17
Матуриди Құрандағы Мұсаның (а.с.) басынан ҿткен секілді оқиғаларды
кеңінен түсіндеретін қайнар ретінде Пайғамбарымыздың хадистеріне ғана
жүгінеді. Егер де қиссалар жайлы Пайғамбарымыздың айтқандары болмаса,
қиссаны дҽлме-дҽл қабылдауды жҿн санайды. Сонымен қатар, Құрандағы
бұрынғы
үмбеттер
туралы
айтылған
қиссалар
Пайғамбарымыздың
пайғамбарлығына бірден бір дҽлел болмақ. Ал егер де осыған сенімсіз хабарлар
қосылатын болса, қиссалардың жаңылыс түсіндірілуіне себеп болады дейді.
Сондай-ақ, Матуриди Салихтың (а.с.) мұғжизасы ретінде танылған аруана
туралы асыра сілтеп айтылған риуаяттарды терістейді.
Жоғарыда аталмыш екі мысалдан түсінгеніміздей, имам Матуриди
Исрайлұлдары туралы қиссалар мен олардың тарихы жайлы риуаяттарға
күмҽнді ҽрі «Исрайлиятқа»
мейлінше сақтықпен қарағандығын кҿреміз.
Имам Матуриди кез келген хабар/хадистің мазмұны аятқа сай келіп тұрса
да, оны аятқа «Кҿмекші» етіп кҿрсету дұрыс емес дейді. Негізі бұл ұстаным
қазіргі заман үшін де маңызды. Ҽуелі хадисті толықтай зерттеп болғаннан кейін
ғана ол туралы «Құранға кҿмекші» үкім беруге болады. Сондықтан да асығыс
қабылдаған үкімнің нҽтижесі оң бола бермейді.
Имам Матуриди мысал ретінде «Ағраф» сүресінің 204-аятын баяндайды.
Достарыңызбен бөлісу: