20
Имам Матуридидің кӛзқарастары
Имам Матуридидің пікірлері кҿбіне каррамийлер
*
, шийіттер жҽне
мұғтазилаларға қарсы болған. Ҽсіресе, мұғтазила мҽзһабымен
келіспейтін
пікірлері кҿп болды. Имамның Самарқанд пен одан тысқары жатқан
мемлекеттердегі айтыстары мен пікір додалары кҿбіне-кҿп сҽттілікпен
аяқталып отырды.
Имам Матуриди Ислам шариғатын дұрыс түсіндіру үшін ақыл-ойға сүйену
керектігін алға тартты. Бұл жағынан алғанда, ол діни мҽтіндерді тек тура
мағынасында түсінуді құптайтын кейбір ғұламалардың ҽдістемесінен басқаша
жолды ұстанды. Мҽселен, «Ақыл-ойдың жаңылуы мүмкін, сондықтан нақылды
(Құран аяты мен хадисті) тек сҿзбе-сҿз түсіну керек»
деген пікірдің иелеріне
Матуриди «Китабу-т Таухид» атты еңбегінде: «...Бұл пікір (ақылмен ойлаудан
қашу) – шайтанның қатерлі тұзақтарының бірі. Ҿйткені ақылды қолдануға
қарсы келушілердің ҿздері ұстанымдарын ақтайтын ақылдан басқа ешқандай
дҽлел келтіре алмайды (олар осы қарсылықтарының ҿзінде ақылға жүгініп
отыр). Мұның ҿзі оларға ақылмен ойлаудың аса зҽрулігін мойындатуға
жеткілікті. Олар қалайша ақылға салып ойлауды жоққа шығарады. Аллаһ
Тағала құлдарын ойлауға шақырады, оларға ой
топшылау мен ақыл ізденісін
жасауды бұйырады, сол арқылы ғибрат пен үгіт-насихат алудың қажеттілігін
кҿрсетеді. Асылында ой-пікір мен ақылға салу ғылымның қайнаркҿздерінің бірі
екендігін дҽлелдейді» деп, нақты ҽрі қисынды тұжырымдарын алға тартады.
Алайда, мұның екінші жағы тағы бар. Егер кімде-кім аят пен хадистерге
сүйенуді теріске шығарып, адамның ақылы жете алмайтын дүниелерді, Аллаһ
Тағаланың бүкіл илҽһи хикметтерін ҿзінің шектеулі ақылымен түсінуді қаласа,
ҿз ақылына қиянат жасап, кҿтере алмас шоқпарды беліне байлағандық болады.
Олай болса ақылға сүйенгенде де шариғат шеңберінен
шығып кетпеу имам
Матуридидің ұстанымы болған.
Матуриди ақылдың жаңылысып, адасатынынан қорқып, «Шындықты
нақылдың тысынан іздемеу керек» деген ғалымдардың кҿзқарастарымен
келіспеген. Аллаһ Тағала Ҿз құлдарын ойлануға, ҿмірге үңіліп одан ғибрат
алуға шақырғанын алға тартып нақылмен қатар ақылды да дҽлел
ретінде
қабылдаған.
Мұғтазилит пен Матуриди мектебінің ақылды қолдану ҽдісінің арасында
үлкен айырмашылық бар. Мұғтазилиттер сенімге байланысты аяттар мен
хадистерді қате түсініп, тҽшбихке (ұқсату, теңеу) ұрынған жҽне ақылды мүлдем
жоққа шығарған ағымдарға қарсы шыққандықтан, ақылға шектен тыс
сүйенетінді шығарды. Тіпті, ақылды негізгі тҿреші етіп алды деуге болады.
Оларға классикалық ҽдіспен тҿтеп беру біршама қиындық тудырды. Осы
себепті, «Ҽһли сүннет» сенімін қорғау мақсатында жаңа ҽдіс тауып, иман
негіздерін түсіндіруде аят пен хадиске қоса, ақылға да орын беруге қажеттілік
туды. Матуриди мен Ҽшғари мектептері осы негізде қалыптасты. Имам
*
IX-XIII ғ-ларда Бағдат халифатының орталық жҽне шығыс аймақтарына тараған теологиялық бағыт.
Каррамияның негізін Ҽбу Абдулла Мұхаммед ибн Каррам қалаған. Мұхаммед ибн Каррам Аллаһ
Тағалаға
заттық бейне бергендіктен, Мужассима (Аллаһты жаратылғандарға ұқсатушылар) ағымынан саналды. Сондай-
ақ Исламның сенімдік жҽне ғибадат негіздерін ҿз кҿзқарастарына сай жорамалдады.
21
Матуриди ақида саласында аят пен хадиске қоса, дінді түсіндіруде ақылды да,
қажетті қағида ретінде пайдаланғанмен, ақылды ҿз орнымен қолданып, оған
шектен тыс басымдық бермеуге тырысқан.
Ақыл, Матуриди ұстанымының негізі болып саналады. Оның ойынша,
жақсылық пен жамандық ақылда топтасқан. Ақыл осы дүниеде оларды ажырату
факторы. Адам ақылы жаратылғандардан үстем тұрады. Себебі, ақылы болғаны
үшін оны қалай қолданғаны жҿнінде Аллаһ алдында жауапқа тартылады.
Сондай-ақ, Ислам ақидасы нақылға (аят пен хадистерге) негізделеді.
Матуриди дінді тануға мүмкіндік туғызған
екі негіз ретінде уахи мен
ақылды атап кҿрсетеді. Сонымен бірге, «Ғалымдар нақылға ғана жауапты
болмайды» деген кҿзқарасты сынайды. Бұдан ғалымның аят пен хадиске
ерекше мҽн бергенін кҿруге болады. Ақыл – діннің негізгі қайнары. Ақылды
адам міндетті түрде мынадай қорытынды шығарады:
сезімге ие болған
жаратылыстың міндетті түрде хикметі бар. Тіпті, ҽлемнің ҿзі белгілі бір мақсат
пен хикметпен жаратылған. Олай болса, ақыл мен ҽлемдегі хикметтер бір
арнада тоғысады дейді.
Адам баласын таухидқа (Аллаһтың жалғыздығына) жетелейтін бір жол
бар. Ол – ойлану. Ал бұл ақыл арқылы іске аспақ. Құран Кҽрімнің «Ҽли
Имран», «Ҽнғам» сүрелерінде
«Ойланбайсыңдар ма?», десе «Бақара», «Хұд»
жҽне «Жүсіп» сүрелерінде
«Ақылға салмайсыңдар ма?» деген аяттар
кездеседі.
Ҽрбір
адам ақылын дұрыс қолданса, хақ жолды табады. Ҿйткені, адам
болмысының бірден-бір ерекшелігі − оның ақылдылығында. Демек, адам
баласы ақылын қалай қолданса, сондай нҽтижеге қол жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: