Жіктеу есімдігі. Жалпы есімдіктер қата-
рында сөйлем ішінде әлдеқайда белсенді қол-
данысқа т‰сетін сөздердің бірі ретінде жіктеу
есімдіктерін танимыз. Зерттеу еңбектерінде де
(А.Байтұрсынов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев,
М.Балақаев, Р.Әмір, т.б.) жіктеу есімдігі есім-
ді сөйлемдерде баяндауыш қызметін атқа-
ратын негізгі сөз табы ретінде ұсынылып ж‰р.
Қара сөздерде есімді сөйлемдер жасауға мен жіктеу есімдігі ғана қатысады және ол екі-ақ
сөйлемде кездеседі. Енді сол сөйлемдерге на-
зар аударайық:
Орынсыз, болымсыз нәрсеге ‰йір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, к‰нәкәрліктен, көр- сеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғы- руынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? (Абай) Жұмсақ төсекте, жылы ‰йде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып ж‰р- ген киімсіздің, тамақсыз аштың к‰й-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегін- де дөңбекшітетұғын – мен. (Абай) Бұл сөйлемдердегі предикативтілік есім-
шелі бастауыш пен жіктеу есімдікті баян-
дауыштың арасындағы байланыс арқылы ж‰-
зеге асып отыр. Мұндағы мен есімдігі қимыл
атауының объектісін білдіріп, сөйлемді тия-
нақтап тұр. Ал қимыл иесі – -тұғын формалы
есімшелер. Сақтайтұғын, құтқаратұғын, жи- ғызып алатұғын, дөңбекшітетұғын есімше-
лері субстантивтеніп барып, бастауыш қыз-
метін атқарып тұр. Жалпы есімшенің мұндай
формасы Абай тіліне тән ерекшелік болып
табылады. Менесімдігі өз бастауышымен ір-
гелес тұрып алғашқы сөйлемде көмекші сөз
бен сұраулық шылаумен тіркесу арқылы к‰р-
делі баяндауыш ретінде, ал кейінгі сөйлемде
нөлдік тұлғада дара бастауыш ретінде қол-
данылған. Ал енді семантикалық сипаты тұр-
ғысынан бұл сөйлемдерді, Р.Әмір айтқандай,
«ойдың бір құрамын – субъектіні, объектіні
актуализациялайтын типті» сөйлемдерге жат-
қызамыз[2]. Мұндағы актуализациялау қыз-
меті сөйлемдегі етістіктердің есімше форма-
сын алып, бастауыш қызметіне, ал мен есім-
дігінің баяндауыштық позицияға көшуіне бай-
ланысты ж‰зеге асып отыр. Яғни, мен жіктеу
есімдігі актуализацияланатын сөз (объекті)
дәрежесінде ойды тиянақтау қызметін атқа-
рады. Мәселен:
Жиғызып алатұғын –