Қалмахан Ержан Сейтұлы



Pdf көрінісі
бет5/24
Дата10.03.2023
өлшемі407,48 Kb.
#73166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
 


12 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ИМАМ МАТУРИДИДІҢ
ҦСТАЗДАРЫ, ШӘКІРТТЕРІ
ЖӘНЕ ІЗБАСАРЛАРЫ 


13 
Ҧстаздары 
Имам Матуридидің үлкен ғалым ретінде жетілуіне кҿптеген ғұламалардың 
септігі тигендігі шүбҽсіз. Қайнар кҿздерде имам Матуридидің тізбесі имам 
Ағзам Ҽбу Ханифаға барып тіреледі. Олар:
1.
Ҽбу Ханифа (150/767) 
2.
ҽл-Имам Ҽбу Абдуллаһ Мұхаммед ҽл-Хасан аш-Шайбани (189/804) 
3.
Ҽбу Сүлеймен Мұса ҽл-Жүзжани 
4.
ҽл-Фақиһ ҽл-Имам Ҽби Абдуллаһ ибн Ҽби Бҽкір ҽл-Жүзжани (285/898) 
5.
аш-Шейх ҽл-Фақиһ Ҽбу Бҽкір Ахмед ибн Исхақ ҽл-Жүзжани (III/IX 
ғасырдың екінші жарты жылдығы) 
6.
Ҽбу Насыр Ахмед ибн ҽл-Аббас ҽл-Ийади (260/874) 
7.
Ҽбу Мансур ҽл-Матуриди 
 
Шәкірттері 
Имам Матуридидің ұстанымдарын шҽкірттері жалғастырған. Олар: 
1. Қазы Ҽбул Қасым Исхақ ибн Мұхаммед ҽс-Самарқанди (342/953).  
2. Ҽбул Хасан Ҽли ибн Саид ар-Рустуғфани ҽл-Ханафи (345/956).  
3. Ҽбу-л Лҽйс ҽл-Бұхари ас-Самарқанди (373/983). 
4. Ҽбу Мұхаммед Абду-л Кҽрим ибн Мұса ибн Иса ҽл-Паздауи (390/1000).  
5. Ҽбу Ахмед ҽл-Ийади (IV/X ғасырдың басы). 
 
Ізбасарлары 
Матуридилік жүйесі мен ҽдісін ұстанған жҽне осы жолда еңбек етіп 
танымал болған кҿптеген ғалымдар болған. Олардың ең бастылары мыналар: 
1. Садру-л Ислам Ҽбу-л Юср Мұхаммед ҽл-Паздауи (1027-1099). 
2. Ҽбу-л Муин Мҽймун ибн Мұхаммед ҽн-Нҽсафи (508/1114). 
3. Ферғаналық Сиражу-д дин Ҽли ибн Осман ҽл-Уши (Оши) (-1179). 
4. Ҽбу Мұхаммед Нурад-дин Ахмед ибн Махмуд ибн Ҽбу Бҽкір ас-Сабуни 
ҽл-Бұхари (580/1184). 
5. Камаладдин ибнул Хуммам (1388-1457).
6. Мұхаммед ибн Абдурразақ Хұсейн Забиди (1732-1791). 
7. Алауид-дин Ҽбу Бҽкір ас-Самарқанди (540/1145).
8. Бурхан ад-дин ҽн-Нҽсафи (687/1289). 
9. Ҽбул Бҽракат Хафизуд-дин Нҽсафи (-710/1310).
10. Молла Ҽли ҽл-Қари атымен танылған Ханафи фақиһ ғұламаларының 
бірі Ҽбул Хасан Нуруддин Ҽли ибн Сұлтан Мұхаммед ҽл-Қари (1014/1605) 
сынды тҽпсір, ҽдебиет жҽне тарих саласын жетік меңгерген ғалымдардың да 
Матуриди мектебіне сіңірген еңбегі зор.
Бұдан басқа бертін келе яғни, XIX-XX ғасырларда ғұмыр кешкен Абай 
Құнанбайұлы, Шҽкҽрім Құдайбердіұлы, Мҽшһүр Жүсіп Кҿпейұлы, Ыбырай 
Алтынсарин т.б. сияқты қазақтың қай ғұламасын алсаңыз да ақидада Матуриди 
сенімін, амалда ханафи мҽзһабын ұстанғандығы, яғни қазақ даласына 13 ғасыр 
бұрын келіп орныққан дҽстүрлі Ислам жолынан ауытқымағанына тарихи 
деректер айқын дҽлел. 


14 
Қорыта келе айтарымыз, түркі халқы мұсылмандарының арасында туған, 
қазіргі Ҿзбекстан ҿңірінен шыққан имам Матуриди фиқһ пен ақида саласында 
ханафилікті ұстана отырып, заманының қажеттілігіне орай, ақида саласын кең 
дамытты. Міне, сондықтан ақида саласында матуридилікті ұстанамыз. 
Матуридиліктің 
ҿзі 
Ҽбу 
Ханифаның 
кҿзқарасының 
негізінде 
қалыптасқандықтан мҽзһабы ханафилік деп аталып кеткен. Яғни оның жолы 
ханафиліктен бҿлек емес, қайта оның жалғасы.
Имам Матуриди заман талабына қарай исламды бұра тартпақ болған 
ағымдардың жаңсақ пікірлерінің мұсылмандар арасында таралуын тізгіндеу 
мақсатында, дҽстүрлі сүнниттік кҿзқарастың шеңберінен шықпай қажырлы 
еңбек етіп, жүздеген шҽкірт тҽрбиелеп, Орта Азияда ханафиліктің дамуына 
үлкен үлес қосқан ғұлама. 
Осы тұрғыда айналасына білім нұрын шашқан заңғар имам Ҽбу Мансур 
ҽл-Матуриди жайлы ҽрі оның қазіргі таңда қоғамға қажетті еңбектері жан-
жақты зерттеуді ҽлі де қажет ететін тың тақырып болып саналады.


15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет