1994. – 157 б.
Аударған Б.Ысқақов.
Қисса... – Қисса-дастандар. А.: Жазушы, 1986. – 231 б.
Құдайбердиев Ш. Шығармалары. А.: Жазушы, 1888. – 560 б.
Құдайбердиев Ш. Шежіре. А.1991. – 80 б.
Құпия шежіре. Өлгий. 1979. – 150 б. Аударған М.Сұл-
таниятұлы.
Құран Кəрім. Медине Мүнаууарадағы басым комбинаты,
1990. – 604 б.
Құран хикаялары. А.: Жалын, 1992. – 222 б.
Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. А.: Мектеп, 1988. – 163 б.
Қыраубаева А. Ежелгі əдебиет. А.: Əл-Фараби, 1996. – 130 б.
Қырық қыз. Нөкіс: Мемлекет баспасы, 1956. – 481 б.
Лайли ва Мажнун. Тошкент: Фан, 1968. – 84 б.
Лелеков Л.А. Симург – Мифологический словарь. М.:
Советская энциклопедия, 1991. – 736 с.
Липец Р.С. Образы батыра и его коня в тюрко-монголь-
ском эпосе, М.: Наука, 1984. – 262 с.
Литература Востока... – Литература Востока в средние ве-
ка. М.1970. – 472 с.
Литература эпохи... – Литература эпохии Возрождения. М.:
Наука, 1967. – 516 с.
Мағауин М. Қазақ тарихының əліппесі. А:: Ер Дəулет, 1994.
– 237 б.
Маданов Х... – Маданов Х., Мусин Ч., Ұлы дала тарихы. А.:
Санат, 1994. – 272 б.
Маймин Е.А. О русском романтизме. М.: Просвещение, 1975.
–239 с.
Маковельский А.О. Авеста. Баку: Изд. АНАЗССР, 1960. –
144 с.
Марғұлан Ə. Ежелгі жыр-аңыздар. А.: Жазушы, 1985. –
368 б.
Машанов А. Əл-Фараби жəне Абай. А.: Қазақстан, 1994. –
191 б.
Махабхарата. Вып.І. Ашгабат: Ылым, 1986. – 162 б.
Мəлике... – Мəлике қыздың хикаясы – «Егемен Қазақстан»,
1992. 1-сəуір. Жариялаған С.Дəуітов, И.Шафиғов.
Мелетинский Е.М. Средневековый роман. М.: Наука, 1983.
– 304 с.
339
338
Мифологический словарь. М.: Советская энциклопедия,
1991. – 736 с.
Мифы... – Мифы древнего Рима. Саратов. 1995.
Мұқанов С. Халық Мұрасы. А.: Қазақстан, 1974. – 235 б.
Мұхаммед... – Мұхаммед пайғамбардың өмірі. А.: Жазушы,
1994. – 401 б.
Мұхтасар. А.: Жазушы, 1992. – 205 б.
Мың бір түн. 1-4 том. А.: Жалын, 1993. – 475 б. – 464 б. –
496 б.-399 б.
Мынжани Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А.: Жалын, 1995.
– 400 б.
Мырзахметов М. М. Əуезов жəне Абайтану проблемала-
ры. А.: Ғылым, 1982. – 229 б.
Навои Алишер. Избранное. Ташкент: Укутувчи, 1978. – 248 с.
Наджип Э.Н. Исследования по истории тюркских языков
ХІ-ХІV вв. М.: Наука, 1989. – 282 с.
Найманбаев Əсет. Шығармалар. А.: Жазушы, 1968. – 170 б.
Нахшаби Зийа ад-Дин. Книга попугая (Тути-наме). М.: 1982.
Нахшаби Зийа а-Дин. Тотынама. А.: Жазушы, 1991. – 300 б.
Немировский А.И. Мифы древней Эллады. М.1992. – 318 с.
Никифоров В.Н. Восток и всемирная история. М.: Наука,
1977. – 359 с.
Нуржанов Б.Н. Культурология. А.: Қайнар, 1994. – 128 б.
Нурланова К.Ш. Эстетика художественной культуры ка-
захского народа. А.: Наука, 1987. – 172 с.
Орынбеков М. Предфилософия протоказахов. А.: Өлке,
1994. – 207 с.
Өмірəлиев Қ. VІІІ-ХІІ ғасырлардағы көне түркі əдеби
ескерткіштері. А.: Мектеп, 1985. – 127 б.
Өмірəлиев Қ. Оғыз қаған эпосының тілі, А.: Ғылым, 1988.
– 279 б.
Өсеров Н., Өсеров Н., Естаев Ж. Ислам жəне қазақтардың
əдет-ғұрпы. А.: Қазақстан, 1992. – 149 б.
Пиотровский М.Б. Коранические сказания. М.: Наука, 1991.
–217 с.
Платон. Сочинения в трех томах. 3-том. М.: Мысль, 1971.
– 687 с.
Платон. Пир. Спб: Библиотека Звезды, 1992. – 63 с.
Радлов В.В. Алтын сандық. А.: Ана тілі, 1993. – 252 б.
Рерих С. Сұхбат – «Комсомольская правда», 1989. 27-қазан.
Рифтин Б.Л. От мифа к роману. М.: Наука, 1979. – 360 с.
Устамов Э.Р. Узбекская поэзия в первой половине ХV в. М.:
Изд. вост. лит., 1963. – 367 с.
Рустамов Э.Р. Некоторые вопросы сравнительного
изучения узбекской литературы ХV века с другими восточными
литературами. М. – Ташкент. 1966. Автореф. Докт. Дисс.
Сатпаева Ш.К. Казахско-Европейские литературные связи
ХІХ и первой половины ХХ века. А.: Наука. – 280 с.
Сатпаева Ш.К. Казахская литература и Восток. А.: Наука,
1982. – 199 с.
Сəтбаева Ш.К. Шəкəрім Құдайбердиев. А.: Ғылым, 1990.
– 115 б.
Сейдімбеков А. Уақыт жəне кеңістік – «Ана тілі» газеті,
1995, 4 қаңтар.
Сейфуллин С. Шығармалар. Алты томдық. А. 1964.
Сейітжанов З. Тарихи эпос. А.: Ғылым, 1994. – 109 б.
Смирнова В.В. Мировая художественная культура. Часть І.
М.: Изд. центр «Аз», 1995. – 149 с.
Стеблин-Каменский М.И. Миф. М.: Наука, 1976. – 104 с.
Стеблин-Каменский М.И. Мифология древнего Мира. М.
1978.
Стеблин-Каменский М.И. Миф, фольклор, литература. М.,
1978.
Сүйіншəлиев Х. ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиеті. А.: Мектеп,
1986. – 236 б.
340
Сүйіншəлиев Х. VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ əдебиеті. А.:
Мектеп, 1989. – 278 б.
Су Бихай. Қазақ мəдениетінің тарихы – «Шалқар» газеті,
1995. Наурыздағы саны.
Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. А.: Мектеп, 1980. – 126 б.
Тагирджанова Г. Влияние поэмы Фирдоуси «Иусуф и
Зулайха» на «Кысса и Иусуф» Али ... – Палестинский сб.Вып.
21/84. Л.:Наука, 1970. – 61 с.
Тайлор Э.Б. Первобытная культура. М.: Политическая ли-
тература, 1989. – 573 с.
Токарев С.А. Ранние формы Религии. М: Политиздат, 1990.
– 621 с.
Толстов С.П. Пережитки тотемизма дуальной организаци у
туркмен ПИДО, 1985. №9-10.
Толстова Л.С. Исторические предания южного Приаралья. М.
1984. – 246 с.
Торайғыров С. Қамар сұлу – Шығармалар. 2-том. А.:Жазушы,
1987. – 318 б.
Тотынама. А.:Ғылым, 1991. – 301 б.
Тотының тоқсан тарауы. А.: Жазушы, 1970.
Түрік дүниасы... – Түрік дүниасы ел кітабы. Анкара. 1992. –
3 том. – 778 б.
Тюркологический... – Тюркологический сборник. М.1981.
– 296 с.
Уəлиханов Ш. Таңдамалы. А.: Жазушы, 1985. – 558 б.
Усманов М.А. Татарские исторические источники ХХІІ-
ХХІІІ вв. Казань: Изд. Казанского унив. 1972. – 223 с.
Фильштинский И.М., Шидфар Б.Я. Очерк арабо-мусуль-
манской культуры. М.:Наука, 1971. – 256 с.
Фирдоуси. Шах-наме. М.: Худ. Лит. Книга 1-2. 751-752 с.
Фирдоуси. Мəңушеһр. А.: Жазушы, 1972. – 168 б. Аударған
Б.Алдамжаров.
Фирдоуси. Кей Хұсрау. А.: Жазушы, 1976. – 184 б.
Фон Грюнебаум Г.Э. Классический ислам. М.: Наука, 1986.
– 215 с.
Фрезер Дж. Золотая ветвь.М.: Политиздат, 1983. – 703 с.
Фрейденберг О.М. Миф и литература древности. М.: Наука,
1978. – 605 с.
Хисамов Н.Ш. Поэма «Кысса-и Иусуф» Кулғали.: Наука, 1979.
– 252 с.
Чизхолм Джейн... – Чизхолм Джейн, Миллард Энн. Ранние
цивилизация. М.: Росмэн, 1995. – 96 с.
Шукасаптати. М.: Наука, 1960. – 129 с.
Ыбыраев Ш. Эпос əлемі. А.: Ғылым, 1993. – 295 б.
Ысмайылов Е. Ақындар. А.1956.
Ысмайылов Е. Əдебиет жайлы ойлар. А.1968. – 320 б.
Ізтілеуов Т. Назым. А.: Жазушы, 1972; 1982. – 263 б.
Эпос... – Эпос о Гильгамеше. Перевод с аккадского
И.М.Дьяконова. М-Л.: Изд. АНСССР, 1961. – 214 с.
Эрман В.Г., Темкин Э.Н. Мифы древней Индии. М. 1975. –
240 с.
Яншина Э.М. Формирование и развитие древнекитайской
мифологии. М.: Наука, 1984. – 248 с.
Ясауи тағылымы. Түркістан: Мұра, 1996. – 152 б.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ............................................................................................. 3
Еңбегі ерлікке тең күрескер жан ............................................. 11
Бірінші тарау
Қисса-дастандардың мифтік негіздері ..................................... 23
Екінші тарау
Түрік əдебиетіндегі Оянушылық жəне
нəзира дəстүрінің тууы ............................................................. 106
Үшінші тарау
«Қисса-дастанның» ХІХ–ХХ ғасырдың бас кезіндегі
əдебиетте дамып-қалыптасуы ................................................... 186
«Мың бір түн» желілері .......................................................... 192
Қорытынды ................................................................................. 321
Пайдаланған əдебиеттер тізімі ................................................. 330
Алма
ҚЫРАУБАЕВА
ШЫҒЫСТЫҚ ҚИССА-ДАСТАНДАР
(5 томдық шығармалар жинағы)
3-том.
Баспаның бас директоры
Əшірбек Көпіш
Өндіріс бастығы
Қарлығаш Оспанова
Суретшісі
Санат Қасымбеков
Арнайы редакторы
Гүлжан Мұзафарова
Корректоры
Айжан Салпикова
Компьютерде қалыптаған жəне
техникалық редакторы
Румилям Жарипова
“Үркер” (əдебиет, мəдениет, ғылым, өнер)
кітаптар сериясының дизайнерлік-кескіндеме жобасының
авторы — Əшірбек КӨПІШ.
ИБ №942
Басуға 20.09.2010 берілді. Пішімі 60х84
1
/
16
.
Есептік баспа табағы 25,0. Офсеттік
басылым. Гарнитурасы “Times New Roman”.
Таралымы 2000. Тапсырыс №
“Өнер” баспасының мекенжайы:
050009, Алматы қ., Абай даңғылы, 143; Баспалар үйi, 2-қабат.
Тел: 8 (727) 395-52-06; 395-52-08; 395-52-00
Е-mail: Oner@mail.kz; Oner2006@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |