Алматы №1 (135) 2012


мен. Мен жиғызып  аламын. Сілтеу есімдігі



Pdf көрінісі
бет113/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   446
 мен. Мен жиғызып 
аламын.
Сілтеу есімдігі. Сілтеу есімдіктері де – сөй-
лемде баяндауыш қызметінде молынан жұм-
салатын сөз табы. Аттрибутивтік сөздер қата-
рына жататындықтан, сілтеу есімдіктері, негі-
зінен, анықтауыш қызметін атқаруға тиіс. Со-


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 91 
ған қарамастан бұл сөздер сөйлемде баян-
дауыш болып, есімді сөйлем құрауға да қаты-
сады. Қара сөздерде ойды тиянақтаушы сөз-
дер ретінде осы, сол, анау есімдіктері кезде-
седі. Олар «адам» деген ұғыммен байланысты 
да, жансыз нәрселермен байланысты да қол-
даныла береді. Бұл есімдіктердің баяндауыш-
тық қызметін екі жақты қарастыруға болады. 
Біріншіден, сілтеу есімдігі-предикат пен субъект 
заттың қатынасы, екіншіден, сілтеу есімдігі-
предикат пен қимыл-істің қатынасы. Алғашқы 
жағдайда сілтеу есімдікті баяндауыштардың 
бастауышы атау тұлғалы зат есімнен болып 
келеді. Мысалы: 
Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар 
біледі, салтанат, әсем де 
соларда. (Абай) 
Ұят кімде болса, иман 
сонда. (Абай)
Іздеген еліміз 
сол ма?(Абай)
Ұялған десек, хадис анау, жақсылардан 
қалған сөз 
анау. (Абай) 
Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, харе-
кеті де 
сол. (Абай)
Бұл сөйлемдердегі сілтеу есімдікті баян-
дауыштар нөлдік тұлғада да, көптік тұлғада 
да, септік тұлғада да жұмсалған. Ал олардың 
бастауыштары атау к‰йінде тұр. Яғни, сілтеу 
есімдіктерінің баяндауыш болып келуінің 
бірден-бір шарты – бастауыш зат есімнің атау 
формасында жұмсалуы. Осы тұлғалық ерек-
шеліктерінен келіп, сілтеу есімдікті сөйлем-
дердің мағыналық сипаты айқындалады. Жо-
ғарыдағы сөйлемдердің семантикалық мәні 
субъект зат пен оның әр алуан қасиеттерінің 
қатынасына негізделген. Нақтырақ айтсақ
нөлдік тұлғадағы сілтеу есімдікті сөйлемдерде 
баяндауыш субъект затты көрсету, соған 
нұсқау мағынасын білдірсе, жатыс септіктегі 
сілтеу есімдікті баяндауыштар субъект заттың 
кімге тиесілі екенін меңзеп тұр. Сондай-ақ 
баяндауыш қызметіндегі сілтеу есімдіктері өз 
бастауыштарымен қатар қолданыла отырып, 
ой екпінін өздеріне қарай тартқыш келеді.
Ал екінші жағдайда сілтеу есімдікті баян-
дауыштың бастауышы есімше тұлғалы болып 
келеді. Мәселен, мына сөйлемдерге көңіл ау-
дарайық: 
Кітаптың айтқаны – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет