Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 93
туализацияланған сөз дәрежесінде қимыл
атауының объектісін білдіреді. Ал
белгісіздік
есімдікті баяндауыш есімдікті бастауышымен
де шылауы арқылы предикаттық қатынасқа
т‰сіп, субъект-заттың беймәлім жай-к‰йін
меңзеп тұр.
Сонымен, Абайдың қара сөздерінде есімді
сөйлемдердің ішінде есімдікті сөйлемдердің
әлдеқайда жиірек
кездесетіндігіне анық көз
жеткізе отырып, оның өзіндік ерекшеліктерін
былайша саралауға болар еді:
- есімді сөйлем құрауда сілтеу және сұрау
есімдіктері жиі кездеседі;
- есімдіктер нөлдік, тәуелдік және септік
тұлғада ойды тиянақтайды;
- есімдіктер
шылау мен көмекші сөздер-
мен тіркесіп, есімді сөйлем құрайды;
- есімдіктер, негізінен, сөйлемде
-тұғын
формалы есімшеден
жасалған бастауыштар-
мен предикаттық қатынасқа т‰сіп, ойдың бір
құрамын актуализациялайтын типті сөйлем-
дер құрайды;
- есімдіктер өз бастауыштарымен іргелес
қолданылып, ой
екпінін өздеріне қарай тарт-
қыш келеді;
- айтылу мақсатына қарай есімдікті есімді
сөйлемдер хабарлы және сұраулы болып ке-
леді;
- есімдікті есімді сөйлемдер, негізінен,
жай сөйлем т‰рінде
кездеседі, құрмалас сөй-
лемдер де бар, бірақ олар аздау.
_______________
1. Сайрамбаев Т., Оңалбаева К. Есімдер синтаксисінің
кейбір мәселелері. Алматы, 2005.
2. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983.
Достарыңызбен бөлісу: