Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар


«Хұсрау уа Шырын» дастаны



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата03.03.2017
өлшемі1,39 Mb.
#7010
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

«Хұсрау уа Шырын» дастаны. 
Парсы  тілінде  жазған  Низамидің  «Хұсрау-Шырын»  дас-
танын  түрік  тілінде  сөйлеткен  ақын – Құтб.  Низами  даста-
нының  құрылысы  мен  сюжетін  толық  сақтай  отырып,  ер-
кін шығармашылық жолымен, өз елінің өмір жағдайына сəй-
кестендіріп,  түрік  оқырманының  түсінігі  мен  дағды  дəстү-
ріне лайықтап жазылған. 
Құтб  нұсқасы  Тыныбек  шаһзаданың  тұсында 1341-1342 
жылдары  жазылған  екен.  Ол  Париждің  ұлттық  кітапхана-
сында  сақтаулы.  Дастанның  транскрипциясын  поляк  ғалы-
мы  Ананиаш  Зайончковский 1961 жылы  латын  əрпімен  жа-
риялаған. Қазақ тіліне үзінді түрінде аударып, тілдік тұрғыда 
зерттеген  Ə.Ибатов (1974). Ол  «Ежелгі  дəуірдегі  қазақ  əде-
биеті»  атты  хрестоматияда  жарияланды (1992-212-225). Осы 
аттас  оқулықта  профессор  Н.Келімбетов  біраз  əдеби  талдау 
жасаған (1986).

171
170
Дастанның  оқиғасы  Шырын  мен  Хұсраудың  махаббаты 
туралы,  сүйіспеншілік,  ғашықтық,  жақсылықты,  ізгілік  пен 
адамгершілікті  үлгі  етеді.  Шығыс  халықтарына  кең  тараған 
əдеби сюжетке құрылған. 
Бұл  тақырыпты  алғаш  жырлаған  Фирдоуси  болса,  одан 
кейін  Низами,  Əмір  Хұсрау  Дехлеви,  Жəми,  Науаилер  де 
қалам  тартқан.  Олар  сюжеттік  тұрғыда  бірін-бірі  қайталай-
ды.  Дастанға  арқау  болған  кейіпкерлер – 590-628 жылдары 
Иранды  билеген,  өз  баласы  Шируяның  бұйрығымен  өлті-
рілген патша Хосров Парвиз бен оның сұлу əйелі Шырын. 
Құтб нұсқасында оқиға желісі Иранның ханы Ануширван 
қайтыс  болып,  орнына  Хұрмұздың  отыруынан  бастап  өр-
биді.  Хұрмұздың  Алладан  сұрап  жүріп,  бір  ұлды  болғаны 
айтылады.  Атын  Хұсрау  қояды.  Патша  балаға  керекті  білік, 
тəрбие – бəрін үйретеді. 
Хұсраудың  жақын  кісілерінің  ішінде  Шапур  деген  сурет-
ші  болады.  Ол  көпті  көрген  адам,  бір  əңгімеде  Каспий  теңі-
зінің  маңында  Миһин  Бану  деген  əйел  патша,  оның  қолын-
да  ағасынан  қалған  сұлу  қыз  Шырынның  барын  айтады. 
Қыздың  Шабдиз – Түн  қараңғысы  деген  жүйрік  тұлпары 
барды.  Осы  əңгімені  естіген  Хұсраудың  тағаты  қалмай,  қыз-
ды көргісі келеді.
Шырын бұл кезде саяхаттап жүрген болатын. Шапур Шы-
рынның  жүретін  жолына  үйінен  дайындап  алып  шыққан 
Хұсраудың  суретін  іліп  қояды.  Шырынның  əбден  тағаты 
таусылған  кезде  Хұсраудың  оған  ынтық  екенін  айтады.  Бұл 
өсек  əңгіменің  шиеленісуінен  қорыққан  Хұсрау  Əзірбай-
жанға  кетеді.  Жолда  келе  жатып,  өзенге  суға  шомылып  жат-
қан  қызды  көреді.  Бұл  жол  соққы  болып  шаршаған  Шырын 
болатын. Екеуі бірін-бірі тани алмай қалады. 
Хұсрау  Əзірбайжанға  келсе  Шырын  жоқ,  ал  Шырын 
Иранға  келсе,  онда  Хұсрау  болмай  шығады.  Екеуі  бірін-бірі 
қайта іздейді. Осы арада Хұрмұз патша қайтыс болып кетіп, 
Хұсрау əке тағына отырады. Əзірбайжанға қайта барып, осы 
жолы  Шырынмен  жүздеседі.  Ойын-сауықпен  көп  күндерін 
өткізеді. Шырын Миһин Банудың сақтандыруымен, Хұсрауға 
еліндегі  мəселелерін  шешіп,  өз  тағына  отырғанда  ғана  əйелі 
болатынын  айтып,  намысына  тиеді.  Түрік  халықтарының 
жыр-ертегілеріндегі  осы  желінің  төркінін  тануға  болады 
(Мысалы, «Қырық қыздағы» ұқсас желіні еске алайық).
Қыз  шартын  іске  асыру  үшін  Хұсрау  Византия  патшасы-
нан көмек сұрауға мəжбүр болады. Сол арқылы жауын жеңе-
ді,  бірақ  Византия  патшасының  қызы  Мəриямды  еріксіз 
алуы керек болады. Бұл да кейінгі жыр-дастандарға тұрақты 
желі болып қалыптасқан кіріп-тірме деуге болады. 
Осы  кезде  Миһин  Бану  қайтыс  болып,  орнына  Шырын 
патша болады. 
Шырын тұрып жатқан қорғанға құбыр тарту үшін Шапур 
Фархад атты шебер жігітті тауып, Шырын онымен перде ішін-
де  отырып  сөйлеседі.  Сөйтіп,  оқиғаны  шиеленістіру  мақса-
тында,  Хұсрау-Шырын  қарым-қатынасына  үшінші  қаһарман 
келіп  араласады.  Фархадтың  Шырынға  ғашық  болып  қалға-
нын  сезген  Хұсрау,  қызғаныштан  Фархадты  сарайға  алғы-
зып, «Не  Шырынды  ұмыт,  не  тауды  жарып,  жол  салып 
бер!» – дейді. 
«Қисса  Жүсіпте»  Зылиханың  ғашықтығы  мен  адалдығы 
қамшының  сабын  еріту  арқылы  дəлелденсе,  Фархадтың  ын-
тықтығын  жылтыр  тастан  атының  тұяғы  тайып,  құлап  кет-
келі  тұрған  Шырынды  Фархад  ат-матымен  көтеріп  апарып, 
үйіне  жеткізеді.  Осының  өзі  қаһарманның  адалдығы  мен 

173
172
берілгендігінің  кепілі  болуға  қызмет  атқаратын  эпизод  бо-
лып шығады. 
Фархадтың жол салып бітуге таянғандығын біліп, Хұсрау 
одан  құтылудың  жолын  іздейді.  Əйтпесе,  келісім  бойынша 
тауды  бұзып,  жол  салған  жігітке  Шырынды  беру  керек  еді. 
Ақырында,  бір  адамды  жіберіп,  Шырынның  қайтыс  болған-
дығы жөнінде өсек айтқызады. Бұл қайғыны көтере алмаған 
Фархад та өліп кетеді. 
Енді  Шырынның  айналасындағы  оқиғаға  төртінші  кейіп-
кер  араласады.  Ол  Хұсраудың  Мəриямнан  туған  Шеруя  ат-
ты  баласы  еді.  Шеруя  да  Шырынға  ғашық  болып,  əкесімен 
жауласады.  Сол  үшін  əкесін  зынданға  салады.  Оған  Шырын 
да  бірге  кетеді.  Мұнымен  іс  бітпейтінін  сезген  Шеруя  Хұс-
рауды  ұйықтап  жатқан  жерінен  пышақтап  өлтіреді.  Шырын 
одан  Хұсрауды  жерлеуді  талап  етіп,  бəрін  жасап  біткен  соң, 
Хұсраудың қабіріне кіріп, жүрегіне пышақ салып өледі. 
Құтбтың «Хұсрау-Шырыны» Низами ізімен жүре отырып, 
нəзирашылдық  əдіспен  жазылса  да,  оқиғаның  негізгі  өзегі-
нен  көп  қашықтамағандығы  байқалады. «Қисса  Жүсіпке» 
қарағанда мұнда ғашықтық желісі негізгі мəселе етіп алына-
ды, сөйтіп, түрік тілді орта ғасыр əдебиетінде ғашықтық қис-
салардың  тууына  кең  жол  ашты.  Бұл  дастанда  Низами  ақын 
өзінің сүйікті жұбайы қыпшақ қызы Аппақ қыздың бейнесін 
қалдырды  деген  жорамал  бар.  Осы  сияқты  ежелгі  дастан-
дардың  үрдіс  болған  желілердің  кейінгі  қазақ  дастандары-
на, «Қозы  Көрпеш – Баян  сұлу»  сияқты  қазақтың  өз  өмір 
тіршілігінен алынған жырларға негіз болғандығын көреміз.
«Хұсрау-Шырынның» қолымыздағы А.Зайончковский жа-
риялаған  түпнұсқасын  қарастыра  отырып (1958), Құтб  дас-
танын  бүгінгі  қазақ  тіліне  аударып,  жарыққа  шығару  қажет-
тігі алда тұрған келелі істердің бірі екеніне көз жеткізгендей 
болдық.  Шығармадағы  өлең  жолдары  қазақ  оқушысына  тү-
сінікті, құлаққа құйылып тұрғандай əсер ететіні аңғарылады. 
Мысалы:
Биссмиллəһи рахмани рахим,
Илаһи тауфықың қабғұн ача бер,
Көңүлгə тахматың ұрұғын сача бер.
Көңіл бер кім йақұнұңға йарасұн,
Азұн қафлəт бұ көңлүмдүн йурасын.
Бұ көңлүм көзгүсін сайқал құлу бер,
Қамұғ мүшкүллəрімні хал құлу бер 
(А.Зайончковский., 1958-17).
Аудармасы:
Е, Алла, таупығыңның қабағын аша бер 
  
 
 
(көмегіңді аяма),
Көңіліме рақым ұрығын шаша бер 
  
 
 
(шапағатыңды шаша бер).
Мейіріміңді түсір, саған жақын болуға жарайын,
Бар қателігім бұл көңілімнен жырақ болсын.
Бұл көңілім айнасын анық қылып бер,
Барлық мүшкіл халімді дұрыс қылып бер.
Дастанның  бас  жағы  сол  замандағы  түрік  əдебиетінің 
дəстүрі бойынша, Алла Тағаладан тілек тілеуге арналады:
Бұ сөз кім башладүм хош кəлсү жанға,
Мұбəрак қыл сөзүм барча жиһанға.
Аның тег кім оқыған діл ачұлсұн,
Тілімдін мүшкү ғанбарлар сачұлсұн 
(А. Зайончковский., 1958-17 ).

175
174
Аудармасы:
Бұл сөздерім хош келсін ойлы жанға,
Мүбəрəк қыл сөзімді барша жиһанға.
Сондай-ақ, оқығанның ділі (жүрегі) ашылсын,
Тілімнен жұпар, жақұттар шашылсын.
«Алланы мадақтау» бөлімінде Алланы кейде «Іді» немесе 
«Тəңір» деп те айта береді:
Іді атұ бірлə башла сөзұңні,
Кім ол бар қылды йоқдұн бұ өзүңні.
Ұлұғ тəңрү кім йаратту,
Тұтұб бек йерні көклəрні төрəтті.
Танұқ барча халайұқ барлұқұңға,
Далиллəр һəм өкүш бар бірлікіңгə.
Тағала аллаһ аңа йоқ ұхшашұғ бір,
Һаратұр һəм йүрүтүр хүкмі йүрүр (Сонда 18).
Аудармасы:
Жаратушы атымен баста сөзіңді
Ол жоқтан – бар қылды өзіңді.
Ұлық Тəңір бəрімізді жаратты,
Бекем қылып жерді, көкті тұрғызды.
Ол өзін танытар барша халайықтың барлығымен,
Дəлелденер жəне көп бірлігіңмен.
Алла Тағала, оған жоқ ұқсас ешбір,
Жаратар жəне қозғалысқа келтірер, үкімі жүрер.
Одан  соң  Алланың  төрт  сахабасын  мадақтай  келіп,  өзі 
кітап  арнап  отырған  Тыныбекті,  оның  жұбайы  Мəликені 
дəріптейді:
Ұлұс ел əрклігі сұлтаны ханы,
Жиһан халқы тəн ол тəн ічрə жаны.
Ұлыс ел билеушісі, сұлтаны, ханы,
Жиһан халқы – тəн, ол – тəн ішіндегі жаны.
Дастандағы Хұсрау бейнесі Əлидің «кемел патша» желісіне 
ұқсас келеді. Ол да Жүсіп сияқты жасынан зерек бала болып 
өседі:
Тамам беш йашда йетті ерсə ақлаб,
Көрүб көп мəңгі ғибрат алды таңлаб 
(А. Зайончковский., 1958-34).
Аудармасы:
Тамамдап бес жасқа жеткенде аңдап,
Көріп көп нəрсені, ғибрат қылды таңдап.
Шырынның  бейнесі  Зылихаға  ұқсас,  мінсіз  кейіпкер  бо-
лып суреттеледі:
Қарағұ жадұсу көргəнні өртəр,
Жаман көзлүг көзүн күн бірлə өртəр (Сонда 43).
Аудармасы:
Көзімен жадылап, көргенді өртер,
Жаман көздерді күндей өртер.
Дастанда  бүгінгі  оқушы  талғамынан  шыққандай  əдемі, 
бейнелі сөздер көп екені байқалады:
Нетек кім чыкту күн түлкісі індін,
Каша башлайу түннің күші індін.
Аудармасы:
Қашан шықса, күн түлкісі іннен,
Қаша бастайды түн кішірейіп інге.
Бұл  жерде  күннің  шығуын: «Күннің  қызыл  түлкісі  іннен 
шықты»  дегені  бейнелілігімен  таң  қалдырады.  Қазақ  оқыр-
маны  үшін  тағы  бір  қызықты  жағы,  дастандағы  мақал-

177
176
мəтелдердің  бүгінгі  қолданыстағы  қазақ  мақалдарына  ұқ-
састығы дейміз. Мысалы:
Құтбта: «Тең емес қолда он бармақ, біл оны, 
Қаншама санаса да бірдей саны» 
(Үзінділер  «Ежелгі  дəуірдегі  қазақ  əдебиеті»  хресто ма-
тиясынан алынды. 221-222 б.)
Мағынасы: Он саусақ бірдей емес.
Құтбта: «Екі тəтті бір болмас».
Мағынасы: Екі жақсы қосылмас.
Құтбта: «Жаман қылықтымен отырма».
Мағынасы: Жаманмен жолдас болма.
Құтбта: «Кесек атқанға қайтар тас қайғы».
Мағынасы: Кісіге ор қазба, өзің түсесің.
Құтбта: «Жалғыздықта тамнан да сақтан,
«Болар тамда құлақ» деген бар мысал, біл».
Мағынасы: Жалғызбын деп ойлама, үй артында кісі бар.
Құтбта: «Кілеміне қарай көсіл аяқты».
Мағынасы: Көрпеңе қарай көсіл.
Құтбта: «Асығыспен ақылдың ісі бітпес,
Жүгірумен ішке май жұқпас».
Мағынасы: Асығыстың арты – өкініш.
Дастандағы  негізгі  бір  ой – өмірдің  өтпелілігі  туралы. 
Қорқыт  ата: «О,  жалған  дүние,  бүкіл  дүние – біздікі», – деп 
күркүреген сол бектерім, ерлерім қайда кеттің? Оларды ажал 
ұрлап,  жер  жұтты.  Жалған  дүние  кімге  опа  қылған?  Жер 
бетіндегі  өмір  мəңгі  емес.  Адам  келеді,  кетеді,  оның  түбі 
қайыр емес», – десе, Абай:
Ғаріптікке көз жетті
Алғаннан соң серікті.
Өмірін берген Құдайым,
Ажалын да беріпті, – дейді.
Екі  ойшыл  да  өмірді  көшкен  керуенге  теңейді.  Өмірдің 
өтпелілігі  туралы  ұлы  дала  ойшылдары  əл-Фараби,  Жүсіп 
Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Иүгінеки пəлсафасы да 
осыған саяды. «Хұсрау-Шырында» бұл ойлар былай берілген:
«Өтер желдей дүние, сен де өтерсің дүниеден».
«Егер болсақ қайғыда я сүйініште,
Өтер дəурен, қалармыз өкініште».
«Өтеміз дүниеден барша нашар,
Жігіттікте сүйініштен жақсы не бар?»
«Кəрі қатындай бұл дүние алдамшы,
Тəттілікпен ол алдар сені» 
(Ежелгі дəуірдегі... 1992-217).
Құтбтың «Хұсрау-Шырынын» көшірген ақын – Берке Фа-
ких.  Оның  өз  өлеңдерін  ескере  отырып,  аты  мəлім  қаламгер 
ретінде  əдебиетте  қарастырған  жөн  деп  білеміз.  Өкінішке 
қарай, бұл есім бұрын қазақ əдебиетінде белгісіз болып келді. 
Берке  Факих  «Хұсрау-Шырын»  дастанын  көшіріп  болған 
соң, өз атынан өлең қосып жазған. Осы өлеңнен Берке Факих 
жайында біраз деректер беруге болады: Ол Алтынбұға деген 
бай  кісінің  қызметінде  болып,  Алтын  Ордадан  Мысырға, 
Ескендірия  шаһарына  барған.  Ондағы  қызметі  ауыр  екенін 
айтып,  Құдайдан  жеңілдік  сұрайды.  Қожасы – Алтынбұға-
ны мадақтайды. Бұл өлеңнен Берке Факихтің тек қана көші-
руші  емес,  өз  жанына  өлең  шығарушы  ақын,  сонымен  бірге 
білімпаз адам екені аңғарылады. Факих – дін-шариғатты же-
тік білуші деген сөз. 

179
178
Берке Факихтің өлеңі А.Зайончковский жариялаған «Хұс-
рау уа Шырын» дастанынан алынды (Варшава. 1958-61). Бұл 
есім  əдебиетімізде  бірінші  рет  аталып  отырғандықтан  өле-
ңін  түгел  беруді  жөн  көрдік.  Соңындағы: «Қыжыраның 785 
жылы  жазылды», – деген  дерегіне  қарағанда,  Берке  Факих 
Құтбпен  замандас  болған,  ХІV  ғасырдың  екінші  жартысын-
да  дүниеге  келген  адам  деп  ойлауға  болады.  Ол  да  нəзира 
дəстүрін ұстанған ақын екені көрінеді.
Өлеңнің түпнұсқасы:
Иары берді ұған түкəттім бітіп,
Иедім ке бұрұнрақ түкəл айтып.
Иедім тауфиқ берді тамам қылдым ош,
Иəдігер менден саңа қойдым ош.
Мұхаммед Расулға түмен мың сəлем,
Тегүргіл рухыңа меніндін олам.
Тағу елшінгə сəлəс дұрұд,
Кəсіксіз ұлашу болсұн бүрүд.
Алтынбұға ерді ол сабұқы атлығ,
Өзі ғалым уа халим һəм тілі татлығ.
Иері келдім һəм аның қатұнға,
Құлы теб айұрлар аның атынға.
Келіб Ескендірге тəжрид үчүн,
Алайын теб кəфірдін мұғмин өчін.
Билəсінда келдім ният ғəза,
Түкəттім кітапны ұшанда йаза.
Ұшанда қолдаса ғазиз қадашым,
Һəм бірге келүбəн болып йолдашым.
Жанымнан ғазиз ол қылды хитапны,
Анын атынға йаздым үшбу кітапны.
Аның атынға йаздым не болса күчүн,
Жəһд етіп түкəттім хатры үчүн:
Бұ баштың айаққа қылып мен назар,
Кечірдім хатасын ма қылдым хəзар. 
Бітідім кітабны хатасын бақыб,
Бұ захмат чеккенім білгейсін оқұб,
Атағым ма Берке Факих теб анчақ,
Өзім – мұғмын, уа мүслім, уа аслым – қыпчақ.
Менім бірле келген табып дүниялық,
Меңа берді йазмақ – ұғымақ, білік.
Мұның бірле мəшһүр Мсырда өзім:
Факих теб айұрлар, ай, екі көзім!
Алтынұға атлығ бір бек қатында,
Тұрұрмын мүлəзім ош қыдмəтінда.
Бұ қыдмəтта еркін, бітідім бітік,
Сөзімгə хəлəл тапма, баққыл ітік!
Тапұғда йөрігəн йазармү бұ хат,
Ниаты ғазалға мініп түн-күн ат?
Уа, лəкин ұғаным ма берді уасғат:
Бітідім, түкəттім, көр, ошұл сағат.
Бұ заман Факихға рабғат қылмаз һеч,
Факих теб кім ерсə хұрмет қылмаз һеч.
Иүрермін тапұғда не болса күчүн,
Гахы тоқ болұрмын, гахы көп ачұн.
Қылұрмұн халыққа өкүш хамд уа сана, 
Бір авуч тобрақдұн йараттү мана.
Күлаф алтында өзүм кезлəнүб,
Бұ махлұқ ешкіндə жаным шешлəніб.
Илаһ құртарғыл бұ іштін мені,
Халық уа разық теб білүрмін сені.
Разы қыл меңа бер сəһəл санағат,

181
180
Аның ла дүниада болсам қанағат.
Рузымы асан қыл, көргізме тарлық,
Бұ махлұқға құлны қылмағыл йарлұқ!
***
Мусаннифні ұнұтма, қылғыл дұға,
Кəтиб уа мүсанниф-мұғаннан маға.
Тарих йеті йүз йыл сексен бешінде,
Сафар айының йығырмы бешінде. 
Иол үзре не болса бітідім кітаб,
Хатымны зағиф теб қылмағыл ғитаб.
Аудармасы:
Жар берді жаратушым, түгестім жазып,
Йеме бұрынырақ түгел айтып.
Йем көмек берді, содан тамам қылдым,
Менен саған жəдігерлік қойдым.
Мұхаммед Расулға мың-мың сəлем,
Рухыңа жеткіз менен бір сыйлық.
Тағы төрт досыңа сəлем жеткіз.
Сəлемім үзіліссіз ұласа берсін! 
Алтынбұғы еді оның есімі,
Өзі ғалым, парасатты, һəм тілі тəтті.
Оның қасына еріп, осы жерге келдім,
Мені оның құлы деп айтар.
Ескендірияға соғыспаққа келіп едік,
Кəпірден алайын деп мұсылманның өшін.
Беріде келдім ізгі ниетпен,
Кітапты осында жазып түгестім...
Мені қолдаса əзиз жақын кісім,
Бірге келіп еді болып жолдасым.
Ол əзиз кісі тапсырды,
Соған арнап жаздым бұл кітапты.
Оған арнап жаздым күшім жеткенше,
Оның қадіріне жетуге тырыстым.
Бастан-аяқ назар салдым,
Сақтықпен қате жібермеуге тырыстым.
Кітапты жаздым, қате жібермедім,
Қанша бейнет шеккенімді оқып білгейсің.
Берке Факих деген атағым бар,
Өзім – мұсылманмын, асылым – қыпшақ,
Мені ертіп алып келген кісі,
Маған жазып-оқуын берді,
Содан Мысырға мəшһүр болдым:
Факих деген ат берді.
Алтынбұғы атты бір бектің қасындамын,
Оның əрдайым қызметіндемін.
Қызметімде əркез жазу жаздым,
Сөзімнен кемшілік іздей көрме.
Қызметте жүріп жазуды қалай жазарсың?
Ізгі ниетпен күні-түні ат үстінде жүресің.
Бірақ жаратушым мүмкіндік берді,
Көріңдер, бұл сағатта жазып бітірдім.
Бұл заманда Факихтың тілеуін ешкім тілемейді,
Бұл кісі Факих екен деп ешкім құрмет қылмас.
Күшімнің жеткенінше қызмет қылып жүрмін,
Не болмаспын, не болармын бұл дүниеде.
Құдайға арнармын көп мақтауымды.
Бір уыс топырақтан жаратқан ол мені.
Күйім жақсы сияқты, сырт көзден жасырын,
Өмірімнің қиынына жаным күйінер.

183
182
Илаһи құтқара гөр бұл жұмыстан мені,
Жаратушым, ризық беруші деп білермін сені.
Разы қыл, маған жеңілдік бере гөр,
Соны ғана өзіме қанағат қылайын.
Разы қыл, көрсетпе тарлық,
Мені құл болсын деп қылма жарлық.
***
Жазушыны ұмытпа, дұға қыл,
Жазушы мен көшіруші бір-бірінен айырғысыз.
Тарихтың жеті жүз сексен бесінде 
(Жаңаша1333 жыл. – А.Қ.).
Сафар айының жиырма бесінде 
(Мұсылманда екінші ай),
Жазып бітірдім кітабымды,
Жазғанымды жаратпай, ғайбаттама.
Қыпшақ  ақыны  Берке  Факих – «Хұсрау-Шырынды»  кө-
шіруші ғана емес, өз өлеңімен де аты қалуға лайықты туын-
дыгер. 
Құтб  дастанының  басқа  да  нəзиралық  нұсқалары  бар. 
Мысалы,  Жəми  (ХV  ғ.) «Хұсрау-Шырын»  сюжеттерінің  тек 
кейіпкерлерін  алғанда, «Парвиз  бен  балықшы»  атты  оқиға-
ны  өте  қызықты  суреттеген («Ескендірдің  даналық  кіта-
бында»):
Хұсрау Парвиз өзінің айдан анық, күннен жарық сұлу əйе-
лі  Шырынмен  отырса,  бір  балықшы  келіп  патшаға  таңғажа-
йып  балық  сыйлайды:  қанаты  қызғылт  күлгін,  теңіз  маржа-
нындай құлпырған, қабыршағы алтындай жарқыраған, күміс-
тей  көз  тартқан,  Алланың  бір  айрықша  жаратқан  мақұлығы 
еді.
Парвиз  қызыққанынан  алақанында  жатқан  балықты  қыса 
қойды  да,  қазынашысын  шақырды.  Балықшының  алдына 
мың дирхем күміс қойғызды. Сонда Шырын Парвизге:
«О,  теңіздей  терең  ақылдым,  мына  кішкентай  балыққа 
осынша  сыйлық  бергенің  тым  көп  емес  пе?  Бұдан  былайғы 
сый-сияпатыңның мұның қасында аз көрініп, жұрт: «Патша-
мыз сараң болып кетіпті», – демей ме?» – дейді. 
Ойланып  қалған  Парвиз  балықшыға  беріп  қойған  мың 
дирхемін  қалай  қайтып  аларын  білмейді.  Шырын  тағы  ақыл 
айтады: «Балықшыны  шақырып: «Мына  балығың  еркек 
пе  ұрғашы  ма?» – деп  сұра.  Қайсысын  айтса  да, «Мен  оны 
жемеуші едім», – дерсің», – дейді.
Парвиздың  қайта  шақырғанынан  балықшы  бірден  секем 
алады.  Балықтың  еркек-ұрғашысын  сұраған  Парвизға: «Ба-
лығым  еркек  те  емес,  ұрғашы  да  емес,  гермафродит», – 
дейді.  Оны  естіген  патша  күліп  жібереді  де,  екі  есе  сыйлық 
бергізіпті.
Балықшы  теңгелер  салған  қапшықты  көтере  бергенде, 
бір  дирхемі  жерге  түсіп  қалады.  Қапшығын  қойып,  бір  дир-
хемін  іздеп  жүріп  тауып  алады.  Ол  кеткен  соң  Шырын: «Не 
деген  сараң  еді,  сараңдығы  үшін  бар  ақшасын  тартып  алу 
керек», – дейді. 
Патша  балықшыны  қайта  шақырып  алып,  сараңдығын 
бетіне басады. Балықшы: «О, патшам, мен үшін теңге құнды 
болып  тұрған  жоқ,  теңгенің  бетіндегі  сенің  суретің  қым-
бат, сурет аяқ асты болмасын дедім», – дейді. 
Балықшының  бұл  сөзіне  таң  қалған  патша  əуелден  үш 
есе ақша беріп қайтарады. 
Ал,  Науаи  болса  (ХV  ғ.), «Хұсрау-Шырынға» – «Фархад 
–  Шырын»  деген  ат  беріп  өз  алдындағы  ақындардан  өзгеше 

185
184
құрағаны мəлім. Ол Хұсрау патшаны мадақтамайды, ке рісін-
ше, бұрынғы кітəби дəстүрдегі шарттылыққа өзгерту енгізіп, 
осы оқиғадан басқа бір өзек шығарады, өмірге жақындатады. 
Еңбек,  адамдық,  парасат  мəселесін  алға  шығарып,  Фархад 
арқылы əдебиетті жаңа бір қырынан байытты. Сөйтіп, «Хұс-
рау-Шырынның»  мүлде  жаңа  нұсқасын  жасайды  (Науаи., 
1978).
Науаиде  «Хұсрау-Шырынның»  белгілі  оқиғасына  қосыл-
ған негізгі өзгеріс сол, Фархад қаза тапқаннан кейін, Шырын 
əуелі  Фархадты  жерлетеді  де,  Фархадты  салған  лахатқа  өзі 
де келіп жатып, жан тапсырады.
Фархадтың  қайғылы  оқиғасын  естіген  досы  Бахрам  ке-
ліп,  қаскөй  Шируяны  жеңіп,  Арменияға  өзінің  заңды  мұра-
герін  қояды.  Сөйтіп,  өзі  Фархадтың  денесі  (сүйегі)  жатқан 
жерде диуаналықпен күн кешіп жүреді. 
Дастанда,  сонымен  бірге,  патшаның  қаталдығын,  мейі-
рімсіздігін  де  сынайды.  Бұл  үрдіс  “Хұсрау-Шырын”  оқиға-
ларының  бұрынғы  нұсқаларында  айтылмаған.  Бұрынғы 
шарттылықтарға  бұл  жағы  кірмеген.  Хұсрау  бейнесін  жа-
ғымсыз  үлгіде  суреттеген,  ғашықтық  мəселесін  алдыңғы 
жиекке шығарған. 
Қорыта  келе,  Құтб  та,  Жəми  де,  Науаи  да  Низамидің 
шекпенінен  шыққан,  оның  поэзиялық  мектебінен  үлгі  ал-
ған  ақындар  екенін  айтуымыз  керек  (Алиев  Г.Ю., 1985-4). 
Құтбтың  «Хұсрау-Шырыны»  түрік  тілді  əдебиетте  ғашық -
тық қиссаларға жол салды. 
Бұл  тарауда  айтылған  мəселелерді  түйіндей  келсек,  қис-
са-дастандар  əдебиетіміздің  тарихында  нəзира  дəстүрімен 
бірге  туып,  Х-ХІV  ғасырлардағы  түрік  Оянушылығының 
əдебиеттегі  көрінісі  ретінде  пайда  болды.  Түрік  тілінің  мəр-
тебесін  көтеріп,  сол  тілде  шығарма  жазу,  ана  тілі  мен  төл 
тарихына үңілу қажеттілігін өтеді.
ХІІІ–ХІV  ғасырларда  дүниеге  келген  қисса-дастандардан 
ежелгі  мифтік  бейненің  көркем  шығарма  қаһарманына  айна-
луын («Қисса  Жүсіп»);  Ғашықтық  тақырыбының  көтерілуін 
(«Хұсрау  уа  Шырын»);  Діни  ағартушылықтың  туа  бастауын 
(«Жұмжұма»)  көреміз.  Кемел  патша,  мінсіз  əйел  бейнесін 
жасаған  Əлидің  «Қисса  Жүсібі»  өзіне  дейінгі  мифтік  же-
лілер,  Құран  сюжеттері,  парсы  дастаншыларының  үрдісін 
жалғастыра  отырып,  қазақ  əдебиетіндегі  дастандық  қайнар-
лардың  бірі  болды.  Оның  кейбір  мысалдарын  жолма-жол 
ұқсастықтарынан  табамыз.  Əли  қиссасының  нақты  сюжет-
тік,  құрылымдық  жүйесін  толық  сақтай  отырып  жазылған 
ХХ  ғасыр  басындағы  туынды  «Жүсіп-Зылиха»  дастаны  да 
бар.
О  дүние  туралы  ежелгі  мифтер  мен  діни  ұғымдарды 
жаңғыртқан  «Жұмжұма»  дастанының  имандылық  пен  адам-
гершілік  мұраттарға  үндейтін  тұтас  бір  сюжеттік  сала  туын-
дайды.  Бұл  шығарма  өз  құндылығын  жоймаған,  қазіргі  күн-
нің  де  қажетіне  жарайтын,  мəңгілік  тақырыпқа  жазылған 
мұра. 
Орта ғасыр қиссалары діни, ғашықтық, батырлық, т.б. та-
қырыптарға жазылған дастандарға негіз болып, жол салды. 

187
186
Үшінші  тарау

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет