Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет115/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   446
92 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
десетіні белгілі. Сол сияқты Абай да өзінің 
қара сөздерінде сұраулы сөйлемдерді ерекше 
экпрессиямен шебер қолдана білген. Олардың 
мазмұны да әрқилы болып келеді. Қара сөз-
дердің негізгі діңгегі осы сұрақтар десек, қате-
леспейміз. Өйткені автор оқырманға сұрақ 
қою арқылы өзін толғандырып ж‰рген келелі 
мәселелерді көтеріп, өзі сол сұрақтар төңі-
регінде сөз қозғаған, оқырманға ой салып, 
оның көкейінен орын тебуді көксеген. Сон-
дықтан да мұнда ашық мәнді сұрақтардан 
гөрі, риторикалық және к‰мәнді сұрақтар 
молынан пайдаланылған. Мәселен, алғашқы 
екі сөйлем сыртқы формасы жағынан ашық 
мәнді сұраққа ұқсағанымен, оның т‰пкі мақ-
сатының м‰лдем басқа екендігін әрі қарай оқу 
барысында аңғаруға болады. Мұндай сөй-
лемдер әдетте қара сөздің басында қойылып, 
негізгі ой осы сұрақтың жауабы төңірегінде 
өрбиді. Яғни, жауап к‰ту мақсатында емес, 
оқырманға аса маңызды жайтты хабарлау, 
оның санасына жеткізу мақсатында айтыла-
тын бұл сөйлемдерді риторикалық сұрақ деу 
орынды. Ал ‰шінші және төртінші сөйлемдер 
– қара сөздің соңынан орын алған сұрақтар. 
Олардың мән-мағынасы да өзгешелеу. Өйт-
кені мұндағы негізгі мақсат – әрі бірдеңенің 
жайын білу, әрі сол бірдеңеге байланысты 
автордың өз к‰мәнін жеткізуі. Олай болса, бұл 
сөйлемдер к‰мәнді сұрақты білдірсе керек.
Қара сөздерде сұрау есімдіктері есімшелі 
бастауыштармен де қатынасқа т‰сіп, баян-
дауыш қызметін атқарады. Мұндай сөйлем-
дерде жоғарыда аталған сұрау есімдіктерінің 
бәрі дерлік қолданылады. Олар атау к‰йінде 
сөйлемдегі ойды тиянақтау қызметін атқарады 
да, ал олардың бастауыштары, яғни, -ған, -ген, 
-тұғын формалы есімшелер тәуелденіп те, 
тәуелденбей де қимыл иесі болып келеді. Мы-
салы:
Осы елдің ‰нем қылып ж‰ргені 
немене
(Абай) 
Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа 
өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбары-
мызды т‰йенің жемтігіне көмген 
кім? (Абай)
Біз ортамызда бұл мархамат ғадәләтті 
иманның шартынан хисап қылмаймыз, оның 
‰шін муслим болғанда, Алла Тағалаға тәслим 
болып, оның жолында болмақ едік, болғаны-
мыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет