Қалмахан Ержан Сейтұлы



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата10.03.2023
өлшемі407,48 Kb.
#73166
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
 
Иман жайлы
Иман сҿзі «сену», «нану», «сенімді болу» деген мағыналарды береді. Діни 
термин ретінде Аллаһ Тағаланың ҿсиеті мен оның елшісі Мұхаммед 
пайғамбардың айтқандарының барлығын жүрекпен толық қабыл алу.
Қазақ тілді сҿздіктерде кҿбіне осы діни терминдік мағынасында Ислам 
дініне қатысты қолданылып: «Иман – сенім, мұсылман дінінің құрамдас бҿлігі. 
Иман ұғымы – исламдағы ең қасиетті нанымдардың бірі...»; «Ислам дініндегі 
бес парыздың бірі, Аллаһ Тағаланың жалғыз, біреу екеніне, Аллаһтан басқа 
құдайдың жоқтығына, Мұхаммед пайғамбар оның елшісі екендігіне сену
мұсылмандықтың негізгі шарты...» деп түсіндіріледі.
Абайша айтқанда иман – Аллаһтың шҽриксіз, ғайыпсыз бірлігіне, 
барлығына жҽне пайғамбарымыз (саллаллаһу алҽйһи уҽ сҽллҽм) арқылы 
жіберген жарлығы мен білдіргеніне мойынсұнып иман ету. Яғни, Құдіреті 
шексіз Ұлы Жаратушының ешқандай серігі болмағанына, оның жалғыз екеніне, 
бастауы мен соңы болмаған, мҽңгі бар екеніне, одан ҽрі ҿз елшісі арқылы бізге 
кітап жібергеніне қалтқысыз сену. 
Сондай-ақ, жүрегімен толық қуаттамай тек тілімен ғана айтып мойындаса 
мүмин бола алмайды. Иманды қолмен ұстап, кҿзбен кҿру мүмкін емес. Ол тек 
жүрекпен сезіледі.


22 
Діни дүниетаным бойынша, иман кҿзбен кҿріп, қолмен ұстап кҿретін тек 
теориялық түрде расталатын мҽлімет емес, керісінше кҿзге кҿрінбейтін, қолмен 
ұсталмайтын бірақ бар екендігін адам ақылы жоққа шығармайтын кҿмескіге 
сену, оны шын ықыласпен қабылдап, күмҽнсіз жүрекпен бекіту деген ұғымды 
білдіреді. 
Осыған байланысты Құран Кҽрімде шынайы иман тікелей жүрекпен 
байланыстырылады: 
«...Ей, Елші! Саған тек ауыздарымен: «сендік»,- деп айтып, бірақ 
жҥректері сенбегендермен кҥпірлікке жарысқандар сені кейітпесін» 
(«Майда» сүресі, 41-аят). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет